Әуликөл ауданы «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Балахмет Нұрбол Исламұлының бастамасымен “Нұр Отан” партиясы филиалы өкілдері, №15 өртке қарсы қызметі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында бірлескен дөңгелек столы болып өтті.
Жиында төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы подполковник Д.Төрежанов елімізде орын алған сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айта келіп, ол үшін қандай жаза қолданылатынын егжей-тегжейлі атап өтті.
Сонымен бірге “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Есенғалиевте «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасымен жиналғандарды таныстырып өтті.
Бас имам Балахмет Нұрбол да Ислам дінінің жемқорлыққа көзқарасы, теріс ағымдар мен діни экстремизмді насихаттаушылардан сақтану жолдар туралы айтып өтті.
Шараның соңында төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 20 жыл толуына орай бөлімнің үздік қызметкерлері прапорщиктер Аманқарағай селосы №1 өрт сөндіру постының жүргізушісі Сергей Малышев, №15 өрт сөндіру мекемесінің өрт сөндірушісі Владислав Муфтахов, Құсмұрын поселкесі №2 өрт сөндіру постының бөлімше командирі Мирам Қадырбековтер марапатталды.
Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор
Елбасының қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауын теледидардан тікелей эфир арқылы тыңдап, ондағы айтылған тұжырымдарды толығымен қолдаймын.
Онда еліміздің алдында тұрған міндеттер айқындалған. Енді біздің алдымызда тұрған басты мақсат – маңызды құжатта көрсетілген ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға өзіміздің лайықты үлесімізді қосу.
Өздеріңіз де байқаған боларсыздар мемлекет басшысы халқымызды әлеуметтік жағынан қорғауға ерекше назар аударып отыр
Сондай-ақ үнемдеу жайына да көп көңіл бөлінген. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қиындықтарды жеңе отырып, әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылуға бәріміз ат салысуымыз қажет.
Аталған Жолдауды барша дін қызметкерлері қолдайды. Дағдарыс та уақытша екендігі белгілі. Сондықтан ұйымшылдық таныта отырып, әрқайсысымыз өз саламызда белсенділік танытқанымыз жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында тәуелсіздік алған 24 жылда толағай табыстарға қол жеткіздік. Алдағы уақытта да бүкіл еліміздің халқы талай асуларды алатындығына нық сенімдімін.
Хасен ӘЛІМБАЕВ,
Әулиекөл ауданы
Соснов ауылының молдасы
Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты дейтін болсақ, еліміздің әрбір азаматы үшін Тәуелсіздік күні − ерекше қастерлі күн. Бұл күн біздерге оңай келмегені рас. Олай болса тәуелсіздікке қалай келдік, оны қайтсек баянды етіп өскелең ұрпаққа аманаттаймыз.
Осы мақсатта Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешітінде «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз» деген тақырыпта Қазақстан агро техникалық колледж студентері және № 3 Қарабалық орта мектебі оқушыларының қатысуымен дөңгелек стол өтті. Келелі мәжілістің қонақтары ретінде аудан әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Зульфия Сапарғалиқызы, аудандық ардагерлер төрағасы Сания Султанбекқызы, № 3 Қарабалық орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Өтешев Ақылбек және мешіт жамағаттары арнайы шақырылды.
Еліміздің әнұранымен бастау алған мәжілісті мешіт бас имамы Төлеген қажы Арғынбайұлы жүргізді. Еліміздің кешегісі мен бүгінгісі жайлы тұғырлы ой айтылған келелі кездесуде жастарға тәуелсіздік жайлы түсірілген «Тәуелсіз Қазақстан» атты деректі фильм көрсетілді.
Кездесу соңында ақ дастарханның үстінде еліміздің егемен ел болу жолында жанын құрбан еткен ата-бабаларымызбен ызғарлы желтоқсанда елінің болашағы үшін жандарын аямаған батыр ұл-қыздарымызға қасиетті Құран оқылып, дұға жасалды.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өзінің кезекті сапарын облысымыздың оңтүстігіндегі Наурызым ауданынан бастап, Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарында болып, жергілікті мешіттермен және атқарылып жатқан шаралар барысымен танысты.
Өкіл имам Наурызым ауданындағы «Түркебай», Арқалық қаласында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіттерінде жұртшылықпен және сол жердегі діни сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп, уағыз-насихат айтып, «Арқа дидары» телеарнасы журналистеріне сұхбат берді.
Торғай өңірінің Амангелді ауданындағы «Сатыбалды ишан», және Жангелдин ауданының орталығындағы «Оспанқожа әулие» мешіттеріндегі жамағатпен кездесу де жоғары деңгейде өтті.
Аталмыш кездесулерде өкіл имам үстіміздегі жылы қабылданған ҚМДБ Тұғырнамасы мен Бас мүфти хазреттің тапсырмасы негізіндегі төрт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге қазіргі таңдағы теріс ағымдардың зардабы жөнінде айта келіп, жастарды одан барынша сақтандыру керектігін, халық арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты барынша нығайтуға шақырды.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Барша ғаламды жоқтан бар қылушы, бізге ризық-несібемізді беруші, нығметтерінің ең ұлысы Ислам, иман нығметтерін нәсіп қылушы және бізді мұсылмандардан етіп жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қияметке дейін ізгілікте ерген әрбір момын мұсылманға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемдері болғай.
Ислам әлемінде бұл күнді, Мәулид ән-Нәби (с.ғ.с.), яғни Пайғамбарымыз Мұхаммадтың (с.ғ.с.) туылған күні деп атайды. Жалпы әлем мұсылмандары көбінесе Алла Елшісінің (с.ғ.с.) туылған күнін бір ай көлемінде атап өтеді. Осы мәуліт айының басы, биылғы жылы желтоқсан айының 22-нен 23-не қараған күнге сәйкес келіп отыр.
Иә, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуі Ұлы Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рахым етіп қана жібердік»,-деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан, оның дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмметі үшін үлкен қуаныш. Алла Елшісі (с.ғ.с.) дүниеге келмей тұрған уақытта, барша ғалам қараңғылықта тұншығып жатқан-ды. Адамзат небір меңіреу пұттарды Құдай деп танып, ес-түссіз құлшылық етті. Ақ, қара саналып, асыл құнсызданды. Небір сорақы істер мен арсыз қылықтар игілікке бағаланып жатты. Осы бір сұрапыл да қараңғы түнекте Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келді.
Жалпы алғанда, мәулітті ең алғаш атап өткен адамзаттың ардақты тұлғасы – хазреті Мұхаммадтің (с.ғ.с.) өзі десек, ақиқатты айналып өткендік болмайды. Өйткені, имам Муслимнің хадистер жинағында, Әбу Қатададан риуаят етілген хадисте: «Алла Елшісінен (с.ғ.с.) дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұралған еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл күні мен дүниеге келдім әрі елші болып жіберілдім немесе бұл күні маған Құран түсті», - деп жауап берген. Яғни, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жылда бір рет емес, әр дүйсенбі сайын ораза ұстау арқылы туылған күнін атап өткен. Хадисте Расулулланың (с.ғ.с.) дүниеге келген күнінің ерекшелігі мен қасиеттілігі, тіпті, бұл күнде Ұлы Жаратқанға шүкір ниетімен ораза ұстаудың сауаптылығы айтылған.
Мәулітті атап өтудің мән-маңызы мен негізінде, Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген махаббат жатыр. Алғашқы үш ғасырда (сахаба, табиғин, әтбағут-табиғин) мәулітті ресми түрде атап өту әдеті болмаған. Дегенмен, сахабалардың заманында жыл санауды белгілеуге қатысты айтылған ұсыныстардың ішінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнінің де ескеріліп аталуы, ардақты сахабалардың арасында осы күннің ерекше мәңге ие екендігін көрсетсе керек.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін атап өту рәсімі, һиджри жыл санауы бойынша VI ғасырда (миләди XIII ғ.) пайда болған. Десек те, кейбір тарихи деректерде, мәулітті атап өту, һиджри ІІІ ғасырдан бастау алғандығын көреміз. Сол кезге дейін бірде-бір мұсылман ел басшысы немесе мұсылман қара халқы мәулітті атап өтпетін-ді.
Әйгілі мұсылман ғалымы әс-Сахауидің бұған қатысты: «Мәуліт һижри жыл санағымен ІІІ ғасырдан соң пайда болды. Содан бастап әлемде мұсылмандар мәулітті садақа берумен және «мәуліт қасидаларын» оқумен атап өтетін болды», - деген сөзі бар («Мұхаммад», Мұхаммад Риза).
Фатимиліктер үш ғасыр бойы (һиджри 296-567 ж.ж.) Мысырды билеп, сонда халифат (мемлекет) құрған болатын. Мәселен, әйгілі тарихшы Макризи өзінің «әл-Хутат» атты еңбегінде фатимиліктер жайында былай деген: «Фатимиліктер көптеген мейрамды заңдастырып, жыл бойы барлығын атап өтетін. Сол мейрамдардың ішінде мәуліт те болды...».
Мысырлық мүфти, шейх Мұхаммед Бұхайт әл-Мутыи келтірген деректерге сүйенсек, мәулітті ең бірінші болып фатимилік патша әл-Муиз атап өткен. Тарихтағы алғашқы мәуліт қуаңшылық пен аштық кезеңіне сай келгендіктен әл-Муиз, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнінің құрметіне салтанатты түрде, мәуліт мейрамын ұйымдастырып, аталмыш мерекелік жиын барысында адамдарға сыйлықтар мен садақалар үлестірген. Сондықтан, әл-Муиз өткізген мәуліт жиынындағы таратылып берілген сыйлықтар мен садақалар, қалың жұрттың бір қажетін өтеген болатын («Ахсану әл-калям фима йата`алләку биссуннати мин әл-ахкам»).
Уақыт өте кресшілермен болған күрестің қаһарманы сұлтан Салахуддин әл-Айюби фатимиліктерді талқандап, оларды Мысырдан тықсыра қуды. Онымен шектелмей, сұлтан Салахуддин фатимиліктердің мейрамдарының барлығына тыйым салды. Өйткені, бастапқы кезеңдерде мәуліт тек фатимиліктердің халифатында ғана аталып өтілетін еді.
Жоғарыда айтылған оқиғалардан соң һижра күнтізбесінің VI ғасырында Ибрил қаласының (Ирак) әкімі, сұлтан Салахуддин әл-Айюбидің күйеу баласы сұлтан Әл-Музаффар Әбу Саид Көкбөрі, халықтың кейбірі мәулітті үйлерінде жасырын түрде атап өтетінін байқаған. Нәтижесінде, Әл-Музаффар мәулітке рұқсат беріп, бұқара халықтың мейрамы ретінде аталып өтілуін ұйғарған. Сонымен қатар, ол шатырлар тіккізіп, рабиғул-әууәл айы бойы азық-түлік пен сыйлықтар таратылуын бұйырған. Осыдан соң мәуліт мейрамы жыл сайын аталып өтілетін халықтық мерекеге айналды. Имам Ибн Кәсир өзінің «Әл-Бидая уан-ниһайа» кітабында былай деген: «Әл-Музаффар Әбу Саид Көкбөрі өте қырағы, жаужүрек және әділ болумен қатар, ғалым болатын» («Әл-Бидая уан-ниһайа», «Әл-Музаффар Әбу Са`ид Көкбөрінің басқаруы»).
Әлемді мекендеуші екі миллиардтан астам мұсылман қауымының сүйікті Пайғамбары (с.ғ.с.), екі дүние бақытының жолбасшысы, әлемнің жарық нұры, Пайғамбарлардың ең абзалы – Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) милади 571 жылдың 20-шы сәуір, рәбиғул-әууәл (ай күнтізбесі бойынша) айының 12-ші түні, дүйсенбінің таң-сәресі уақытында Мекке мүкаррамадағы Абдулмутталиб шаңырағында дүниеге келді. Сондықтан да әр жылы осы күнді құрметтеп, Алла Тағаланың бізді ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сүйікті үмметі қылып жаратқандығына шүкіршілігімізді білдіріп, салауат-сәлемдер айтамыз.
Жер жаһан мұсылмандары осынау мүбарак түнді жыл сайын Мәуліт мерекесі ретінде атап өтеді. Пайғамбарымыздың ұлты – араб, Құрайыш тайпасының Хашимұлдары әулетінен шыққан. Әкесі - Абдолла, анасы - Әмина еді.
Дүниеге келген шағында зыр жүгіріп қызмет еткен әйелдер: Шифа, Фатима, оларға Үммү Әйман да қолғабыс жасаған. Олардың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыларда үй іші нұрға толып кеткен. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ИбраҺимнің (ғ.с.) дұғасын алған, Иса (ғ.с.) Пайғамбар оның келетіндігін алдын ала сүйіншілеген, анасы Әмина оны түсінде көрген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылмай тұрып, әкесі ауырып көз жұмып, Мәдинада жерленген. Сондықтан ол әкесін көре алмады. Төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Әминаның қолында өсті. Алты жасында анасы Әмина оны туған-туыстарын аралатып, әкесінің қабірін зиярат етіп қайту үшін Мәдинаға апарды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы Абдулмұтталибтың шешесі Сәлма мәдиналық болғандықтан, сол жақта туыстары тұратын. Әкесінің қабірі нағашы ағасы Нәбиғаның ауласында еді. Хазреті Әмина баласымен бірге күйеуі Абдуллаһтың қабірін зиярат етті. Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыстарымен танысып қайтты. Қайтып келе жатып Әбуа атты жерге жеткенде Әмина анамыз ауырып қайтыс болады. Сүйегі сонда қойылды. Осы сапарға бірге шыққан Үммү Әйман пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Меккеге әкеліп, атасының қолына табыстайды.
Алты жасынан сегіз жасқа дейін атасы Абдумұтталибтың тәрбиесінде болды. Атасы өлер алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауды өсиет етеді. Көкесінің қойларын бағып, үйдегі жұмыстарға да қолғабыс тигізеді. Он үш жасынан бастап саудаға араласып, ерекше адалдығымен көзге түседі.
Жиырма бес жасқа келгенде хазреті Хадиша (р.а.) анамызға үйленді. Ол кезде Хадишаның жасы қырықта еді. Оған үйленерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ел ішінде сенімділігі мен танымалдығы үлкен рөл ойнайды.
Отыз бес жасында Қағбаға тасты қоюға таласқан тайпалар арасын татуластырып, әділ төрелік етті де олардың арасында тұтанғалы тұрған қақтығысты болдырмады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қырық жасқа жақындағанда елден жырақ кетіп, жаратылыстың тылсым құпияларына оңашада ой жіберуге құмартты. Ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып-тұруды әдетке айналдырды. Қырық жасқа толған 610 жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ.с.) періште арқылы уахи жолымен ең алғашқы «Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен оқы!» деген аяттар түсті. Осыдан барып Жаратушы тарапынан оған «Пайғамбарлық» міндет жүктелді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шақыруымен Ислам дінін алғашқылардың бірі болып хазреті Хадиша (р.а.), Әли (р.а.), Харисұлы Зәйд (р.а.) және Әбу Бәкір (р.а.) қабылдады. Артынша хазреті Осман (р.а.), Ауфұлы Абдуррахман (р.а.), Әбууаққасұлы Саад (р.а.), Талха (р.а.) мен Зүбәйрлер (р.а.) тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болды. Алғашында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және оған ергендер пұтқа табынушылар тарапынан көп қиындық көрді. Тіпті хазреті Ясир мен әйелі Сүмәйя Алла жолында жанын қиып, алғашқы шейіт болды. Біләл (р.а.), Әбу Фуқаһа (р.а.), Әратұлы Хаббаб (р.а.) секілді ер кісілер мен қатар Үммі Абис ( р.а.), Нәхдия (р.а.) мен Зиннира (р.а.) секілді әйел мұсылмандардың да басына қайғы бұлты үйірілді.
Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза (р.а.) мен Омар (р.а.) сияқты нағыз қаһарман ер жүрек кісілер Исламды қабылдады. Сол жылдары кейбір мұсылмандар Алла Елшісінің (с.ғ.с.) рұқсатымен Эфиопияға көшті. Пұтқа табынатындар мұсылмандарды оқшаулап жұртпен араласуға шектеу қойып, құртып жіберудің айла-шарасын жасап бақты. Олармен сауда жасауға, араласуға қатаң тыйым салды. Бұл үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың оныншы жылы хазреті Хадиша (р.а.) мен Әбу Тәліп қатар көз жұмды. Дін дұшпандарының зорлық-зомбылығы тіптен арта түсті. Өйткені, олар беделді де, абыройлы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп қолдау көрсеткен жақындары еді. Қатты қайғырған Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) өзіне қолдау іздеп Тайыф қаласына барды. Бірақ, тайыфтықтар оны келеке етіп таспен атқылап, үсті-басын қан-жоса етті. Шаһар сыртындағы тауды паналап, әрең аман қалды.
Осындай аса қиын-қыстау кезеңде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінде «Миғраж» оқиғасы орын алды. Алла Тағаланың құзырына барып, оның бірқатар бұйрықтарын тікелей Өзінен естіп-біліп қайтты. «Исра» сүресінің 22-39 аяттарында айтылатын 12 бұйрық та осы түні түскен болатын.
Қиындықтардың ешқайсысына мойымай Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Исламды уағыздауды жалғастыра берді. Арада бір-екі жыл өткенде «Ақаба анттары» қабылданды. Артынша-ақ, Алла Тағаланың аян беруімен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұсқауымен мұсылмандар Меккеден Мәдинаға көшті. Хижра жыл санауы осылай басталған болатын. Жұрттың соңында Расулымыз (с.ғ.с.) қасына Әбу Бәкірді (р.а.) ертіп, Меккеге жол тартады. Пұтқа табынушылар олардың ізін өкшелеп Сәуір үңгіріне дейін қуып барады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшкен мұсылмандарды – мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын берген мәдиналықтарды – ансарлар (бауыр) деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылмандар арасында Бәдір, Ұхуд, Хандақ, секілді бірнеше соғыстар болды. Мәдина маңайын бұрыннан мекен етіп келе жатқан иаһудилер бар еді. Қайнұқа, Нәдір мен Құрайза деп аталатын бұл иаһуди тайпалары мұсылмандармен тістесіп, тіресуін қоймады. Үнемі арадағы келісімдерді орындамай, бұзып отырғандықтан, олар ол маңнан қуылды.
630 жылы Меккені азат етті. Кезінде өзі қуылған Меккеге қайта басып кіргенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне жаманшылық жасағандардың барлығын кешірді.
Алла Елшісі (с.ғ.с.) 632 жылы қажылық кезінде Арафатта жүз мыңнан аса мұсылмандарға арнап сөз сөйледі. Исламның қысқаша түсінігі, адам құқықтары жөнінен өте үлкен мәнге ие бұл сөзі, Ислам тарихында қоштасу хұтпасы деп аталды.
Ислам дінін асқан сабырлылықпен, үлкен ыждағаттылықпен адамзат баласына жеткізген сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 632 жылы дүйсенбі күні бақилыққа аттанды. Жаназа намазы өз үйінде оқылып, сол жерге арулап жерленді.
Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) қиямет қайымға дейінгі болашақ нәсілдерге теңдесіз үлгі-өнеге болатын ең ұлы тұлға. Оның кемелдігі мен ұлы тұлға болуының іргесі – көркем мінез-құлқының арқасы. Ол туралы Құран Кәрімде былай делінген: «Сөзсіз, сен ұлы (көркем) мінезге иесің» (Қалам сүресі 4-аят). Ол тек сөз жағынан Құранды үйреткен мұғалім емес, ондағы иләһи бұйрықтарды өз өміріне енгізіп, Құранның жанды үлгісі бола білген қасиетті жан. Сахаба Жәбир (р.а.) келтірген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағала мені көркем мінез-құлықты толықтыру үшін жіберді»-деген. ( Муатта 904; Бәйхаки, әс-Сунәнул Кубра Х, 192)
Нұрлы келбетінен тартымдылық пен шешендігі байқалатын. Артық сөз сөйлемей, әрбір сөйлеген сөзі даналық пен үгіт-насихатқа толы еді. Оның киелі аузынан ешқашан өсек, яки, бос сөз шыққан емес-ті. Қарсы алдында тұрған адамның түсінігіне қарай сөйлеп қарым-қатынас жасайтын. Ол әрқашанда сыпайы, кішіпейілді және жайдары болатын. Тіпті оның қатты дауыстап күлгенін көрген жан жоқ еді. Зиялы қауым өкілдеріне де, олардың мәртебелеріне де үлкен құрмет көрсететін. Туған-туысқандарына ерекше көңіл бөліп, оларға да құрметпен қарайтын. Өз отбасына сондай-ақ, ардақты сахабаларына да жақсы қарым-қатынаста мәміле жасайтын. Қол астындағы қызметшілеріне де жылы шыраймен қарап, олардың ризашылығына бөленіп, өзі не ішіп-жесе, не кисе, соны оларға да ішкізіп-жегізіп, киіндіретін. Қашанда мейірімі мол ерекше қамқоршы еді. Кезі келсе батылдылық танытып, кейде жұмсақ мінезін көрсететін. Берген уәдесіне берік, сөзіне шыншыл еді. Мінез-құлқы мен ақылдылығы, парасаттылығы тұрғысынан барлық адамзаттан үстем әрі ұлы мақтауға лайық болатын. Қысқаша айтар болсақ, дене бітімі әдемі, жаратылысы кәміл, теңдесі жоқ киелі жан болатын. Пайғамбар (с.ғ.с.) қажет деп тапқан кезде ғана сөйлеп, көбінесе үнсіз әрдайым терең ойларда жүретін. Бір сөзді бастағанда, әңгімесін толығымен жеткізіп, әрбір айтқан сөзінің астында астарлы мағына жататын. Жаратылысы жұмсақ болғанымен, асқан дәрежеде берік те айбатты еді.
Ол ешкімнің үйіне иесі рұқсат бермейінше кірмейтін. Өз үйіне келгенде де үйде өткізетін уақытын үшке бөлетін: Бір бөлігін – Аллаға құлшылық жасауға, екінші бөлігін – отбасына, үшінші бөлігін – өзіне. Адамдарды ақ-қара деп бөлмей, барлығына бірдей қарап, оларды риза ететін. Сондай-ақ әрбір іс-қимылын зікірмен орындайтын.
Кімде-кім одан қажет бір нәрсе сұраса, сұраған нәрсесі маңызды ма жоқ па, оны бермейінше көңілі тыныштық таппайтын. Егер сұраған нәрсесі табылмаса, ол мұқтаж адамның көңілін қалдырмай, жылы сөздермен шығарып салатын. Әркімнің қайғы-қамына да ортақтасатын. Адамдарды бай немесе кедей, ғалым, яки, надан деп қарамайтын. Бәріне бірдей адамзат баласы ретінде мәміле жасайтын. Мәжіліс жасағанда сыпайы, ғылыми және сабырлылықпен өткізетін. Қателігі мен кемшілігіне бола ешкімді кекетпейтін. Ескерту жасағанның өзінде де қасындағы адамды ренжітпей, сыпайы түрде ымдап қана қоятын. Өзгелерге жаман ойда болу, олардың артына түсіп аңду, Алла Тағала тарапынан рұқсат етілмегендіктен, ешкімнің айып-қателіктерінің соңына түсіп аңдымайтын және бұлай істейтіндерге тыйым салатын.
Олай болса екі дүние жақсылығына жеткіміз келсе, құрметті Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өзімізге үлгі тұтып, көркем мінезін басшылыққа ала отырып, әрдайым сүннетімен жүруге тырысуымыз қажет. Желтоқсан айының 22-нен бастау алып, бір ай бойы мәуліт айының қадір-қасиетін ұғынып, мәуліт қасидаларын оқып, Пайғамбарымызға салауат-сәлемдер жолдап, Құран Кәрімді көбірек оқуға ынталанайық. Мәуліт күндері мештерімізде айтылатын уағыз-насихаттарға құлақ асып, Алладан күналарымыздың кешірілуін тілейік. Мәуліт айының шарапатымен жүрегіміздегі дақтарды кетіріп, Аллаға деген сенімімізді кемелдендіріп, Пайғамбарымызға деген махаббатымызды арттырайық.
Ислам ғұламаларының мәуліт айын мерекелеуге қатысты айтқан сөздері мен берген бағалары орасан зор.
«Сахих Муслим» түсініктемесінің авторы имам Науауидің ұстазы шейх Әбу Шама бұл мейрамға анықтама беріп: «Біздің дәуіріміздегі жақсы амалдың бірі – мәулітті садақа берумен, уағыз айтумен және өзара қуанышты көңіл-күймен өткізу. Осының бәрі Нәбиге (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен құрметтің әрі Алла Тағалаға болған шүкіршіліктің белгісі».
Имам Суютый, тәпсір саласында беделді «Әл-Жәмиу ли ахкамиль-Қуран» атты еңбектің авторы: «Менің пікірімше, адамдардың мәуліттің құрметіне жиналып Құран оқуы, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығы, дүниеге келуі турасында әңгіме етуі, ысырапкершіліктен сақтанып ас ұсынуы Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген құрмет ретінде жасалған игі әрі сауапты іс және қуаныш»,- деген.
Ас-Сахауи айтқан: «Исламның алғашқы үш ғасырында саләф салихтардың еш бірі мәулітті атап өтпеген. Себебі бұл мәулітті атап өту үрдісі кейіннен пайда болған. Бұл күні Ислам әлемінің түкбір-түкбіріндегі мұсылмандар садақалар үлестіріп, мәуліт қасидаларын оқиды және сол күнді дәл осылай өткізгендері үшін оларға Алла Тағаланың берекеті жайылады» (Әли ибн Бурһануддин әл-Хәләби «әс-Сира әл-Хәләбийя» 1-том, 83-84 беттер).
Ибн Джаузи айтқан: «Бұл мейрамның ерекшеліктерінің бірі – тыныштық, қуаныш және мақсаттардың орындалуы» (Әли ибн Бурһануддин әл-Хәләби «әс-Сира әл-Хәләбийя» 1-том, 83-84 беттер).
Ибн әл-Хадж айтқан: «Алла Тағаланың бізге сондай керемет нығметті – Пайғамбарды (с.ғ.с.) нәсіп еткендігі үшін, рабиғул-әууәл айының 12-сі, дүйсенбі күні барлығымыз көп құлшылық жасап, шүкіршілік қылуымыз қажет» («әл-Мадхал илә ат-Тасаууф» 1-том, 361-бет).
Ибн Абидин айтқан: «Рұқсат етілген бидғаттардың бірі – Пайғамбарымыздың туылған күнін атап өту екендігін, әрдайым білім жүрген ләзім». Сол сияқты ол былай деп те айтқан: «Бұл күні Пайғамбарымыздың өмір жолы мен мұғжизаларын танып білу үшін жиналу – мустахаб (ұнамды іс). Себебі осылай жасау, Алла Тағалаға жақындаудың ең дұрыс тәсілі».
Шейх Мұхаммад Мутауәлли аш-Шағрауи айтқан: «Біздің, жыл сайын осынау ұлық оқиғаны, Мәуліт мейрамын атап өтуге, қуануға хаққымыз бар».
Сонау замандарда, Түркістанның «шейхул-исләм» атағына ие болған ғалым, Әл-Мубашшир ат-Тарази мәуліт мейрамына қатысты былай деп айтқан: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін атап өту міндет (уәжіп). Себебі бұл мейрам, біздің заманымызда ойлап табылған түрлі зиянды мерекелерге қарсы тұруға, септігін тигізеді».
Мұсылман әлемі мәулітті қалай атап өтеді?
Мәуліт бүкіл мұсылман әлемінде мейрам түрінде өткізіледі. Мәселен, Сирия, Мысыр, Ливия, Иордания, Тунис, БАӘ-де мәуліт мемлекеттік мейрам ретінде бекітіліп, бұл күні ресми демалыс болып есептеледі. Ал Пәкістанда пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күні үш күн бойы тойланады.
Көптеген мемлекеттерде рабиғул-әууәл айы бойы мәуліт тақырыбында уағыз-насихат жүргізіліп, барлық мешіттерде Құран, мәуліт қасидалары оқылып және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы жайында уағыздар айтылады.
Сонымен қатар бірқатар мұсылман мемлекеттерінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы тақырыпта мақалалар жарияланып, теледидар мен радиоларда арнайы бағдарламалар жүргізіледі. Кейбір мұсылман мемлекеттерінде жоғары лауазымды тұлғалар, мереке тойланатын жерлерге барып, мұсылмандарға құттықтау жолдайды.
Ендеше, еліміздің барша мұсылман жұртын осы қасиетті Мәуліт айының мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала еліміздің тұғырын биік, тәуелсіздігін баянды қылғай!
Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

Бүгін Елордада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2015 жылды қорытындылауға арналған Үлкен Төралқа мәжісілі өтуде.
ҚМДБ-ның облыстардағы бас имамдары Бас мүфтиге, Орталық Аппарат қызметкерлеріне атқарылған жұмыстар бойынша есеп беруде. Имамдар есеп беру мәжілісінде ҚМДБ төрағасы бекіткен негізгі төрт бағыт бойынша, атап айтқанда, уағыз-насихат, қайырымдылық, жат ағымдардың идеологиясына тойтарыс беру, мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының жұмысы және бұдан өзге жүзеге асқан іс-шаралар туралы баяндауда.
ҚМДБ-ның жылдық есебі бойынша 2015 жылы 802 тұлға жат ағымдардың жетегінен дәстүрлі дінімізге қайтты.
Осы жылы ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі «шариғи», «әлеуметтік», «медицина», «отбасы мәселелері» бағытында 13 пәтуаны қабылдап, шешім шығарды.
Республика бойынша «Құран жарыстары», «сауат ашу курстары», «сенбіліктер», «пікірталастар», «викториналар», «рухани кештер» секілді іс-шаралар ұйымдастырылды. Жастардың қатысуымен 3010 кездесу өтсе, 315 әртүрлі акциялар ұйымдастырылып, оған 128 000 азамат қатысты. 423 000 оқушы, студентке уағыз-насихат айтылды.
2015 жылы ҚМДБ-ның облыстық жерлердегі Түзеу колонияларындағы сотталушылармен түсіндірме жұмысын жүргізетін арнайы имамдар құрамы жасақталды. Олар террористік және діни экстремистік идеяның таралуына жол бермеуге бағытталған түсіндірме шараларын белсенді жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылы экстремистік әрекетке қатысты жазасын өтеуші 723 тұлғаға қатысты жеке түсіндірме жұмысы жүргізілді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
Өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлының кезекті іс-сапары Торғай аймағында өз жалғасын тапты. Желтоқсан айының 15-16 күндері Арқалық қаласында болып, қаланың тыныс тіршілігі, діни ахуалымен танысты.
Алғашқы күні қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» діни сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп, уағыз-насихат айтты. Ынтымақты ауызбіршілікте болып, әрқандай ағым жетегіне ілесіп кетпей, тек қана имамның соңынан жүріп, дініміз Исламның өркендей беруіне өз үлестеріңізді тигізе біліңіздер деп, өкіл имам жас та болса, бұл саладағы тәжірибесінің мол екендігін және өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтындығын байқатты.
Келесі күні қала әкімі Бекмұхамедов Ғазиз Ерболатұлымен жүздесіп, аймақтың діни ахуалы, қалалық мешітті діни кадрлармен толықтыру жайлы сұхбаттасып, облыс бойынша алға қойған мақсаттары мен жоспарын айтып өтті.
Мұнан соң қалалық «Арқа дидары» телеарнасына сұхбат беріп, тілшілердің сауалдарына тұшымды жауап берді.
Кейін мешітте жиналған көпшілікке насихат айтты. Мұнда мешіттің тұрақты жамағаты, алқа мүшелері, ардагерлер ұйымынң төрағасы, әкім орынбасарлары қатысты.
Өкіл имам өз сөзін қазақ халқы үшін маңызды болған тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаумен бастап, бұл күннің біздер үшін қаншалықты қымбат екендігін тілге тиек етті. Отанды сүю, әдет-ғұрыпты дәріптеу, ата-анаға қызмет жасау, жат ағымдарға тосқауыл қойып, дәстүрлі дініміз Исламды дұрыс насихаттай білу жайлы мағұлмат айтты. Жиын соңынан еліміздің тәуелсіздігі үшін жандарын пида еткен ата-бабаларымыздың рухына арнайы құран бағышталды.
Облысымыздың жаңа діни басшысына жиналған жамағат шынайы ризашылықтарын білдіріп, еңбегінің елеулі, жұмысының әрқашанда жемісті болуына тілек білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Тәуелсіздік күніне орай Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед»
мешіті қала бойынша жастар арасында дөңгелек үстел, бірқатар патриоттық кездесулер өткізді.
Атап айтар болсақ: №1-ші мектептің 9 және 10-шы сынып оқушыларымен, «Қайрат» спорт кешенінің жас спортшыларымен және Ә.Боранбаев атындағы театрында колледж студенттерімен «Жастар ұйымымен» бірлесе отырып «Тәуелсіздік тірегі – иманды жастар» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл кездесулерде мешіт имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жастарға «иманды да ибалы болу, отанды сүю, құнды қазыналарымыз салт-дәстүрімізді дәріптеу, дініміз бен тілімізді құрметтеу» жайындағы әңгімелерді насихаттады...
Сондай-ақ бұл кездесуге сонау 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасының куәгері болған, бүгінде қалалық кітапхана қызметкері Ә.Қарсақбайқызы әділдік іздеп, алаңға шыққан жастардың бірі болғандығын әңгімелеп берді.
Жиналған жастар тәрбиелік мәнеге ие болған насихатты ұйып тыңдап, жақсы әсер алғандықтарын айтып, өз ойларындағы сұрақтарымен, ой-пікірлерімен де бөлісті.