Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 20 Февраль 2017 16:52

Ене мен келін арасындағы сыйластық

01

Қостанай облысы Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қыздар және әйелдер секторы «Ене мен келін арасындағы қарым-қатынас» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Оған ақ жаулықты аналар мен жас келіндер, діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген әйелдер мен қыздар қатысты.

01

Сауат ашу курсының ұстазы Диана Қайырбекқызы басқосудың негізгі мақсатына тоқталып, отбасында ене мен келіннің сыйластығының мәні ерекше екендігін айтып өтсе, ал шәкірт Алуа Ұзақбаева Күләйхан қажыдан қазіргі қоғамдағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы сұхбат алды.

Бұл өзекті мәселеге біздің асыл дініміз бен ұлттық әдет-ғұрпымызда да үлкен мән берілген. Жас келіннің жаңа ортаға үйренісіп кетуі көп жағдайда сол отбасының мүшелеріне байланысты.

01

Психолог маман Әсел Лайыққызы «біздің халқымызда келінді қызындай көріп, енесін анасындай сыйлайтын қарым-қатынас ғасырлар бойы жалғасып келетіндігін» айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар да тақырыптың өмірімізде алатын ерекше орнына тоқтала келіп, өздерінің көкейлерінде жүрген ой-пікірлерін ортаға салды.

01

Бұл кешті жүргізуші Алуа өзінің пікірін: «Жақсы ене келінге қашан да өнеге. Мұны жаңа түскен келіншектер жете ұғынып, оларға да ерекше құрметтерін көрсетуге тиіс. Өмірде ене мен келіннің арасындағы сыйластық болған жағдайда ғана шаңырақтың ырыс-берексі артып, әулеттің мәртебесі өседі» деген сөздермен түйіндеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қыздар және әйелдер секторы ұйымдастырған дөңгелек үстел өте тағылымды болды.

01

Ондағы айтылғандар барша енелер мен келіндерге ғибрат. Мұнда қозғалған жайлар бойжеткендер яғни болашақ келіндерге де үлкен ой салады деген ниеттеміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

04

Қостанай облысындағы өкіл имамы Бақытбек Тәжімбет Нұр-Мүбарак университетіндегі студенттермен кездесті. Негізгі мақсат: биылғы түлектерді жұмысқа шақыру және өзге студенттерді жазғы маусымда аймақ мешіттеріне тәжірибелік жұмыстарға баулу.

04

Бүгінде Нұр-Мүбарак университетінде Қостанай облысынан барлығы 24 студент білім алуда. Оның 4 бесеуі қыз бала.

04

Өкіл имам студент шәкірмен Алла жолында елге қызмет етудің артықшылығы жайлы сұхбат өткізді.

04

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

01

Облыс орталығымен іргелес жатқан Рудный қалалық „Нұр„ мешітінің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлы адамгершілік қырларымен көпшіліктің құрметіне бөленіп келе жатқан жан.

01

Жақында дін қайраткерінің бастамасымен және шаһардағы кәсіпкерлердің демеушілігімен қаладағы қарттар үйіне қамқорлық көрсетілді. Олар осы мекемеде болып, ғұмыр кешіп жатқан аға буын өкілдерінің хал-жағдайларымен танысты.

01

Сондай-ақ ардагерлерге ақ дастархан жайып, оларға шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді. Сөйтіп, ақсақалдардың ризашылығына бөленді.

01

Бас имам қарттарға қамқорлық жасау- әрбір саналы азаматтың парызы екендігіне ерекше тоқталды. Рудныйлық дін қызметкерлерінің осынау игі істері өзгелерге де жұғысты болғай!

01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 17 Февраль 2017 10:38

Насихат жұмысы жандана түсті

01

Өңірдің Науырзым ауданында да адамгершілік, ізгілік мақсатындағы жұмыс барынша жанданып, бірқатар тағылым болар істер атқарылды. Соның бірі аудандағы ақпараттық-насихаттық тобының өзгелерге өнеге болар игі қадамдары дер едік.

02

Жақында осы топтың мүшелері яғни Түркебай мешітінің имамы Н. Сыздықов, аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскер Д.Тасанова және Жастар ресурстық орталығының психологы Ә.Шалдыбаевалар осындағы ауылшаруашылық колледжінде болды.

03

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері оқу орнында студенттермен „Қазақстан — зайырлы мемлекет„ және басқа да тақырыптар бойынша дөңгелек үстел және психологиялық тренинг өткізді.

04

Бұл кездесу жастарға ерекше әсер қалдырды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

01

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл және облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Тәжімбет Торғай өңірінде сапарда болып, жергілікті мұсылман ағайындармен жүздесті.

02

Қос аудандағы мәуліт мерекесінде сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты осы мерекемен шын жүректен құттықтап, ізгілік, молшылық тіледі.

07

Бірінші ұлы Пайғамбарымыздың (ﷺ) туған күніне арналған мәуліт іс-шарасы Жангелдин ауданының орталығындағы Оспанқожа әулие атындағы мешітте өтті.

03

Бұл рухани кеш «Сағындым сені ия, расулалла» деп аталып, оған Бахытбек Нұрғабылұлымен бірге Арқалық қаласының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхаммет Серікұлыда қатысты.

04

Сондай-ақ Амангелді ауданындағы ұйымдастырылған мәуліт мерекесі де жоғары деңгейде өтті. Мұнда имандылық жайында насихат айтылды. Аудандық жасөспірімдер және балалар спорт мектебінде қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды.

05

Оған 11 ауылдық округтен оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Мәуліт мерекесіне орай дастархан басында Бахытбек Нұрғабылұлы діни сұрақтарға нақты жауап берген азаматтарға сыйлықтар табыс етті.

06

Сонымен өкіл имамның Торғай өңіріне сапары жемісті болды. Жергілікті бауырларымен жүздесіп, аудандардың тыныс-тіршілігімен кеңірек танысты.

08

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 10 Февраль 2017 15:08

Қашар кентіндегі Мәуліт мерекесі

04

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешітіне қарасты Қашар кентіндегі мешітте Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Жиналған жамағатқа Бас имам Ерлан Өмірбекұлы пайғамбарымыз Мухаммед (ﷺ) туылған күнін атап өту мұсылмандар қауымы үшін ғибратты екендігін түсіндіре келіп, өмірі жайында уағыз айттып, мәуліт оқылды.

04

Сондай-ақ аталмыш шараға арнайы келген Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Азамат Серікбайұлы жұма намазының алдында барша жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың (ﷺ) асыл сипаттары мен көркем мінезі жөнінде әңгімеледі.

04

Ғибратқа толы мереке соңында жиналған қауым арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Мешіт ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыздың ізгі тілектерін тыңдады.

Осы арада тоқтала кетер бір жай, Қашар кентінің имамы мен қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мешітке келушілер саны жылдан-жылға көбейіп келеді.

04

Олардың арасында имандылыққа бет бұрген жастар да аз емес. Бұл бәрімізді де шексіз қуанышқа бөлейді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

01

Мен де мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауын аса бір ықыласпен оқып шықтым.

Елбасының қайсы Жолдауы болсын маңызды. Бұл жолы да еліміздің алдында тұрған үлкен келелі міндеттер қамтылып, нақты мақсаттар айқындалған.

Осы маңызды құжатқа арқау болған жайлардың бәрі де мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне тікелей ықпалын тигізетін мәселелер. Жолдауда «Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады» делінген.

Бұл бәрімізді де толғандыратын өзекті мәселе. Сонымен қатар діни экстремизмді насихаттаудың алдын алуға да айрықша назар аударуымыз қажет. Осы жайларға байланысты Қостанай өңіріндегі барша мешіттердің имамдары мен қызметкерлері де елеулі жұмыстар атқаратын болады.

Жастар арасында да теріс ағымдарға еліктеуге жол бермеуіміз қажет. Олардың діни сауаттылығын көтеру бағытында да елеулі істер жүзеге асырылады. Өйткені, біз үшін Отанымыздағы тыныштық, тұрақтылық, халықтар арасындағы ауызбірлік қашан да ерекше орын алады.

Қазіргі таңда облыстағы аудандар мен қалалардың бас имамдары жауапкершілікті терең сезініп, жұртшылық арасында Жолдаудың аса маңыздылығын түсіндіріп, түрлі басқосулар өткізуге мұрындық болуда.

Ендігі біздің алдымыздағы мақсат - осы маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға өзіміздің лайықты үлесімізді қосу. Менің пікірімді барша әріптестерім де қолдайтындығына нық сенімдімін.

Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының Қостанай
облысындағы өкіл имамы
Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы

Понедельник, 06 Февраль 2017 17:36

Оқушылармен әсерлі кездесу

01

Өңірімізде аудандар мен қалалардың дін қайраткерлері жұртшылықпен жүздесіп, маңызды тақырыптар бойынша әңгімелер өткізуде.

Мәселен, жуырда Федоров ауданының Бас имамы Абзал Сұлтанғалиұлы аудандағы №2 қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

01

Бұл басқосуда ол Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өнегелі өмірінен уағыз айттып, білім ордасының шәкірттеріне үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету және әрқашан да кешірімді болу жөніндегі өзінің ойларын білдірді.

Осы жүздесуде бас имамға оқушылар көкейде жүрген сауалдарын қойды. Осы сұрақтарға дін қайраткері өмірден нақты мысал келтіре отырып, жауап берді.

01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

news310120170101

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мен Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж ұстаздарының ұйымдастыруымен «Иманды ұл, инабатты қыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Колледжде өткен тағылымға толы, тәрбиелік мәні зор басқосуға қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және колледждің тәрбие жөніндегі әдіскер ұстаздары қатысты.

Дана халқымыз қыз баланың тәрбиесіне ежелден ерекше көңіл бөлген. Өйткені, олар ұлтымыздың айнасы, ертеңгі жар, бір шаңырақтың ұйытқысы болар ана.

news310120170102

Сол себептен де аталмыш жүздесуде осынау халқымыз үшін аса маңызды мәселеге байланысты ой-пікірлер ортаға салынды.

Жалпы, ағайындар «Жақсы қыз –жағадағы құндыз», «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген ғибратты сөздерді үнемі басшылыққа алып отырса, нұр үстіне нұр.

news310120170103

Мешіт имамы жүздесуде ислам дініндегі жастарға байланысты қағидалар мен ұлы пайғамбарымыздың тағылымға толы өсиет сөздері жайлы кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ шара барысында қазіргі уақыттағы өзекті мәселе болып тұрған дәстүрлі емес діни ағымдар жайлы да көптеген мағұлмат беріліп, бейне роликтер көрсетілді.

news310120170104

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником