Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай өңіріндегі дін қызметкерлері Ұлы Пайғамбарымыздың туған күні, яғни Мәуліт мерекесінің есте қаларлықтай болуына айрықша назар аударды.
Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігінің бастамасымен барша аудандық, қалалық, кенттердегі мешіттерде мәуліт мейрамына орай салауат шәриф оқылды.
- Қасиетті жұма күні өңірдегі бүкіл имандылық ордаларында Мұхаммед Пайғамбарымыздың өмірін насихаттауға бағытталған тағылымдық жағы мол ғибраттық шаралар ұйымдастырылды, - деді облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Балахмет.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі