Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Қостанай ауданының орталығы Тобыл қаласында бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерді қозғады.
Мәселен, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері және жергілікті ауыл шаруашылығы колледжі студенттерімен жүздесулерде «Ислам ынтымақ пен бірлік діні» деп аталатын тақырып әңгімеге арқау болды.
Оған қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Белгілі дін қайраткері нақты жауап беріп, қазіргі таңдағы елдің алдында тұрған күрделі міндеттерге тоқталды.
Сондай-ақ Бахытбек қажы Нұрғабылұлы аудандық Маңдай батыр мешітіне атбасын бұрып, имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Жұма намазда жұртшылыққа терең ой салар уағыздар айтты. Оны намазхандар ұйып тыңдады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі