Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
17 11.25

Медресе студенттерімен кездесті

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы Азамат Мурзаканов жуырда Астана қаласына іссапармен барып, медреседе білім алып жатқан студенттермен арнайы кездесу өткізді. Басқосу жылы әрі ашық форматта өтіп, болашақ түлектердің діни саладағы жоспарлары жан-жақты талқыланды.

Кездесудің басты мақсаты – Қостанай облысына қарасты қала және аудан мешіттеріне жас мамандарды тарту, өңірдегі діни кадр тапшылығын жою және жастарды жауапты қызметке баулу. Қазіргі таңда Қостанай өңірінде имам, ұстаз қызметтеріне қажет мамандар саны артқандықтан, осы бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасып келеді.

Азамат Мурзаканов студенттерге аймақтағы діни қызметтің ерекшеліктері, мешіт жұмысының ұйымдастырылуы, жамағатпен жұмыс жүргізу әдістері және имамның қоғам алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, діни қызметтің тек құлшылық жүргізумен шектелмей, жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, қоғам бірлігін нығайту сияқты маңызды бағыттарды қамтитыны айтылды.

Сондай-ақ, түлектер үшін Қостанай облысында жас мамандарға жасалатын жағдайлар, қызметтік өсу мүмкіндіктері, тәжірибе алмасу, курстар мен семинарларға қатысу секілді қолдаулардың бар екені де атап өтілді.

Кездесу соңында студенттер өз сауалдарын қойып, өңірге барып қызмет етуде қызығушылық танытқандар да болды. Тараптар алдағы уақытта да өзара байланыс пен ынтымақтастықты жалғастыруға келісім білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі





алдыңғы жаңалық
АЛМАТЫДА САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником