Қостанай облысына қарасты Амангелді ауданындағы «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Мүбәрәкұлы аудандық полиция бөлімінде «Иманың болса жүректе, адалдық келер әр іске» тақырыбында кездесу өткізді.
Ол Алла тағалаға иман келтірген пенде әр ісінің сұрауы барын біліп, өз-өзіне тоқтау салып, жақсылыққа бейімделіп, әр ісінен сауап алуды ойлап, күнә болып жазылатын істерден өзін сақтап жүретіндігі туралы, жақсылыққа шақырып, өзіде жақсы істерге бейім болатындығын және ондай пенде елінің гүлденуіне өзіндік үлесін қосары анық екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ имандылығымызды арттырып, тазалықпен адалдықты ұстаным қылуға шақыратындығын жеткізді. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері айтылған уағыз-насихатқа дән риза болып, алғыстарын білдірді.