Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс кестесіне сәйкес Қостанай облысына барды.
Бас мүфти Қостанай ауданында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс жобасымен танысып, іргетасын қалады. ҚМДБ Төрағасы құлшылық үйін Діни басқарма бекіткен мешіт салу ережесіне сәйкес қазақы нақышта тұрғызуға назар аударды.
Бас мүфти мешіт құрылысының жоспарға сәйкес аяқталуын Алладан тілеп, дұға жасады. Сондай-ақ, марқұмдар рухына Құран аятын бағыштап, құрбан шалды.
Айта кетсек, жаңа мешіт 1500 адамға арналған. Құлшылық үйінің құрылысын 2024 жылы бітіру жоспарланған.
https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-06-23/39857-bas-mufti-zhumys-saparymen-kostanai-oblysyna-bardy-foto/