Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Алматыда өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты бірауыздан Үндеу қабылданды. Үндеу мәтінімен Ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров таныстырды. Үндеудің толық нұсқасын төменде жариялап отырмыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Ғұламалар кеңесінің
ҮНДЕУІ

Бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім – адамзаттың асыл құндылықтары. Қазақ елі – ежелден бірлігі жарасқан, тыныштығы мен бейбіт тіршілігі сақталған ел. Осы ізгі, қасиетті мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу әрбір ел азаматына аманат!

«Ислам» сөзі - бойсұну, бағыну, бейбітшілік дегенді білдіреді. Ислам– жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін Алланың бүкіл адам баласына түсірген ұлы жүйесі. Ислам ақыл иелерін осы дүниеде қуаныш пен шаттыққа, ал ақиретте мәңгілік бақытқа кенелтеді. Ислам бізге жаратылысымыздың мақсатын, Алланың алдындағы пенделік міндеттерімізді үйретеді. Сондай-ақ, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, арам мен адалды ажыратып, ізгілікке бастайды.

Ақтөбедегі лаңкестік әрекет қазақ еліне орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Қасиетті Рамазан айында осындай қайғылы жағдайдың орын алуы өте өкінішті жайт. Бұл – еліміздің тыныштығын бұзып, болашағымызға балта шабу үшін әдейі ұйымдастырылған қаскөйлік деп есептейміз. Осы қантөгісте қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып шын жүректен көңіл айтамыз. Сондай-ақ, бұл қанды оқиғаның асыл дініміз Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.

Алла Құран Кәрімде:

وَلاَ تُفْسِدُواْ فِي الأَرْضِ بَعْدَ إِصْلاَحِهَا

«Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар» («Ағраф» сүресі, 56-аят) деп қатаң ескертеді. Сондай-ақ келесі аятта:

مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا

«Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, ол барлық адамды өлтіргенмен тең. Ал кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең»(«Мәйдә»сүресі, 32-аят) деп баяндайды.

Сонымен қатар, мүмінді қасақана өлтірудің жазасы мәңгілік Тозақ екендігін:

ومن يقتل مؤمنا متعمدا فجزاؤه جهنم خالدا فيها

«Кімде-кім мүмін пендені қасақана өлтірсе, оның жазасы мәңгілік тозақ...»(«Ниса»сүресі, 93-аят) деп бұйырады.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

المسلم من سلم الناس من لسانه ويده

«Нағыз мұсылман өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді», - дейді.

Біз, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, қасиетті Рамазан айында Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекетті қатаң айыптаймыз. Қазақстан халқын қоғамда тыныштық орнатуға, лаңкестік әрекеттерге тосқауыл болуға, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтардың насихатталуына үлес қосуға үндейміз.

Пятница, 10 Июнь 2016 14:57

Балалар сүндетке отырғызылды

Баршаға мәлім, ислам дінінің бір рәсімі бойынша әрбір мұсылман баласы сүндетке отырғызылғаны абзал. Мұны кез-келген парасатты ата-ана түсінетіндігі даусыз.

Ал, ешқандай жазығы жоқ, жарық дүниеге келмей жатып, әке-шеше мейірімінсіз қалған жаутаңкөз балалардың жағдайын кім ойлайды? Міне, осы мәселе өздерін біраздан бері толғандырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет пен еліміздегі қажылар қауымдастығының өңірдегі филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин де көпке өнеге боларлық сауапты да игі шараны жүзеге асырып, азаматтық танытты.

Жуырда олардың ұйғарымымен Қостанай облыстық балалар ауруханасында облыстық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бір топ мұсылман балалары сүндетке отығызылды.

Осындай тағылымды шараға мұрындық болған дін қызметкерлері мен ақ халатты абзал жандарға шын мәніндегі ризашылығымызды білдіреміз. Оларға Алланың нұры жауып, қасиетті Рамазан айында ойға алған арман-ниеттеріңіз қабыл болсын дейміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 10 Июнь 2016 11:13

Өкіл имамның дәрістері

Қостанайлық барша қауымның көңілінен шығуда

Үстіміздегі жылғы Рамазан айы басталғалы бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып табылатны Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде өзгелерге өнеге боларлық жақсы үрдіс қалыптасты.

Мәселен, Қостанай өңіріндегі өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы күн сайын бесін намазынан кейін намазхан жамағатпен Имам ағзам Әбу Ханифаның «Фикһул ханафи фи саубил жадид» кітабынан дәріс оқуда.

Оның ішінде осы қасиетті Рамазан айындағы ораза ұстаған адамның өзін қалай ұстау керектігі, қандай жағдай оразаны бұзатын және бұзбайтындығы туралы жан-жақты түсініктер беруде.

Сонымен қатар жиналған намазхандар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап алуда.

Дәріс беру соңында жамағат өкіл имамға мағыналы да тағылымды әңгімелері үшін шын жүректен шыққан алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын танытып жатыр.

Бахытбек Нұрғабылұлының жүргізген сабақтары шын мәнінде көңілдерінен шыққандықтан, мұсылман қаумымы осындай берері мол дәрістер Рамазан айынан кейін де жалғасын тапса екен деген ұсыныстарын білдіруде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 10 Июнь 2016 11:41

Бас мүфтидің үндеуіне орай

Қайырымдылық- асыл қасиет

Рамазан жалпыға ортақ ізгі амалдар жасалатын қасиетті ай. Жылына бір келетін бұл уақытта сауаптар еселеніп жазылады. Ал, бұл мұсылман бауырлар үшін үлкен мүмкіндік. Кім де кім Рамазанда кедей-кепшік, жетім-жесірлерге қол ұшын созып, көмек көрсетсе Алланың мол сауабына кенелері сөзсіз делінген (Ниса сүресі, 127 аят) Олай болса осы айда тек қайырлы істер жасауға асығайық .

Бас мүфтидің рамазан айына байланысты үндеуінде айтылғандай , қасиетті айдың құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдіктер жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегін өз басым толығымен қолдаймын.

Қостанай өңірінде осы үндеуге байланысты бірқатар өзгелерге өнеге боларлық іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Мәселен, облыстық Марал ишан мешітінің жанында оразаның алғашқы күнінен бастап аузашарлар берілуде. Сөйтіп, осыған ұйытқы болған жігіттер көптің сауабын алуда.

Қымбатты мұсылман бауырлар, оразаның әр күнін жақсылыққа толтырып, қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлейік. Мұндай ізгі амалдар тек Рамазан айында ғана емес, жыл бойы жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр.

Себебі, ислам діні баланың әке-шешесіне, ата-ананың баласына, бауырларға, туған-туыс, жақын-жуықтарға, жалпы мұсылмандардың бір-біріне мейірімді болуға шақыратын ең асыл дініміз емес пе.

Қасиетті рамазан ай құт-береке, молшылық алып келсін.

Мырзағали Ғабдуллин, зейнеткер
Қостанай қаласы.

Бас мүфтидің үндеуіне қолдау
Кәсіпкер Сутиговтың өнегесі
Ол күнделікті күн-көрісі төмен отбасыларына
20 бөлке нанды тегін беруде

Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың әрбір айы мен күні қадір-қасиетке толы. Соның ішінде Рамазан айының орны ерекше. Бұл айдың ерекшелігін түсінген барлық мұсылман оны ізгі құрметпен, көтеріңкі көңіл-күймен қуанышта қарсы алды. Біздің Ұзынкөл ауданында да мұсылман бауырларымыз Рамазан айына алдын ала дайындық жасады. Ауызашар беру мешітте дәстүрге айналды. Күнделікті Тарауих намазы оқылады.

Бас мүфтидің үндеуі жерлестеріміздің тарапынан қолдау тапты. Жергілікті кәсіпкер Сергей Сутигов күнделікті 20 бөлке нан мен 20 тәтті тоқаш нанды күн-көрісі төмен отбасыларына тегін беруде. Оның осы қайырымдылық іс өзгелерге өнеге болса кәнеки.

Осы Рамазан айы кезінде біздің Қостанайлық ағайындар да той-думанда дастарханға арақ-шарап қоюға тиым салды. Оның орнына қымыз-қымыран, шұбат, түрлі шырындар қойылуда.

Аталмыш ораза барысында қалталы азаматтарды мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуге шақырамын.

Есенгелді қажы Әжімахантегі, „Балықты„ мешітінің бас имамы, Ұзынкөл ауданының құрметті азаматы.

Среда, 08 Июнь 2016 15:19

Түлектермен кездесу

Жастарымызды түрлі теріс ағымдардан сақтандыру қазіргі таңда қоғам болып атқаратын басты міндеттердің бірі. Жуырда осындай мақсатты алға қойған Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының биылғы түлектерімен кездесу өткізді.

Жиынға Қостанай облыстық әкімдігінің діни басқармасының бас маманы Сапарғали Әкімбекұлы, аталған педагогикалық институттың проректоры Гүлвира Айдарханқызы және қалалық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Әсет Бауыржанұлы қатысты.

Ыбырай атамыздың есімі берілген оқу ордасында білім алып, халыққа қызмет көрсететін жастарға имам алдағы өмірлеріне сәттілік тілей отырып, имандылықты әрқашанда биік ұстау қажеттілігін айтты.

Сондай-ақ бас имам биылғы жылдың «Дін және тарих тағылымы» жылы ретінде жарияланғанына да ерекше тоқталды. Оның мәні мен маңызын тілге тиек етті.

Ал, облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Сапарғали Әкімбекұлы өз сөзінде теріс ағымдардың зияндылығын баяндай келіп, көкейде жүрген көрікті ойларын ортаға салды.

Басқосуда студенттер ойларын сауалдар қойып, оларға нақты жауап алды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Барша ғаламды жоқтан бар қылушы, бізге ризық-несібемізді беруші, нығметтерінің ең ұлысы Ислам, иман нығметтерін нәсіп қылушы және бізді мұсылмандардан етіп жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қияметке дейін ізгілікте ерген әрбір момын мұсылманға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемдері болғай.

Таяуда Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаның Ислам діні мен еш байланысы жоқ екені айдан анық! Олай дейтініміз мұндай іс-әрекеттерге дініндемізде өте қатаң түрде тыйым салынған. Сол тыйымдарға қатысты Алла Тағала өзінің Құран аяттарында былай деп баян етеді: «Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол – әл-Азиз /аса Үстем/, әл-Ғафур /өте кешірімді/». (Мүлк сүресі, 2-аят). Аса ұлы Алла пенделерін жаратып, оларды осы дүниеге әкелді және оларға бұл өмірден басқа өмірге көшетіндерін хабарлады. Оларға бұйрықтар мен тыйымдар бекітті. Оларды Өз бұйрығын орындауға кедергі жасайтын көңіл құмарлықтарымен сынады. Сонда кім Алла Тағаланың бұйрығына бойұсынып, амал істеуде жақсы болса, Алла оның марапатын екі дүниеде еселеп береді. Ал кім құмарлықтарына еріп, оны қанағаттандыру үшін жолдан тайса, Алла Тағаланың бұйырғанын орындамаса, оған ең жаман қарымта бұйырады.

Алла Тағала өзінің Құран Кәрімінде былай деді: «Ақиқатында, Аллаға және Оның Елшісіне қарсы соғысатындардың әрі жер бетінде бұзғындық жасауға ұмтылатындардың жазасы – олардың өлтірілуі не керіп тасталуы, не қол-аяқтарының қиғашталып /оң қол мен сол аяқ, сол қол мен оң аяқ/ кесілуі немесе жер айдалуы. Бұл олар үшін осы өмірдегі қорлық. Ал соңғы мәңгілік өмірде /ақиретте/ оларға өте үлкен азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят). Ибн Касир (Алла оны рахымына бөлесін): «Алла Тағала жер бетінде бұзақылық жасауға және жер беті түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді жасауға тыйым салды. Себебі, әуелде дұрыс болған нәрсені бұзуда – жер бетіндегі пенделерге үлкен зиян алып келетіндіктен Алла Тағала бұған тыйым салды», - деді.

Сондай-ақ Алла Тағала Ағраф сүресінің 56-аятында: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүлікшілік қылмаңдар», - деп бұйырды. Әл-Қуртуби бұл аятқа қатысты: «Алла Тағала жерге Елшілер жіберіп, кітаптарды түсіріп, шариғат орнатып, түзеткеннен кейін кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды, және бұл (үкім) барлық адамға қатысты», - деген.

Осы баяндалған нәрселерге негізделе отырып, жоғарыда аталған құбылыстар, материалдық немесе өзге де мүдделер үшін жасалынып жатқан іс-әрекеттер қоғам үшін үлкен қауып қатер тудыратындығы белгілі. Өйткені, лаңкестік іс-әрекеттермен айналысып жүрген адамдар, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметінің тұтастығын жоюға және Жаратушы Иеміздің көрсеткен жолынан тайдыру үшін, барынша әрекет жасауда.

Кімде-кім қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген жағдайда: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен лаңкестік іс-әрекетпен айналысып жүргендігі, немесе жер бетінде бұзақылық таратып жатқандығы айқындалған жағдайда, онда мұндай іске кінәлі адамдар қатаң түрде айыпталып, жазалануға әбден лайықты.

Демек басқа жазықсыз адамдардың өміріне зиян келтіру Исламға жат әрекеттер. Себебі Алла Тағала Мәйда сүресінің 32-аятында былай деген: «Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады». Абдулла ибн Амр (Алла олардың екеуіне де разы болсын), Алланың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Мына төрт сипатқа ие болған адам шынайы екіжүзді болып табылады, ал олардың қандай да біреуімен ерекшеленетін адам одан құтылмайынша екіжүзділіктің бір сипатымен белгіленген болады. Оған өзін тапсырса – сатқындық жасайды, бірнәрсе туралы айтса – өтірік айтады, келісім-шарт жасасса - қиянат жасайды, біреумен жауласса – заңсыздықтар жасайды» (Имам Бухари).

Аллаға деген сенімі бар адам өмірдің қиыншылықтарын сынақ деп біледі. Сонымен қатар әрбір қиындықтан кейін жеңілдіктің келетініне сенеді, Құдайдан үмітін еш үзбейді де сабыр қылады.

Сөз соңында айтарым, құрметті мұсылман бауырлар! қоғамдық қауіпсіздікке сызат түсіру ісі көбінесе үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен және жан тынышсыздығынан туындайды. Ал, жүрегі иманға толы жан қашан да мұндай дерттен аулақ болады. Қай уақытта да қиналған кісінің жанын түсінуге тырысып, құлазыған көңілдерге демеу болған жөн. Әсіресе, қазіргі таңдағы әртүрлі ағымдардың өршіп тұрған кезінде жақындарымыздың адасушыллыққа тап болуына жол бермей, төңірегіміздегі кісілерге қасиетті Ислам дінінің асыл құндылықтарын үйретуді міндет санап, әр қараңғы түнектен кейін жарық нұрдың және әр қиыншылықтан кейін бір жеңілдіктің келетіндігіне нық сену қажет. Алла Тағала аспанымызды ашық, еліміздің тұғырын биік, тәуелсіздігін баянды қылғай!

Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

Вторник, 07 Июнь 2016 15:03

Облыс әкімі ауыз ашар берді

Міне, көптен күткен Рамазан айы да басталды. Бұл орайда облыстық Марал Ишан мешітінің ұжымы да оразаға үлкен әзірліктермен келді.

Мәселен, арнайы шақырылған жас қари Жандос бауырымыз осы Рамазан айында Қасиетті Құранды тарауих намазында толық оқып шығады. Оған халық көп жиналды.

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша осы мешіттегі алғашқы ауызашарды «Алтын алма, алғыс ал» деген аталы сөзді басшылыққа алған облыс әкімі, дін жанашыры Архимед Мұхамбетов берді.

Арнайы дайындалған орынға 300 ден аса адам жиналды. Олардың өздеріне осындай мол дастархан жайған өңір басшысына деген алғысы шексіз. Үлкендер жағы ақ батасын берді.

Біз өңір басшысы Архимед Бегежанұлына Алланың нұры жауып, Рамазан айында ойға алған армандары жүзеге ассын деген ең ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты
МӘЛІМДЕМЕСІ

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Еліміздің мұсылмандары қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекеттерді терең өкінішпен естіді. Осы оқиғаға дін атын жамылған радикалдардың қатысы бар деп айтылуда.

Адам жанын түршіктіретін зұлымдыққа барғандардың дін жолында жүрген мұсылмандарға қатысы бар деп айтуға ауыз бармайды.

Ислам діні ешкімді ұстанатын дініне немесе ұлтына бөлместен жазықсыз қан төгуге ешқашан рұқсат етпейді.

Ел мұсылмандарының басын қосып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды.

Ислам – бейбітшіліктің діні. Құран Кәрімде «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең», («Маида» сүресі, 32-аят) деген иләһи қағида бар.

Ел аман, жұрт тыныш заманда жан түршігерлік қылмысқа барғандардың адамгершілік қасиеттерден жұрдай болғаны анық.

Алланың құзырында да, мемлекетіміздің заңы алдында да қылмыс жасағандар ең қатал жазаға тартылады деп сенеміз.

Елдің амандығы жолында өздерінің азаматтық парыздарын орындау барысында қаза тапқандардың отбасыларына және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және сабырлық тілейміз. Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жанын қия отырып, ауыр зардапқа апаратын қылмыскерлердің жолын кесті.

Тағылымы мол хадисте Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі – күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз; екіншісі – Отанды қорғап, шекара күзеткен көз» деп айтқаны белгілі. Отан жолында қаза болған бауырларымыздың жаны жұмақта болғай.

Сонымен қатар, қылмыскерлерге тосқауыл қою кезінде жарақат алған бауырларымызға Алладан шипа тілейміз.

Ақиқатында, жазықсыз жандардың өмірін қиған залымдарды ел азаматтары, шынайы мұсылман бауырларымыз түбегейлі айыптайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі – баршамыз үшін ең жоғары құндылық. Сондықтан қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмірді сақтау – әр азаматтың борышы һәм парызы деп білгеніміз жөн.

Еліміздің барша азаматтарын арандатушылық әрекеттерге берілмеуге, қоғам тыныштығын қадірлеуге және жауыздықпен жұмыла күресуге шақырамын.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником