Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
01 10.15

Өкіл имамның ауданға сапары

Облыс орталығынан едәуір жерде жатқан Денисов аудандық мешітінің бас имамы Ерік Ыбрай осында қызметке кіріскелі бері жұртшылықтың есінде қаларлықтай игі істерді атқарды.

Солардың қатарында киелі орынды жөндеу жұмысы да бар еді. Бұл көптен бері ойда жүрген маңызды мәселе де шешімін тапты. Мешіт көпшіліктің жиі келетін орнына айналды. Жергілікті азаматтар да шама-шарықтары келгенше бас имамға қолдау көрсетіп, жанынан табылды.

Жақында облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек аталған аудандық мешіттің жөндеу жұмысынан кейінгі салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Онда барша мұсылман қауыма ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ, бас имам үнемі мешітке жанашырлық танытып келе жатқан аудан әкіміне қасиетті Құранды тапсырды. Имандылық орнына демеушілік жасаған азаматтарға да шынайы лебізін білдіріп, алғыс хаттарын табыс етті.

- Өз басым мақтанудан аулақпын. «Көп түкірсе көл» демекші, біздің мешітке азаматтық қолдау көрсетіп, дер кезінде қамқорлық танытқан барша бауырларымызға алғысымыз шексіз. Оларға Алланың нұры жауа берсін, - дейді мешіттің бас имамы Ерік қажы Ыбрай.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Имамдар іске кірісті
келесі жаңалық
Қажылық миссиясы: Қажылар елге оралуда

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником