Даңқты жерлесіміз дарынды ақын, белгілі публицист, шебер аудармашы Ғаббас Жұмабаев үстіміздегі жылы 100 жасқа толды. Соған орай қасиетті жұмада оның кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданының орталығы Боровской селосында мерейтойы аталып өтілді.
Алыс-жақыннан келген қонақтар мен туыстары алдымен жергілікті «Қарамақы» мешітінде болды. Онда бас имам Жандарбек Әмірхамзин үлкенді-кішілі қауымды жылы жүзбен қарсы алып, талантты қаламгердің өмір жолына жан-жақты тоқталды. Оның елі мен халқына сіңірген еңбегі, артында қалдырған мол рухани мұрасы жайлы баяндады.
Сондай-ақ ғасырға толған тұлғаның әруағына бағыштап құран оқыды. Ұрпақтарына ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тіледі.
Содан кейін артында өшпес із қалдырған жерлесімізге арналған салтанатты жиын мен тағылымды рухани шаралар оның есімі берілген білім ордасында жалғасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі