Мәуліт мерекесінің қадірменді қонағы ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілі имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы бастаған қала, аудан бас имамдары және аудан тұрғындары жиынға қатысты. Ол Құран оқудан басталды.
Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтандыруға шақыру.
Облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет жиылған жұртшылықты Мәуліт мерекесімен жүректен құттықтады. Пайғамбарымыздың мейірімді мінез мен адалдығы жайында және де бала тәрбиесіндегі теріс және оң тәрбиенің ара-жігін ажырата білу қажеттігін тілге тиек етті.
Онана соң Денисов ауданының депутаты Алпамыс Мырзабаев та жұртшылыққа өзінің ең ізгі тілегін жеткізді.
Жалпы, Мәуліт мейрамын өткізу барысында иләһи әндер айтылып, жыр- термеден шашу шашылды және Мұхаммед (с.ғ.у.) Пайғамдарымыздың құрметіне ас берілді.
Іс-шара соңында Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан Ғалымұлы барша қонақтарға алғысын білдірді.