Жуырда Алтынсарин аудандық «ALDIARULY JANUZAQ» мешітінің ұйымдасыруымен аудандық мәдениет үйінде Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күні Мәуліт мерекесі аясында «Адамзаттың абзалы» деп аталатын рухани кеш өткізілді.
Осы кештің жалғасы ретінде үстіміздегі Жастар жылына байланысты жас отбасылар арасында «Мерейлі отбасы» байқауы да ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат - жас отбасылар арасында Ислами және ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
Бағдарламада қатысушылар өз отбасымен таныстырып, ұлттық салт-дәстүрге және басқа да әдет-ғұрыптарға байланысты сауалдарға нақты жауап берді. Осы шараның демеушісі Шоқай ауылының тұрғындары Рамазановтар отбасы.