ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы дүниежүзілік хижаб күніне орай «Шариғат шәлісі» атты мерекелік шара өткізді.
Бұл танымдық-тағылымдық жағы мол басқосуға мешіт шәкірттері, жасы үлкен аналар мен аяулы әжелеріміз де қатысып, өздерінің үлестерін қосты.
Жиналған қауымға алдымен қасиетті Құран оқылды. Содан кейін бейне ролик көрсетілді. Сонымен қатар жұртшылықтың ой-өрісін кеңейтер викториналық ойындар өткізілді. Мақаламыздың тақырыбы айтып тұрғандай орамал тағудың түрлері де қатысушыларға көрсетілді.
Үлкендердің ұлағатты сөздерін естіп өскен ұрпақ емеспіз бе. Шараға қатысқан апалар мен әжелер сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа ақ баталарын берді.
Осынау кеш соңында хна салу жайы көрсетіліп, мәртебелі қонақтарға дастархан жайылды.
Міне, осылайша әлем бойынша мұсылман орамалы күнінің құрметіне арналған Қостанай өңіріндегі игілікті шара жоғары деңгейде өткізілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі