Жақында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жылдық жоспарға сәйкес дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыруға байланысты «Білімді имам- қоғам айнасы» атты курс өткізілді.
Курс бағдарламасына орай алғашқы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі оқу ағарту бөліміне жауапты Тимур Туребаев «Құран және тәджуид ережелері» жөнінде, ал облыстық мешіттің істер бойынша білікті маманы Қанат Орынтайұлы концептуалды құжаттар бойынша семинар өткізді.
Келесі күні аталған мешіттің ұстазы Нұрлан Сейдағалиев «Фиқһ» бойынша және «Ихсан және насихат» бөліміне жауапты Абзал Бейсекеев «Ихсан-рухани тәрбие» тақырыбында баяндама жасады.
Екі күндік семинарға өңіріміздегі мешіттердің найб имамдары мен ұстаздары, азаншылары қатысты. Олар білімдері мен біліктіліктерін көтеруге арналған жиыннан көп жайды көңілдеріне түйді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі