Науырзым ауданының Өлеңді ауылында екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күні – Мәуліт мерекесі ойдағыдай аталып өтті.
Онда мереке құрметіне арнайы жайылған ақ дастархан басындағы іс-шараны мектеп директоры Жомарт Амантайұлы жүргізіп отырды. Ал ауыл әкімі Ашис Орманов жиылған жамағатты осынау мейраммен шын жүректен құттықтады.
Ешмұрат Расулхан Пайғамбарымыздың өмірбаяны жайлы баяндады. Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы және ауыл молдасы Қадірбек ақсақал хадистермен мысал келтіре отырып, терең ойға қалдырған уағыз айтты.