Қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Әмірханов өзі басқаратын ұжымдағы негізгі міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың еңбегін бағалауға айрықша көңіл бөледі.
Жуырда жыл қорытындысын шығара келіп, әрдайым жұртшылық құрметіне бөленген қызметкерлерге Алғыс хат тапсырып, мерейлерін асқақтатты.
Қазақ "Бірлік бар жерде тірлік бар" дейді емес пе. Мешітке жамағаттардың ықыласы ерекше болса, мұндағы ынтымақ пен сыйластықтың нәтижесі дер едік.
Жиын соңында Бақыт қажы ақ батасын беріп, барша марапат иелеріне мықты денсаулық, халық игілігі жолындағы қызметтерінде табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі