Дін қайраткерлері Суриков ауылына қайырымдылық көмек көрсетті
Атамыз қазақ «Апат айтып келмейді» дейді. Себебі, ешкім де алдында не күтіп тұрғанын білмейді.
Облыс орталығынан алпыс шақырымдай жерде жатқан Қостанай ауданының Суриков елді-мекенінде су көбейіп кетіп біраз тұрғындар баспанасыз қалғанын баршамызға мәлім.
Жерлестерміздің басына түскен мұндай жағдайға бей жай қарай алмаған облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы және қалалар мен аудандардың мешіт қызметкерлері мен дін өкілдері қолдау көрсету мақсатында «Жомарттық жұмаққа жетелейді» деген тақырыппен тағы да қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамының өзі бас болып, аталған елді-мекенде болды. Ондағы қиыншылықты бастан кешіп отырған тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, олардың қиыншылықтарын бөлісуге тырысты.
Су тасқынының зардабын тартқан азаматтар өздеріне қайырымдылық көрсеткен дін қайраткерлеріне шексіз алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі