Қазақстан халқының Ассамблеясы Қарабалық ауданының қоғамдық келісім кеңесі және аудандық ақпараттық- түсіндіру мүшелері Қазақстан агротехникалық колледжінің жатақханасында «Терроризм мен экстремизм – қазіргі заман мәселесі» деген тақырыпта кездесу өткізді.
Жалпы, қозғалған мәселе өте өзекті. Біз терроризм мен экстремизмнің адамзатқа тигізетін зардабын білеміз. Сондықтан жастарымыздың осындай жағымсыз әдеттерден аулақ болуы қазіргі таңда аса маңызды.
Кездесу барысында Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Темірбекұлы студенттерге терроризм мен экстремизм жайлы және террористтік акт ұйымдастырушылардың мақсаты жөнінде жан-жақты әңгімеледі.
Бозбалалар дін қайраткерінің әңгімесінен көп жайды көңілдеріне түйді. Мұндай басқосулардың өте маңызды екендігіне көздері әбден жетті.