Жуырда ҚMДБ-ның тапсырмасы бойынша облыстың бас имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы және наиб имам Асқар Мейрамбекұлы облыстық дін істері басқармасының өкілі Сапарғали Әбдиев Қостанай шахарындағы қайырымдылық мекемесінің басшысы және ұстаз-шәкірттерімен жүздесті.
Бұл жылы жүзді кездесуде бас имам «Бірлік, ынтымақ және салт-дәстүр» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Алдағы уақытта облыстық «Марал ишан» мешітімен арадағы тығыз байланыс нығая беретіндігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар аталмыш қайырымдылық мекемесінің шәкірттеріне облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы болашақта бекітілген жоспар бойынша түрлі тақырыптарда дәрістер жүргізілетіндігін түсіндірді.
Қостанай облыстық дін істері басқармасының өкілі Сапарғали Әбдиев басқосуда келешекте бір мақсат, бір мүдде жолында ынтымақпен жұмыс істеуге шақырды.
Өздеріне айтылған ізгі тілектерге дән риза болған мекеме басшысы қонақтардың барлық ұсыныстарын қолдайтындықтарын білдірді.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі