Жуырда Амангелді ауданы Есір ауылдық жастарының дайындауымен «Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед» атты рухани Мәуліт кеші болып өтті.
Аталмыш шараға Амангелді селосының әкімі Гаухар Мұратқызы келушілерді «Мәуліт» мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек жиналған қауымға уағыз насихат айтты.
Жиында «Пайғамбарлардың сұлтаны» атты термені Серікболсын Әбікенов орындап, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Ауыл жастары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті. Сөйтіп, бас қосқан ағайындарды бір серпілтіп тастады.
Ұзын сөздің қысқасы, ауылдағы Мәуліт мерекесіне арналған кеш барша мұсылмандарға үлкен ой салып, рухани жағынан байытты.