Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 24 Ноябрь 2025 19:49

Кітап – баға жетпес қазына

Көзі қарақты оқырманның есінде болар, Атыраудағы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жаппай кітап оқитын ұлтқа айналудың маңызына ерекше тоқталған болатын. Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Жақында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің кітапханасында «Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» деген тақырыпта көпшілікке ой саларлық жиын болып өтті.

Онда Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев жалпы кітап оқудың мәні мен артықшылығына, парасатты азамат болып қалыптасуда тигізетін ықпалы жайлы кеңінен баяндады. Президенттің көтеріп отырған мәселесі халықтың көкейіндегісін дөп басып, қолдау тапқандығын, жалпы кітап оқу адам баласының ойлау жүйесін қалыптастыруда ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.

Өзге қызметкерлер де сөз алып, кітап оқудың орасан пайдасын мысалға келтіре отырып, кімді болсын рухани жағынан байытып, ой-өрісін дамыта түсетіндігін айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






Понедельник, 24 Ноябрь 2025 14:19

Қажылық-2026 туралы маңызды ақпарат

Қостанай облысы, Аймағамбетов қажы Салықұлы мешітінде Қажылық-2026 маусымына қатысты маңызды мәліметтер жамағатқа жеткізілді.

Кездесу барысында:

  • 2026 жылғы Қажылыққа тіркелудің ресми түрде басталғаны,
  • Сауд Арабиясы тарапынан Қазақстанға 4000 квота бөлінгені,
  • Сол квотаны орындау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы конкурс өткізіп, 14 туристік фирманы таңдағаны айтылды.

Алла Тағала ниет еткен әрбір мұсылманға Қажылық жолын жеңіл етсін!







Понедельник, 24 Ноябрь 2025 10:55

Дәмді ауылындағы кездесулер

Жуырда Науырзым ауданындағы Дәмді ауылында халықпен кездесу ұйымдастырылды. Онда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз туралы насихаттар айтылды.

Сондай-ақ, жергілікті орта мектептегі оқушылармен өткізілген жүздесу барысында оларға сабақтан тыс кездері мешітке келіп, дін қайраткерлерінен дәрістер алу жөнінде де сөз болды.

Басқосуда білім ордасының шәкірттері тарапынан қойылған барлық сауалдарға нақты жауап берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі



Понедельник, 24 Ноябрь 2025 10:47

Мешітте өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Қостанай облысына қарасты қала, аудан мешіттерінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жамағатпен арнайы кездесу өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

Кездесу барысында мамандар тұрмыстық жағдайда өрттің жиі шығу себептеріне тоқталып, электр құралдарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар мешіттердің өзінде де өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, эвакуациялық жолдардың ашық болуы, өрт сөндіргіш құралдардың жарамдылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауап беріп, ақпараттық жадынамалар таратты. Бұл алдын алу шаралары өңір мешіттерінде қауіпсіздік мәдениетін күшейтіп, кез келген төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған.













Воскресенье, 23 Ноябрь 2025 10:34

Ерекше балаларға қолдау көрсетіледі

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызының ұйытқы болуымен “Ана дауысы” атты семинар өткізілді.

Аталмыш семинардың мақсаты - ерекше балаларды тәрбиелеп жатқан аналарға қолдау көрсетіп, көкейде жүрген сауалдарына нақты да септігін тигізер жауап табу.

Жиында жамағат осындай балаларды білікті мамандармен кездестіріп, олардың ой салар пікірлерін тыңдады.

Семинар соңында аналарға гүл шоқтары ұсынылып, массажға тегін сертификаттар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






Четверг, 20 Ноябрь 2025 11:36

Жаркөл мешітінде кездесу

Қарабалық ауданының “Ғашура ана” мешітінің Бас имамы Есбол Айтмұханбекұлы Федоров ауданына келіп “Жаркөл”аудандық мешітінде құптаң намазының алдында “Білімнің маңыздылығы”жайында уағыз насихат айтып сұрақтарға жауап берді. Құптан намазынан кейін құрметті қонаққа және жамағатқа дастарқан жайылып ыңтымақ, бірлік жайында насихат айтылды. Жиын соңында алқа мүшесі Сәбит ақсақал бата берді. Жамағат рухани азық алып, дән риза болып тарқасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі




Среда, 19 Ноябрь 2025 11:30

Кітап оқитын ұлт

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен рухани-танымдық бағыттағы маңызды кездесу өтті. Шараға арнайы шақырылған ақын Абылай Мауданов «Кітап оқитын ұлт» тақырыбында ақсақалдар мен жиналған қауымға тағылымды әңгіме өрбітті. Ол кітап оқудың адам санасын, ой-өрісін кеңейтудегі рөлін атап өтіп, жастар мен үлкендерге пайдалы бағыттарда кеңестерін жеткізді.

Жиынға облыстық кітапхананың мамандары да қатысып, тыңдаушылар назарына арнайы әзірленген кітап көрмесін ұсынды. Қатысушылар еліміздің тарихы, руханияты, әдебиеті туралы құнды еңбектермен танысып, кітапхана қоры жайында мәлімет алды.

Шара соңында сөз сөйлеген дін өкілдері мен ақсақалдар кітап оқуға шақырудың маңызын атап өтіп, қоғам дамуы ең алдымен сауаттылық пен білімге ұмтылудан басталатынын жеткізді.

«Ұлтымыз білімді болса – қоғамымыз түзеледі. Білімге ұмтылған елдің болашағы да жарқын» деген ортақ пікір айтылып, қатысушылар кездесуден рухани әсер алып тарқасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі




ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жуырда облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы ас жүргізетін бір топ асабамен арнайы кездесу өткізді. Жиын қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – ас беру рәсімдеріндегі орынсыз шығындарды азайту және өткен жылы қабылданған «Ысырапшылдықтың алдын алу» құжатының талаптарын түсіндіруге арналды.

Бас имам өз сөзінде:
— құжаттың қабылданғанына бір жыл болғанымен, кей өңірлерде талаптардың толық орындалмай жатқаны,
— ас беру мәдениетінде әлі де бәсекеге, даңғазаға ұмтылу, жөн-жосықсыз ысырап ету жағдайлары кездесетінін атап өтті.

Осы орайда, асабалардың қоғамға тікелей ықпал ететін топ екенін, сондықтан әрбірі халыққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, артық шығыннан сақтандыруға атсалысуы қажет екенін айтты.

Кездесуде қозғалған негізгі ұсыныстар мен талаптар:

Қонақ асын мейрамхана, кафе сияқты орындарда беруді тоқтату, қарапайым үй жағдайында тек сырттан келген қонақтарға ғана ас берілуі керек.

Дастархан мәзірін жеңілдетіп, артық шығынға апаратын тағам түрлерін азайту: тек бауырсақ, кәмпит, печенье, шай және бір мезгілдік қарапайым ыстық тамақпен шектелу;

Ас барысында үш адамнан артық сөз сөйлетпеу, шараны ұзаққа созбай, шариғатқа сай ықшам түрде өткізу;

Ас берудің мәні – марқұмның рухына дұға оқып, тағылым айту екенін халыққа жиі түсіндіріп отыру.

Бас имам кездесуге жиналғандарға қоғам алдындағы жауапкершіліктерін еске сала отырып, әрқайсысын қарапайымдылық пен мәдениеттілікті насихаттауға, ысырапқа жол бермеуге шақырды. Сонымен бірге, құжаттың талаптарын орындау – тек мешіт қызметкерлерінің міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ мәселесі екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар уағдаласып, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстарын бірлесе жүргізуге келісім білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі





Понедельник, 17 Ноябрь 2025 08:04

Медресе студенттерімен кездесті

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы Азамат Мурзаканов жуырда Астана қаласына іссапармен барып, медреседе білім алып жатқан студенттермен арнайы кездесу өткізді. Басқосу жылы әрі ашық форматта өтіп, болашақ түлектердің діни саладағы жоспарлары жан-жақты талқыланды.

Кездесудің басты мақсаты – Қостанай облысына қарасты қала және аудан мешіттеріне жас мамандарды тарту, өңірдегі діни кадр тапшылығын жою және жастарды жауапты қызметке баулу. Қазіргі таңда Қостанай өңірінде имам, ұстаз қызметтеріне қажет мамандар саны артқандықтан, осы бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасып келеді.

Азамат Мурзаканов студенттерге аймақтағы діни қызметтің ерекшеліктері, мешіт жұмысының ұйымдастырылуы, жамағатпен жұмыс жүргізу әдістері және имамның қоғам алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, діни қызметтің тек құлшылық жүргізумен шектелмей, жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, қоғам бірлігін нығайту сияқты маңызды бағыттарды қамтитыны айтылды.

Сондай-ақ, түлектер үшін Қостанай облысында жас мамандарға жасалатын жағдайлар, қызметтік өсу мүмкіндіктері, тәжірибе алмасу, курстар мен семинарларға қатысу секілді қолдаулардың бар екені де атап өтілді.

Кездесу соңында студенттер өз сауалдарын қойып, өңірге барып қызмет етуде қызығушылық танытқандар да болды. Тараптар алдағы уақытта да өзара байланыс пен ынтымақтастықты жалғастыруға келісім білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі





Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің IX кезекті мәжілісі өтті. Жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалық етті.

Мәжіліс барысында Діни басқарманың 2025 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есеп ұсынылып, негізгі бағыттар бойынша баяндама жасалды. Сондай-ақ «Қазақстан мұсылмандарының ортақ құндылықтар тұғырнамасы» құжаты жан-жақты талқыланып, оның мазмұнын толықтыруға қатысты сарапшылардың ұсыныстары тыңдалды.

Кеңес отырысында діннің атын жамылып қате пәтуа беретіндерге, әлеуметтік желілерде дінді теріс танытып, қоғамда түсінбеушілік тудыратын ақпарат таратушыларға қатысты мәселелер талқыланды. Сарапшылар бұл бағытта ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар отбасы институтының әлсіреуі мен ажырасу деңгейінің артуы да күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды. Жиынға қатысушылар шариғат тұрғысынан шешім жолдарын, отбасылық құндылықтарды насихаттаудың тиімді тетіктерін және қоғамдағы түсіндіру жұмыстарын күшейту бағыттарын ұсынды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде Сарапшылар кеңесінің атқарып келе жатқан жұмыстарының маңызын атап өтіп: «Біз қоғамдағы діни ахуалды ғылыми негізде талдап, өзекті мәселелерге ұтымды шешімдер ұсынуымыз қажет. Бұл – Діни басқарманың басты міндеттерінің бірі», – деді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілетін болды.

















«12345678910»
Page 3 of 397

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником