Қостанай өңірінде де дін саласын жетік білетін мамандар қатары жылдан-жылға артып келеді. Өйткені, еліміздегі діни білім ордаларында қаншама дарынды жастар білім алып жатыр.
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтің арнайы бұйрығымен Қайрат Ердосов Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітіне бас имам болып тағайындалды.
Оны аталмыш мешіттің қызметкерлеріне облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек таныстырып, әріптестеріне жауапты жұмыстарында сәттілік пен табыс тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі