Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
04 11.22

Науырзымда өткен Мәуліт

Науырзым аудандық “Түркебай ата” мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне есте қаларлық мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Аса маңызды жиында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбекқажы Тәжімбет, аудан әкімі Қайрат Әбішев сөз сөйлеп, жұршылықты құттықтады.

Сондай-ақ еліміздегі «Ел үлесі-пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында көмекке мұқтаж 1 отбасына үйдің кілті табыс етіліп, жанұя мүшелері үлкен қуанышқа кенелді.

Аудандық мешітте әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы 11 шаңырақ иелеріне күнделікті тұтынатын азық-түлік берілді.

Жергілікті «Шапағат» кафесінде 200 адамға дастарқан жайылды. Мұнда алдымен ұлы Мұхаммед Пайғамбарымызға Құран бағышталды. Өңірімізге белгілі имамдар Нұрбол Балахмет пен Дархан Сыздықовтар «Салауат шариф» оқыды.

Ас барысында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы көпшілікке уағыз-насихат айтты. Мәуліт кешінің жоғары деңгейде өтуіне лайықты үлестерін қосып, демеушілік жасаған бауырларымызға Алғыс хаттарды тапсырды.

Ұлттық спортымыз қазақ күресіне арналған «Түйе палуан» сайысы көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Жарыста 70 келіге дейін және одан жоғары салмақта палуандар бақ сынасты.

Сайыс қорытындысында қадірменді ақсақалдар жеңімпаздардың иығына шапан жапты. Бас имам топ жарған азаматтарға ақшалай сыйлықты тапсырып, олардың мәртебесін асқақтатты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Облыстық интеллектуалдық сайыс
келесі жаңалық
Қазандағы қайырымдылық

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником