Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітіне қасиетті жұма күні халық көп жиналды.
Онда намаздан кейін жамағатқа ыстық тамақ пен тәтті сусындар таратылды.
Көпшілік қауым имандылық ордасының қызметкерлері мен демеушілік еткен азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.




Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы қасиетті Рабигуль айында Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күнін атап өтті.
Қонақтар шешен қауымдастығы жамағатының Мәуліт шарифі мен мешіт шәкірттерінің салауат- сәлемін ұйып тыңдады.
Бас имам Шоқан Ғазизұлы үгіт-насихат айтты. Мерекенің соңында Тұрғын ақсақал бата берді. Жиналғандар кешкі намазын оқып, көңілді тарқасты.




Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Мехди Иманипурды қабылдады.
Қабылдауда мәдениет пен ғылым саласындағы ықпалдастық, діни-ағартушылық жобаларды жүзеге асыру және рухани мұраларды насихаттау мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың ортақ бағыттарын айқындап, болашақта бірлескен бастамаларды қарастыруға ниет білдірді.







Дереккөз: БАС МҮФТИ ИРАН ӨКІЛІ МЕХДИ ИМАНИПУРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ , Muftyat.kz
Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Финляндия архиепископы Тапио Юхани Луомамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қоғамның тұрақтылығы мен адамзаттың ортақ құндылықтарын қорғаудың өзектілігін атап өтті. Архиепископ форумды халықтар мен мәдениеттерді жақындастыратын маңызды алаң деп бағалап, Қазақстанның осы бағыттағы тәжірибесін қолдайтынын жеткізді.
Сонымен қатар съездге Финляндия елінің ресми өкілі ретінде қатысқан мәртебелі қонақ Финляндия мұсылмандарының да Қазақстан халқына арнайы сәлемін жеткізді.









Дереккөз: ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ФИНЛЯНДИЯ АРХИЕПИСКОПЫМЕН КЕЗДЕСТІ , Muftyat.kz
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылу рәсімі өтті. Айтулы шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы екі күнге созылған съезд жұмысын қорытындылап, түрлі дін өкілдерін бір арнаға тоғыстырған форумның маңыздылығына тоқталды.
«Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы – соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де – осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті», – деді Президент.
Жабылу рәсімінде бірқатар мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, форум жұмысына жоғары баға берді.
Алқалы жиында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің қорытынды Декларациясы қабылданды.












Дереккөз: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІ АЯҚТАЛДЫ , Muftyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы "Darhan Dala" жобасы аясында Қостанай облысындағы Жангелдин және Арқалық аудандарының жамағаттары Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы мен Кейкі батырдың кесенесіне зиярат жасады. Онда ұлы тұлғалардың рухына Құран бағышталды.
Мешіттердің Бас имамдары жұртшылыққа кесенелерді таныстырып, зиярат етудің әдебі жөнінде уағыз- насихат жүргізді.









Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ICESCO) бас директоры Салим бин Мұхаммед әл-Малик мырзамен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық, мәдени мұраны сақтау және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ислам әлеміндегі бірлік пен өзара түсіністікті нығайтудың маңызы атап өтілді.






Дереккөз: СЪЕЗД АЯСЫНДА БАС МҮФТИ ICESCO БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ , Muftyat.kz
Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Индонезия Ғұламалар Кеңесі төрағасының орынбасары Әнуар Аббас екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында тараптар құжаттың өзара ынтымақтастықты арттыруға бағытталғанын атап өтіп, бейбітшілікті ілгерілету мен «Ихсан» ілімі аясындағы серіктестікті кеңейтуге ниетті екендіктерін білдірді.
Сондай-ақ келіссөздерде радикализмнің алдын алу, пәтуа және шариғат саласында тәжірибе алмасу, өркениетаралық диалогты дамыту, жасанды интеллектті пайдалана отырып ислам құндылықтарын насихаттау мәселелері қаралды.
Меморандум қазақ, индонезия және ағылшын тілдерінде әзірленді.








Дереккөз: ҚМДБ МЕН ИНДОНЕЗИЯ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ , Muftyat.kz