Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 25 Апрель 2023 09:36

Арқалық: Фурман ауылында

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы өздеріне қарайтын Фурманов ауылдық «Тәубе» намазханасына арнайы барды.

Онда жамағатпен жүздесіп, жайылған дастархан басында Ораза айт намазының маңыздылығы жайында әңгімеледі. Жиналған қауым оның айтқан уағызын мұқият тыңдап, алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 25 Апрель 2023 09:09

Әулиекөл: Ұлттық ойындар сайысы

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің ұжымы Ораза айт мерекесін ойдағыдай өткізді. Жамағатқа айт шайы берілді.

Сондай-ақ, жұма намазынан кейін мешіт ауласында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Онда қазақша күрес, асық ату, арқан тартыс, қол күрестен жарыс ұйымдастырылды.

Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 25 Апрель 2023 09:05

Сарыкөл: Зиратта тазаланды

Көктем келіп жер қарайған соң, қыс кезінде уақытша тоқтап қалған маңызды жұмыстар қарқын ала бастады. Барлық аудандар мен қалаларда сенбіліктер өткізіліп, аулалар абаттандырылуда.

Мұндай халық үшін қажетті істен Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің ұжымы да ешқашан тысқары қалған емес. Жуырда олар жанашыр жамағат және аудан тұрғындарының белсенділігімен жергілікті зиратқа тазалық жұмыстарын жүргізді.

Көпшілікті қоқыс жинайтын құралдармен және шөлдегенде ішетін сусындармен қамтамасыз етті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұйымшылдық танытудың арқасында аудандағы зират толық тазаланды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 24 Апрель 2023 11:21

"Марал ишан" мешітінде Ораза айт

Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінде Ораза айт намазы оқылды. Онда адам бойындағы асыл қасиеттер - кешірімділік, қамқорлық жайлы уағыз-насихат айтылып, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы мен қарыштап дамуы үшін дұға жасалды.

Намаздан кейін «Ораза айт-шаттық мерекесі» атты іс-шара өз жалғасын тапты. Мешіт ауласына дастарқан жайылып, келушілерге айт шайы, палау, тәтті жемістер берілді.

«Арқан тартыс, өгіз тартыс» сияқты ұлттық спорттық ойындар да көпшіліктің көңілінен шықты. Ғибратқа толы жыр-термелер, ән-күйлер шырқалды.

Жиналған үлкенді-кішілі қауым ұйымдастырушылар мен Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы бастаған мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 отбасына азық-түлік салынған қоржындар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 24 Апрель 2023 10:54

Әулиекөл: Әжелеріміз алғысын жаудырды

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде Рамазан айында атқарылған игі істер шеңберінде "Айт қоржыны" атты акция ұйымдастырылды.

Сонымен қатар мешіттің Бас имамы Нұрбол қажы Балахметов бастаған жамағат Ораза айт қарсаңында Әулиекөлдегі ақжаулықты аналармен жүздесіп, олармен айтулы мереке жайлы тілдесті. Сый-сияпат жасады.

Өмір өткелдерінен өткен әжелер өздеріне ілтипат танытқаны үшін жанашыр азаматтарға шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді. Олардың жүздерінен қуаныш пен ризашылықтың нышаны айқын сезілді. Ақ баталарын беріп, құрметпен шығарып салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 24 Апрель 2023 10:29

Арқалық: «Айт тәттілері» таратылды

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесіне орай шаһардағы Абай Құнанбайұлы атындағы №6 мектеп-гимназияда ерекше басқосу болып өтті.

Онда айтулы мейрамның құрметіне оқушыларға «Айт тәттілері» атты 25 қоржын таратылды. Мұнда білім алып жатқан шәкірттер имандылық ордасының қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 24 Апрель 2023 10:27

Сарыкөл: «Айт қоржындары» тапсырылды

Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде Айт намазынан соң жиналған жамағатқа Олжа Агро басшылығының ұйымдастыруымен айт дастарханы жайылып ас берілді.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар қамқорлыққа алынып, 20 үйге азық- түлік тапсырылды.

Ораза айт құрметіне көп балалы отбасындағы ұл мен қыздарға 20 «Айт қоржыны» үлестірілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 24 Апрель 2023 10:22

Науырзым: Айт шәйі

Науырзым ауданының әкімі Қайрат Әбішев «Түркебай ата» мешітіне арнайы келіп, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Жиналған қауымға шын жүректен шыққан шынайы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ әйелдер жамағаты имандылық ордасына келушілерге дастарқан жайып, айт шайын ұсынды. Ғұмырлары көпке тағылымды қариялар ізгі-тілектерін білдіріп, баталарын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 24 Апрель 2023 13:46

"Марал ишан" Ораза айт

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Ораза айт күні жұма намазынан кейін жамағатқа палау таратып, жиналғандардың ризашылығына бөленді.

Сонымен қатар, мерекенің құрметіне ежелден келе жатқан ұлттық ойындар - арқан тарту, асық ойнау, қол тірестен жарыс өткізілді. Онда жеңімпаздарға лайықты құрмет көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«66676869707172737475»
Page 71 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником