Жақында қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Бақытжан қажы Икрамның ұйытқы болуымен өзгелерге ғибрат боларлық игілікті шара жүзеге асырылды.
Арамызда ғұмыр кешіп жатқан шешен ұлтының өкілі Заур Итаев зекет берді. Бұл кәсіпкер 15 адамның әрқайсысына 100 мың теңгеден қаражат бөлді.
Осынау жүрегі жомарт жанның Ораза кезіндегі қайырымдылық садақасының сауабы өзіне Алладан еселеніп қайтуына тілектеспіз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі