Қостанай облысы, Аймағамбетов қажы Салықұлы мешітінде Қажылық-2026 маусымына қатысты маңызды мәліметтер жамағатқа жеткізілді.
Кездесу барысында:
- 2026 жылғы Қажылыққа тіркелудің ресми түрде басталғаны,
- Сауд Арабиясы тарапынан Қазақстанға 4000 квота бөлінгені,
- Сол квотаны орындау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы конкурс өткізіп, 14 туристік фирманы таңдағаны айтылды.
Алла Тағала ниет еткен әрбір мұсылманға Қажылық жолын жеңіл етсін!












