Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының өкілі Аяулым Ермекқызы дін жолында ұстаздық етіп жүрген Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінен Диана Қуанышқызы және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінен Жансая Салауатқызының атқарып жатқан жұмыстарының жемісін көрсетті.
Бұл шараға отызға жуық шәкірт қатысып, өздерінің қарым -қабілеттерін танытты. Онда ұстаздың қадірін білу және шәкірт пен ұстаздың арасындағы қарым қатынасты көрсететін көрініс ұйымдастырылды.
Сонымен қатар жастардың діни жат ағымдардан бойларын алшақ ұстау және басқа да маңызды жайлар айтылып, қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйді.
Осы басқосудан соң дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі