Өңірімізде аудандар мен қалалардың дін қайраткерлері жұртшылықпен жүздесіп, маңызды тақырыптар бойынша әңгімелер өткізуде.
Мәселен, жуырда Федоров ауданының Бас имамы Абзал Сұлтанғалиұлы аудандағы №2 қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Бұл басқосуда ол Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өнегелі өмірінен уағыз айттып, білім ордасының шәкірттеріне үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету және әрқашан да кешірімді болу жөніндегі өзінің ойларын білдірді.
Осы жүздесуде бас имамға оқушылар көкейде жүрген сауалдарын қойды. Осы сұрақтарға дін қайраткері өмірден нақты мысал келтіре отырып, жауап берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі