Таяуда Қазақстан мұылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен төралқа мәжілісі болып өтті. Оған барлық өңірлердегі өкіл имамдар қатысты.
Онда еліміздегі барша дін қызметкерлерінің алдында тұрған нақты міндеттер мен жұмыс жоспарлары бекітілді.
Үстіміздегі жыл «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланды. Басшылыққа алынар негізгі төрт бағыт та айтылды.
Қостанай облысының Бас имамы төралқа мәжілісінен оралған соң, өңірдегі қала және аудан имамдарымен жиын өткізді.
Мұнда Бектұрсын қажы Торғайбайұлы биылғы жүзеге асырылар маңызды істерге жан-жақты тоқталды. Өз пікірін түйіндей келе өткен жыл қорытындысында көзге түскен бір топ имамдарға Бас мүфтидің атынан Алғыс хаттарды табыс етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі