Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

"Әбу Ханифа" медресесі

«Әбу Ханифа» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды

«Әбу Ханифа медресесі» орта кәсіптік білім беру деңгейіндегі «исламтанушы» мамандығы бойынша оқытатын діни оқу орны.

Ол ҚР Әділет министрлігінің №114536-1910-М-е нөмірімен тіркеліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінен №0142685 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын алған. Медресенің оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Оқу түрі күндізгі. Медресе қабырғасында еліміздің түрлі аймақтарынан келген 60 шәкірт білім алуда. Оның ішінде 29-ы І - курста, 18-і ІІ - курста және 13-і ІІІ - курста білім алуда. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарға қатысып, өзіндік жұмыстармен айналысады.

Оқу жылының соңында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.Аталмыш оқу орнында діни біліммен қатар қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген пәндерден де білім беріледі. Медресенің оқу ғимараты мен жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оқу ордасына қажетті барлық жиһаз, соңғы техникалық құралдармен, компьютерлік сыныптарымен қамтамасыз етілген, кітап қоры бай кітапханасы да бар.

Болашақта медреседе маман дайындау деңгейіне, білім бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына, білім беру үрдісіндегі кадрлық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етудегі талаптар күшейе бермек. Өйткені, алдағы уақытта үлгерімі жоғары түлектерге өз білімдерін Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінде тегін жалғастыруына мүмкіндік берілген.

2015-2016 оқу жылдарына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға түсемін дейтін талапкерлерге тамыз айының 10-20 аралығында емтихан болады.

Қазіргі таңда оқуға түсуге қажетті құжаттар қабылданып, дайындық курсы жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық.

Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен жүргізіледі.

Оқу түрі күндізгі, оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай, бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Мемлекеттік лицензиясы: №14005315.

Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжрибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
- Медресе директоры атына өтініш;
- Жергілікті имамдардың берген ұсынысы;
- Өмірбаян ;
- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы) ;
- 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюрография) ;
- 63 үлгідегі анықтама ;
- Психодиспансерден анықтама ;
- Наркодиспансерден анықтама ;
- Көлемі 3*4 сурет (6 дана) 4*6 сурет (1 дана) ;
- Жеке куәліктің көшірмесі ;
- Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі ;
- Тұрғылықты жерден анықтама ;
- Сотталмағандығы жөнінде анықтама ;

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көш-і, 12.
Байланыс тел: 8 (727) 397 63 03; +7 702 305 04 35; + 7 701 644 48 49

алдыңғы мақала
«Үшқоңыр» медресесі
кейінгі мақала
«Ақтөбе» медресесі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником