Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы жауапты қызметке кіріскелі бері еліміздегі барша имамдардың білімін тереңдетуге ерекше назар аударып келеді.
Соның бір жарқын айғағы ретінде аталған басқарманың тікелей жолдамасымен Қазақстаннан 24 имам Түркияның Бурса қаласында 2 айлық курсында өздерінің білімдерін тереңдетті.
Олардың қатарында Қостанай облысы Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Нұрқанов та болып, арнайы сертификат алды. Осы аталған мерзім ішінде елімізден барған дін қайраткерлері қаншама әсерге бөленді.
- Түркия елі бізді ерекше бауырлық сезіммен қарсы алды. Түбі бір түркі тілдес халықтар болған соң бізге де құрметтері де ерекше екені айқын сезіліп тұрды. Ол мемлекетте мешіттер өте көп. Қасиетті жұма күні жұртшылық киелі орынға таңертеңнен бастап суша ағылады,- деп сыр шертеді Сейіт Нұрқанов өз әңгімесінде.
О.Жабайтегі