Наурыз мейрамына санаулы күндер ғана қалды. Алайда, оның қарсаңында елімізде көрісу секілді салт-дәстүрлеріміз басталып та кетті.
Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошан жергілікті кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Амал» мерекесіне қатысты.
Бұл танымдық жағы мол іс-шараға асыл да ақжаулықты аналарымыз бен құрметті меймандар шақырылды. Мұнда бас имам жиналғандарды наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Басқосу барысында қазақтың ежелден келе жатқан жас келіннің бетін ашу, бата беру сынды аса мағыналы да тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлеріміз көрсетілді.
Сонымен қатар екі топқа бөлінген қонақтар арасында қазақ халқының әдет-ғұрпына байланысты викториналық ойындар өткізіліп, жұртшылық таным көкжиегін кеңейтті.
Бас имам Еркебұлан Қошан алдағы Рамазан айына байланысты сауалдарға жауап берді. Қатысушылар мерекеге орай жайылған дастарқандағы наурыз көжеден дәм татты. Аға-буын өкілдері бата жасады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі