31 мамыр – саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні екендігі белгілі. Сондықтан қалалық мұражайда сонау қазақ халқына үлкен қиындық тудырған кезеңдердегі азаматтардың рухына тағзым ету бәріміздің де басты парызымыз.
Жақында қаладағы мұражайда «Қуғын – сүргін жылдарындағы тағдырлар» деп аталатын дөңгелек үстел болып өтті. Бұл жүздесуге «Нұр Отан» партиясының өкілдері, № 3 қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушылары, ұстаздар, мұражай қызметкерлері және Елдес Омаровтың туған жиені Ғарапа Жәкенова қатысты.
Басқосуда жұртшылық өткен тарихқа көз жүгіртіп, сол бір ауыр шақтарды еске түсіріп, сыр шертілді. Әсіресе жерлесіміз Елдес Омаров жайлы мағлұмат өте қызықты да әсерлі болды.
Мешіт имамы Серік Темірбекұлы «Өткенге құрмет» тақырыбында тұшымды уағыз - насихат айтты. Соңынан «Қанмен жазылған хат» фильмі көрсетілді.
Мұндай кездесу барлық қатысушыларға үлкен ой салғандығы ақиқат.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі