Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Жақында Елбасының тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Толымды мақалада мемлекет басшысы халық көкейінде жүрген көптеген дүниелерді тілге тиек етті.

Өзім осы мақаланы ерекше ден қойып оқыдым. Содан кейін өз ойымды ортаға салғанды жөн көріп қолыма қалам алдым.

Ең алдымен Алланың нәсіп етуімен ата-бабаларымыздың аманат еткен ұланғайыр жерді, қасиетті қара шаңырағымызға бақ болып қонған тәуелсіздік тізгінін мықты ұстау. Оған сызат түсірмей, қайта оның іргетасының мықты болып беки түсуі үшін, егемен елдің әр азаматы өз үлесін қоса түсу.

Сондай-ақ алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен терезе теңестіру. Ол үшін елдің ынтымақ-бірлігін нығайту және жас ұрпақты сапалы білім мен тағылымды тәрбиеге баулып, ғылымды игере білуге шынайы талпыныс жасау.

Бәсекелік қабілетті арттырудың жолы да – білімге құштарлықтан бастау алмақ. Шынымен де жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашанда өзекті.

Білім – адам баласының қоршаған ортаны танып-білуге, оны меңгеруге деген ұмтылысы. Асыл дініміз де оқып-үйренуді, ғылыммен айналысуды жоғары бағалайды және ғалымдардың дәрежесін биік тұғырға қояды.

Адам баласының қоғамдық ортадағы дәрежесі осы – білім деңгейіне қарай анықталады. Бір сөзбен айтқанда, білім алу, сауатты болу – дініміздің ең басты талабы.

Атадан балаға қалған құнды қазына, мәдени мол мұрамызды сақтап, оны әлі де дамыта түсу. Дүйім жұртқа әйгілі болған тарихи орындарды дәріптеу. Еліміздiң мәдени мұрасын зерделеп, қалпына келтiруге және тиiмдi пайдалану жұмыстарын iске асыру. Яғни Ұлы даланың көне ұлттық өнеріміздің төл тарихын жаңғырту.

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші, батыр, қаһармандарымыз бен ұлы ойшылдарымызды, қиын-қыстау кезеңдерде ел басқарған тұлғаларымыздың ерен еңбектерін жас ұрпақтың бойына жақынырақ таныта білу. «Еңбек етсең еленерсің, еңбегіңе кенелерсің. Есің жиып, етек жауып, елге жетіп теңелерсің» -дегендей адал еңбек етудің маңыздылығын ұғындыру қажет.

Сондай-ақ шойын темірді қамырша иіп, өнеркәсібін дамытқан, желдей ескен асауларды ең алғаш қолға үйретіп, оны ұлттық салауаттылық мәдениет пен шаруашылық пайдасына асырған да біздің бабаларымыз емес пе.

Бабадан қалған кең байтақ жеріміздің табиғат байлығы мен әсем-көркемдігі де көзтартар кереметтер. Міне, осындай ғаламат дүниелерді халқымызға нәсіп еткен Жаратушы Хақ тағалаға сансыз шүкірлер болсын.

Елбасы өзінің айтулы мақаласында – ұлттың рухани санасына жаңа серпіліс беріп, осы құндылықтарымызды дәріптей білуіміз керектігіне жан-жақты тоқталды.

Ұлттық санасы жаңғырып, төл тарихын түгендеп, дәстүрлі діні мен ділін дәріптеген азаматтың еңсесі қашанда биік болмақ.

Бабалар аманатына адал болып, Тәуелсіздіктің тұғырын төмендетпей, ел ынтымағының одан әрі нығаюына өз үлесімізді қоса білейік!

Өмірдің талай тар жол, тайғақ кешуінен өткен Өр халқымыздың намысы биік, жігері мықты, арманы асқақ болуын бір Алла өзі нәсіп еткей!

Бектұрсын Торғайбайұлы, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы

Суббота, 01 Декабрь 2018 11:01

Ұзынкөлде ұмытылмас күн

«Отан - отбасынан басталады» демекші, Отанды сүю отбасынан бастау алатыны сөзсіз. Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз жариялаған «Ислам және Отбасы » жылы аясында №1 Ұзынкөл орта мектебінің салтанатты залында ұмытылмас шара өтті.

«Мейірімді жүрек» атты мерекелік бағдарламаға «Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы, мектеп басшысы Қайрат Хайдарұлы, ұстаздар, қамқоршы ата-аналар қауымы мен балалар қатысты.

Аталмыш шарада бас имам қамқоршыларға жүрекжарды тілегін білдіріп, өнерлі балаларға алдағы өмірлеріне тек сәттілік тілей насихатын айтты.

Сонымен қатар, мектеп басшысы Қайрат Әлиев қамқоршыларды алғыс хатпен марапаттап, «Әкелер кеңесі» атынан кеңес мүшесі В.Янин ата-аналарға алғысын жаудырды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 28 Ноябрь 2018 16:22

Арқалықта мәуліт оқылды

Мұсылман жұртшылығы үшін Мәуліт айының орны ерекше. Осындай мүбарак айда, қасиетті жұма күні Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде ардақты Алланың елшісінің ғұмырынан сыр шертетін мәуліт оқылды.

Адамзаттың асыл тәжі болған, екі дүние сәруарының (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры жайлы жиналған жамағатқа мешіт шәкірттері Дінмұхамед Торғайбай мен Дінмұхамед Сүлеймен Мәуліт қасидалары мен салауаттарын оқып, оларға жеткізе білді.

Мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев ардақты Елшінің өмірінен уағыз айтып, салауат айтудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Содан кейін мешітте дәріс алушы студент-шәкірттерге дастархан жайылып, Пайғамбарымыздың адамзат баласына жасаған дін насихатына байланысты өнегелі өмірі жайында уағыз айтылды.

Сондай-ақ мерейлі Мәуліт айында «уақытша ата-ана құқығынан» айырылған екі жасөпірімге қысқы аяқ киім тапсырылып, қайырымдылық жасалды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен намазхан әйелдердің арасында «Келіндер сайысы» өткізілді.

Осы сайыстың басында мешітің наиб имамы Руслан Жиенбаев жиналған әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтты.

Содан соң мешітің хатшысы Меруерт Қайыркенова қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл сайысқа қатысқан келіндер өздерін таныстыру, мақал-мәтел жарысы, қолөнер шеберлігі, ас әзірлеу бойынша білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Аталған тағылымы мол сайысқа өмірдің асуларынан асқан асыл әжелеріміз төрелік етті. Ереже бойынша барлық тапсырмаларды өз деңгейінде орындаған жас келіндер жеңімпаз атанды.

Оларға салтанатты түрде алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жүлдегерлерге марапаттарды табыс еткен ардақты әжеміз Зияда Серікбайқызы жас келіндерге ақ батасын берді.

Жарыс соңында игі шараға қатысқан әйелдер жамағатына дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 22 Ноябрь 2018 11:08

РАНТ мен ЖАНТ мүшелері Арқалықта

ҚМДБ-ның шариғат және фәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов, облысымыздағы өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы және жергілікті ақпараттық насихаттық тобының мүшелері Арқалық қаласында болып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алдымен олар қала әкімі Эльдар Қонысбайұлымен кездесіп, одан соң аудан және ауыл имамдарымен «Дін және қоғам» атты тақырыптағы аймақтық семинар өткізді. Шарада Наурызым, Аманкелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласына қарасты ауыл имамдарына дәріс берілді.

Мәртебелі мейман Медет Құрмашұлы дініміздегі мәзһабтар тарихына тоқталып, Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері барысы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы да ақида пәні бойынша қатысушыларды жан-жақты мағлұматпен таныстары келіп, өз ойын ортаға салды.

Осы сапарда Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтта студент жастармен «Жастар және заман» атты тақырыпта жүздесу болды. Осы оқу орнының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Сейітбек Қуанышбаев студенттерге қонақтарды таныстырды. Басқосуда қазіргі жастардың бойындағы имани әдеп, көркем мінезділік, діни сауаттылықтың қажеттілігі жайында тұшымды уағыздар айтылды.

Студент жастар кездесуден еркше әсер алып, көкейлеріндегі көптеген сауалдарымен бөлісті.

Мұнан соң РАНТ мүшесі Медет Құрсақов жергілікті «Арқа дидары» телеарнасына Әбу Ханифа мәзһабы жайлы сұхбат берді. Тікелей эфирде өткен әңгемеде көрермендер сұрақтарға жауап берді.

Жұма күні Медет Құрмашұлының «Кемелдік иесі» атты тақырыптағы уағызы да көпшіліктің жүрегіне жетті. Намаздан соң мешіт жамағатына жат ағымның зияндылығы жайында да сөз болды.

Сондай-ақ облыстық насихат тобының мүшелері Дархан Сыздықов, Қостанай қалалық діни мәселелерді зерттеу орталығының бас маманы Әсет Нұғыманов, Арқалық қалалық мешітінің ұстазы Бахытбек Мешітбаев және басқалар УК-161/12 түзету мекемесінде болды.

Сонымен қатар Ә.Боранбаев атындағы театрда қала мектептерінің тәрбие жөніндегі және әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы» атты кездес өтті.

Мұнда Жітіқара, Лисаков және Арқалық қалаларының бас имамдары Мейіржан Бердіғожин, Сабыржан Есмурзин, Бектұрсын Уәлиевтер дініміз.

Исламдағы бала тәрбиесі хақында тілге тиек етіп, ұстаздар қауымының сауалдарына жауап берді.

Кейін Агроколледжде I-ші курс студенттерімен ар-ұят, әдептілік тақырыптарында тренигте әсерлі өтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин ауданынымыздағы екі қазақ мектебінде өткен кездесуге қатысты. Білім ордаларындағы жиынның басты тақырыбы «Діни экстремизм мен терроризм» болып, имам аталған тақырып жайында мол мағлұмат берді.

Басқосуда бас имам жиналған қауымға Ислам – бейбітшіліктің діні және қантөгіс атаулының дінімізге жат екенін айтып өтті. Сондай-ақ асыл дініміз әр адамның ар-намысы мен өміріне зиян тигізбеуге, әр адамның діни сенімі мен түр-сипатына қарамай мейірімді, сыпайы болуға шақыратынына да ерекше тоқталды. Қазіргі таңдағы, әсіресе, жастарымыздың арасында діни сауаттылықты арттыру – діни алауыздықтан сақтандыратынын, жастардың діни уағызды кез-келген жерде кездейсоқ адамдардан естіп, соның нәтижесінде адасушылыққа тап болатынын баса айтты. Жастардың жат ағымның жетегінде кетпей, ислами дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір ықпалы ата-ана тарапынан екенін де тоқталып, әрқашан да ата-ана мен бала бір-бірімен өте тығыз байланыста болулары керек деген тұжырымдама жасады.

Жиын соңында бас имам Мейіржан Қапарұлы ата-аналардың қойған сауалдарына нақты және толық жауап беріп отырды. Сондай-ақ, жалпы Ислам дініне қатысты сұрақтар бойынша тек қана Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бекіткен мешіт имамдарына қойюлары керектігін ескертіп, қажетті мағлұматты тек аталған басқарманың ресми сайттарынан ғана алуды қадап айтты.

Published in Жаңалықтар
Пятница, 16 Ноябрь 2018 15:51

«Ең дәмді тағам» сайысы

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында «Ең дәмді тағам» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар ыстық тамақ және торт тағамын жасауда шеберліктерін көрсету.

Бұл шараға жарысқа арнайы келген Қостанай облысы «Әйел-қыздар секторы» өкілі Рыскүл Қылышбайқызы жиналған жамағатқа өзінің тартымды уағызын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Тату үйдің тағамы тәтті» демекші жарыс қатысушыларының жасаған тағамдары бірі-бірінен өткен дәмді болып, төрешілердің арасында алғырды анықтау қиынға соқты. Дегенмен, жеңімпас қашанда алдан көрінер демекші, қатысушылар арасындағы ең дәмді жасаған жүйрік анықталып арнайы марапатталды.

Атап айтар болсақ бірінші орынға ие болған қатысушыға Рудный қаласындағы «Муслима» кафесіне 5000 теңгеге жолдама берілді, екінші және үшінші орындарға арнайы сыйлықтармен марапат қағаздары тапсырылды. Сайыс соңында барша жиналған жамағат бір дастархан басына отырып, жасалған тағадардан дәм татты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 06 Ноябрь 2018 17:40

Халал сертификаты табысталды

Ислам дінінде адамның күнделікті тамақтанатын асының адал болуына өте үлкен мән береді. Сол себепті Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» ЖШС тарапынан еліміздің көптеген кісіпорнына куәлік табыс етіліп ол кісіпорындардың өндіріп шығаратын өнімдерін адал болуын қадағалайды. Осындай куәліктердің тағы біреуін Рудный шаһарындағы кәсіпорынына берілді.

Қасиетті жұма күн Рудный қалалық «Нұр» мешітінде жиналған жамағаттың алдында мешіттің бас имамы Азамат Серікбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС тарапынан Рудный қаласындағы «Торговый Дом Аманат» ЖШС кәсіпорнына берілген Куәлік Сертификатын табыстады. Берілген куәлік «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандартына сай екендігін растайды.

Халал өнімді өндіру және дамыту ұлт болашағы үшін өзекті мәселі. Халықтың денсаулығы күнделікті тұтынып жүрген тағамның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан кәзіргі уақытта еліміздің осындай халал сертификаты табыс етілген кәсіпорындардың күннен-күнге көбеюі үлкен жетістік.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

2019 ЖЫЛ-ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Қостанай облыстық мешітінде Жастар ісі секторы ү.ж. 5 қазандағы Елбасының Жолдауы бойынша және жастармен 2019 жылға арналған жұмысы жоспарын құру мақсатында жастарымен кездесу өткізді.

Жиында Қостанай облысының өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастарға Елбасының жолдауының маңыздылығы турасында айтып, онда алдағы 2019 жылдың жастарға тікелей қатысты екенін атап өтті.

Отырыста Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторы» өкілі Әлішер Ертайұлы жастарға 2018 жылы жасалған жұмыстардың қортындысын айтып өтті.

Сонымен қатар алдағы 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы жастардың ұсыныстары тыңдалып, жоспар құрылды. Жиын соңында бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, уағыз-насихатын айтып өтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Алтынсарин ауданы бас имамы Ерік Ыбырай ауданның Обаған ауылындағы кітапханада Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларымен «Рухан жаңғыру жылы» және өткен «Рухани келісім күні» аясында кездесу өткізді.

Шара барысында Ерік қажы «Рухани келісім және зайрлылық» тақырыбында әңгіме өрбітті. Қай кезеңде болмасын қазақ халқы басқа ұлтқа қыйыншылығында демеу болып, жат деп сыртқа теппегенін. Мұндай қасиет адам бойына Алланың хақ діні арқылы және ұяда берілген тәрбиенің арқасында екендігін айтып өтті.

Кездесу соңында оқушылар мен кітапхана қызыметкерлері өздерінің сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

Сонымен қатар аудандағы атақты ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туған жеріндегі «Ыбырай құдығы» салтанатты түрде ашылып, оған аудан басшылары мен бас имам қатысты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником