Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында қасиетті Құранның 20 парасын жатқа оқудан жарыс өткізілді.
Оған мектеп жасындағы ер балалар қатысып бақтарын сынады. Өз кезегінде олар қасиетті Құранан алған ілімі мен қабілетіне қарай жаттаған, білгенін аянбай ортаға салды. Осылайша жүзден жүйріктері әділ-қазылардың шешімімен анықталды. Атап айтқанда:
Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды жеңіп алған Арсен Ермағанбетке, ІІ орынды иеленген Ералы Ибраевқа және ІІІ орындағы Ғалинұр Нұрғазиевке қаржылай марапат жасалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Елімізге танымал дін қайраткері, қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын имандылық ордасының қызметкерлері өскелең ұрпаққа рухани, адамгершілік бағытындағы тәлім-тәрбиені жандандыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.
Қазір де қыруар істер тындырылып, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде. Олардың келешекте де жүзеге асырсақ деген жоспарлары ауқымды. Мәселен, бұқара халыққа және жастарға пайдалы ақыл-кеңес беретін «Аталар мектебі» құрылып, өңірлерде арнайы семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ.
Қалалық мешіт қызметкерлеріне қолға алғалы отырған ізгі жұмыстарыңызда табыстан - табысқа жете беріңіздер демекпіз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет облыстық «Қостанай таңы» газетінің директор – бас редакторы Кенжеш Аманованы қабылдады.
Онда белгілі дін қайраткері мен басылым басшысы алдағы уақытта Ислам дінін өркендету, теріс діни ағымдардың алдын алу, жалпы руханият саласын жандандыру жайлы пікірлесіп, ойларын ортаға салды.
Өкілдіктегі кездесу өте әсерлі де мазмұнды өтті. Болашақта да осындай жүздесулер жалғасын таба бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қоғам шағын отбасылардан құралады. Ал жанұялардың берік болуы мен ұрпақтардың тәрбиесі ақ жаулықты аналардың таным-түсінігіне, білім-білігіне, ибалылығы мен инабаттылығына әбден байланысты.
Жуырда аудандық мешітте өткізілген шараның да айтары мол. Имандылық ордасындағы басқосудан нәзік жанды қыз-келіншектер көп жайды көңіліне түйді. Мұнда «Ана болудың діндегі орны» атты тақырып әңгіме арқауына айналды. Айтылған уағыз-насихаттар қатысушылардың көңілінен шықты.
Бұл кездесу шаңырақтың шырайын келтіріп отырған қазақ қыздарын терең ойға қалдырды. Өздерін толғандырған сауалдарға тиянақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында киелі Түркістан шаһарында есте қаларлықтай айтулы оқиға болды. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кезінде Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне табыс етті.
Осынау рухани іс-шараға Кенесары хан мен Марал ишан бабамыздың ұрпақтары және зиялы қауым қатысып, тарихи сәтке куә болды. Қостанай облысынан барған белгілі қоғам қайраткері, дін жанашыры Оралхан Таңжарықов, қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев және Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Ажмахан, журналист Қыдырбек Қиысхан сапардан үлкен әсермен оралды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрбол қажы Балахмет жергілікті «Жастар» ресурстық орталығында жастармен кездесті.
Жүздесу барысында дін қайраткері деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зардабы туралы баяндады. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды.
Жалпы, кездесу қызықты әрі тартымды өтті. Жастар көп жайды көңілдеріне түйді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қалың жұртшылыққа Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде екі айлық қала және ауданаралық білім жетілдіру курсы өз жұмысын бастағаны белгілі.
Соған байланысты имандылық ордасында "Шынықсаң-шыңға жетесің" деген атпен жамағат пен шәкірттер арасында волейболдан спорттық шара ұйымдастырылды.
Ойын өте тартысты өтті. Қатысушылар өздерін жан-жақты көрсетті. Сөйтіп, өзара сыйластықтары мықты екендігі дәлелденді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылында Мәуліт мерекесі аталып өтті. Оған өңірімізге танымал дін қайраткерлері, белгілі азаматтар және жергілікті мұсылман бауырларымыз қатысты.
Жиналған қауымды облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Әлішер Балахмет пен ауыл әкімі Жаннай Қайырбайұлы мейраммен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына ырыс-береке, молшылық тіледі.
Сонымен қатар осы айтулы басқосуға «Жайлаубай ата», «Марал ишан», «Маңдай батыр» мешіттерінің Бас имамдары Шоқан қажы Әмірханов, Бектұрсын қажы Торғайбайұлы, Дархан қажы Манарбекұлы арнайы шақырылды.
Мәуліт кеші өте тартымды да әсерлі өтті. Елді мекен тұрғындары олардың ұлағатты сөздерін ұйып тыңдап, көп тағылым алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Есенгелді қажы Сақтағанұлы Бас имам болғалы бері Ұзынкөл ауданының жұртшылығын имандылыққа шақыруда, адамгершілік пен кісілікті ту етіп ұстауда қаншама игі істерге мұрындық болып келеді.
Мәселен, таяуда ғана жергілікті мешітте ауданның жастары мен жас отбасылары басқосты. Жиында «Ішімдіктің зияны» және «Біз есірткіге қарсымыз» атты тақырыптар қозғалды.
Тәрбиелік мәні ерекше уағыз-насихатты қатысушылар ұйып тыңдады. Мешіт қызметкерлері олардың қойған сауалдарына нақты мысалдармен жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы жергілікті Шоқан Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектепте болды.
Ол онда жоғары сынып оқушыларымен кездесуде жат ағымның тигізетін зардабы жөнінде айта келіп, шаһардағы мешітпен тығыз байланыста болу керектігін еске салды.
Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үстіміздегі жылғы «Ізгі қоғам» бағдарламасы аясында да тілге тиек етті. Оқушылардың қойған сауалдарына нақты жауап берді.
Білім ордасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибәділдәқызы бас имамға мазмұны терең әңгімесі үшін мектеп ұжымы және оқушылары атынан шынайы алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі