Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» бөлімінің Қостанай облысындағы жетекшісі Әлішер Ертайұлы Лисаков қаласында арнайы іс-сапармен болды.
Ол шаһардағы «Әбіхайм Саламатұлы» мешітінде «Акцент» телеарнасының ақпараттық бағдарламасында «Халал Даму» бөлімінің жұмысы, Қостанай облысында қаңдай мекемелер сертификат алғандығы жайлы мазмұнды сұхбат берді.
Сондай-ақжергілікті телеарнаның «Тіл және уақыт» бағдарламасында «Мұсылман адамның Халалға жақын, харамнан алыс болуы» тақырыбындағы әңгімесі де көрермендерге үлкен ой салды.
Әлішер Ертайұлы Лисаков қаласында орналасқан «Довлан» базарындағы халал ет сататын дүкенге де арнайы ат басын бұрды. Кездесу нәтижесінде сауда орнының Халал стандартына сай келуіне байланысты тиісті сертификат алуға ниетін білдірді.
Лисаков қаласының Бас имамы Сабыржан Есмурзин халал стандарттарына сай жұмыс істейтін мұндай дүкендер халыққа жақсы болатынын атап өтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі