Ауданымыздың белгілі кәсіпкері марқұм, Омаров Төребек Балмағамбетұлы дініміз бен мешітіміздің жанашыры еді. Былтырғы жылы мешітімізге компьютер сыйласа, биылғы күрделі жөндеу жұмыстарына да қарап қалмай көмектескен еді. Тағдырға не шара жүрек талмасынан о дүниелік болды. Былтырғы жылы мешітімізге копьютер сыйлағанда Фрунзе ауылындағы «Аят» намазханасына да келесі жылы сыйлаймын деген болатын. Бірақ ол арманын орындай алмады. Дегенмен ол арманын отбасы мен балалары орындады. Жақында жары Қаламқас, балалары Қанат, Қайрат әке аманатын орындап «Аят» намазханасына компьютер сыйлады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі