Есімі елімізге кеңінен танымал, республикалық «Үздік қала имамы» номинациясының жеңімпазы Шоқан қажы Әмірханов басқаратын мешіт ұжымы қасиетті Рамазан айы басталғалы бері «Алтын алма, алғыс ал» деген қағиданы берік ұстанды.
Оразаның аяқталуына жақын қалғанына қарамастан қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып, әлеуметтік жағынан аз қорғалған шаңырақ иелерінің шынайы алғысына бөленіп келеді.
Өткен апталарды айтпағанның өзінде, осы таяуда ғана көмекке мұқтаж 10 отбасына 100 мың теңгенің азық-түлігін табыс етті. Олар мешіт қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі