Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 16 Октябрь 2015 12:59

Мұхаррам айы жайында бірер сөз

Абдусамат Қасым

Мұхаррам айы – мұсылман жыл санауының басы, яғни, алғашқы айы. Бұл ай мұсылмандардың Меккеден Мәдина шаһарына қоныс аударуларымен тарихта қалды. Екі дүние сардары Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) пайғамбарлықтың 12-ші жылы зүлхиджа айында Ақаба деген жерде мәдинелік Ансарлардан «Екінші Ақаба байғатын (ант, уәде)» алғаннан кейін келесі, яғни, Мұхаррам айында Меккеден Мәдинаға қоныс аударды.

Хижра жыл санауы бойынша 16-шы жылы (638-жылы) халифа Омар (р.а.) Мәдинада серіктерімен кеңесіп, тарихи маңызы бар оқиғаларды есте қалдыру мақсатында жылнама мәселесін көтерді. Әзірет Әлидің ұсынысымен әрі кеңеске қатысқандардың құптауымен хижрет бойынша жыл қайыру - Ислам тарихының басы әрі мұсылман күнтүзбесі ретінде қабылданса, мұхаррам айы сол күнтүзбенің алғашқы айы ретінде бекітіледі.

«Мұхаррам» сөзі «тыйым салынған» деген мағынаға саяды. Осы айда соғысу харам болғандықтан «Мұхаррам» деп аталғанын айта кету керек. Бұл турасында Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде былай айтыылған:

• «Шын мәнісінде, Алланың құзырында айлардың саны – он екі. Жер мен көк жаратылған күннен бастап, Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысуға тыйым салынған айлар (зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)...»[1].

Мұхаррам айының маңыздылығы хадистерде жан-жақты айтылып, қадір-қасиеті сөз болған. Нәсәи жинағында риуаят етілген бір хадисте сахаба Әбу Зәр былай дейді:

Мен Пайғамбарымыздан түндегі қайырлы уақыт пен айлардың ішіндегі ең абзалын сұрадым. Сонда Ол (с.а.у.): «Түннің ең қайырлы уақыты – түннің соңғы үшінші бөлігі. (Рамазаннан кейінгі) Айлардың ең абзалы– сендердің «мұхаррам» деп жүрген Алланың айы», –деп жауап берді»[2].

Ендеше, адамзат ардақтысы (с.а.у.) "айлардың абзалы" деп ерекше маңыз берген мұхаррам айының қандай ерекшеліктері бар? Аят пен хадистерге сүйене отырып, Мұхаррам айының мән-маңызын былайша жіктеуге болады:
1. Cоғысуға тыйым салынған төрт айдың бірі [3].
2. Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) айы.
3. Нәпіл ораза ұстаған адамға сауабы мол ай. Алланың Елшісі (с.а.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде былай деп кеткен:

«Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам»[4]

Хадиске мән беріп қарасақ, осы айға қатысты мынадай екі маңызды тұжырымға келуге болады:

• Өзге айлардан қарағанда Мұхаррам айында нәпіл ораза ұстаудың сауабы мол.

• «Алланың айы» деп айтылуына қарағанда, оның аса қадірлі, қасиетті және өзге айлардан қайырлы екендігін аңғаруға болады.

Тағы бір хадисінде былай делінген:

Әзіреті Алиден келген бір хадисте, бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Уа Расулаллаһ! Рамазан айынан кейін, қай айда ораза ұстауыма кеңес етесіз?" - деп сұрағанда, Ол (с.а.у.):«Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррамда ораза ұста. Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда бір күн бар, сол күні Алла тағала кей қауымның тәубесін қабыл еткен етін. Қалғандардың да тәубесін қабыл етеді»,- деп жауап берген.[5]

4. «Ашура күнінің» Мұхаррам айында болуы да аталмыш айдың маңыздылығын арттыра түседі. Ашура күні жайында Алла жазса, алдағы уақытта әңгімелейміз.

[1]Тәубе - №36 аят.
[2]Нәсәи – №4612 хадис.
[3]Тәубе - №36 аят.
[4]Сахих Муслим, әс-Сыям – №1163 хадис.
[5]Тирмизи, Китабуссиям, №741 хадис.

Жақында Ұзынкөл ауданындағы „Балықты„ мешітінде осындағы барша жұртты елең еткізген оқиға орын алды. Ол әрине, 80 жастағы Маргарита Ивановнаның шын ниетімен Ислам дінін қабылдауы еді.

Ол енді бұдан былай өзін Әсел Иванқызымын деп атайтын болды. Әрине, оның бұл қадамы өте құптарлық. Осы жасқа дейін өзі қабылдаған діннің тазалығына, адамзатты тек қана ізгілікке, бауырмалдыққа, жақсылыққа үндейтіндігін ұққан-ды.

Ауданның бас имамы Есенгелді қажы да өңірдегі аса сыйлы әжейдің бұл әрекетін күллі мұсылмандығымыз бен дінімізге ерекше құрмет деп түсініп, оның иығына ежелден келе жатқан салтымыз бойынша камзол жауып, басына тағатын орамалды сыйға тартты.

Енді осы оқиға еліміздегі барша әлі де болса өз салты мен дәстүріне үрке қарайтын кейбір қандастарымызға үлгі-өнеге болса игі еді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Арқалық қалалық мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы әрқашанда жаңалықтың, ізгіліктің жаршысы әрі қолдаушысы болып келеді. Оны бұрын да қызмет барысында әбден дәлелдеген еді.

Жақында шаһардағы әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінен қалада тұратын жалғыз басты мүгедек қарттардың тізімін алды. Сөйтіп, өзі басқаратын мешіт қызметкерлері көмекке мұқтаж кісілердің үйінде болып, хал-жағдайларымен танысты.

Олардың басым көпшілігі жер үйде тұратындықтан қысқа отын әзірлеуде кездесетін қиындықтарды айтты. Сондықтан дін саласындағы бауырларымыз демалыс күндері әлгі көмекке зәру азаматтардың шаңырақтарына әдейі барып, қысқы отындарын дайындауға атсалысты.

Мұндай жанашарлықты шын жүректерімен сезінген аға-буын өкілдері қуаныштан жүздері бал-бұл жанды. Мәселен, орыс ұлтының өкілі М.Степанович шынайы алғысын білдірді.

Арақалықтық мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да жасы келген мұндай кісілерді үнемі басты назарда ұстамақ.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 16 Октябрь 2015 11:17

Құран Кәрім тегін таратылды

Баршаға мәлім, Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болғалы бері адамның жан-дүниесін байытар құнды кітаптардың ел игілігіне айналуына айрықша назар аударуда.

Оның тікелей бастамасымен республикамызға Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан қасиетті Құран Кәрім кітабы әкелінген еді. Жуырда облыстық «Марал ишан» мешітінде өткізілген аудан және қала имамдарының басқосуында біздің өңірге осындай 1600 дана Құран тегін таратылды.

Облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек осындай әрбір мұсылман қауымының төрінен берік орын алар дүниенің бізге жетуіне тікелей ықпалын тигізген барша азаматтарға шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді.

Бағалы кітап қолдарына тиген имамдардың қуанышында шек болған жоқ. Сөйтіп, олар басқаратын мешіттердің жанындағы кітапханалар тағы да аса бағалы дүниемен толықты.

- Облысқа мұндай көлемдегі қасиетті Құранның жеткізілуі үлкен оқиға деп есептеймін. Араб тіліндегі кітап бәріміздің де білімге деген құштарлығымызды бұрынғыдан да арттыра түсті, - дейді облыстық мешіттің наиб имамы Дархан Сыздықов.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Латвия ислам мәдениеті орталығы баспасөз қызметінің басшысы Роберт Климович (Robert Klimovich) өзінің сұхбатында 50 жылда осы еуропалық елінің мұсылман еліне айналатынын туралы мәлімдеді, деп Russia Today хабарлады. Ол дерегінің дәйегін елге қоныстанушы исламшылдардың келе беретіні, сонымен бірге заңға қайшы әрекеттерге бармайтыны мен ойдағыдай икемделетіндерімен түсіндірді.

Климович Латвиядағы және келуші мұсылмандардың қылмыстық ортамен еш байланысы жоқтығын да ескерте кетті. Сонымен бірге, Еуропа елдері мигранттардың ағылуына қолайлы жағдайының пайда болуына өздері себеп болғанын да айтты.

akmechet.kz

Четверг, 15 Октябрь 2015 11:28

Орыс азаматы ислам дінін қабылдады

Қарасу ауданына қарасты "Қарамырза" мешітінің жұмысы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Бұл жерде біраз уақыттан бері өз саласын жетік білетін дін қайраткері, рухани жан дүниесі бай бауырымыз Серік Салих бас имам болып қызмет атқарады.

Ол таяуда бізге көпке өнеге боларлық жағымды жаңалықты жеткізді. Оның айтуына қарағанда, жуырда аталмыш ауданның Шолақаша ауылының тұрғыны, құрылысшы, орыс ұлтының өкілі Владимир Шудегов өз еркі бойынша мешітке келіп, Ислам дінін қабылдады.

Осынау діннің адам баласы үшін алатын ерекше орнын жете түсінгендіктен болар, 35 жасар азамат бұл күндері күніне бес уақыт намаз оқуды да жалғастыруда. Әрине, оның бұл қадамы баршаға өнеге.

Мешітіміз бұл күндері нағыз имандылық ордасына айналды. Бізге демеушілік жасап жүрген кісілер де баршылық. Сондықтан оларға деген алғысымыз шексіз. Жүрегі жомарт ағайындарға алдағы уақытта да "Алланың нұры жауа берсің"деген ең ізгі тілегімді білдіргім келеді, - дейді бас имам Серік Салих бізбен болған әңгімесінде.

О.Жабайтегі

2015 жылдың 14 қазаны – мұсылманша жыл басы қасиетті мұхаррам айы!

Құрметті мұсылман бауырлар!

Мұсылман жыл санауының бастауы болған алғашқы қасиетті ай – мұхаррамға баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын!

Мұхаррам деген сөз «қасиетті», «тыйым салынған» деген мағыналарды білдіреді. Бұл – Құранда айтылған қасиетті айлардың бірі. Жаратушы Иеміз Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде: «Расында Алланың құзырында айлардың саны – он екі. Жер мен көк жаратылған күннен бастап, Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысуға тыйым салынған айлар (зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)...» деп баяндаған.

Ал хадис-шәрифте: «(Рамазаннан кейінгі) Айлардың ең абзалы – мұхаррам», – делінген.

Мұхаррам айының қасиеті мен қадірі мол. Ислам – бейбітшілік пен мейірімділдік діні. Бұл – соғысуға тыйым салынған ай. «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам», – деп пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, осы айда ауыз бекіткен адам мол сауапқа кенеледі. Мұқтаж жандарға, жетім мен жесірлерге, қараусыз қалған қарттарға, мүгедектер мен зағиптарға көңіл бөліп, оларға қайырымдылық көмек көрсету де – игілікті іс.

Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Жабыққанды жарылқау, қамыққанға қамқор болу, Аллаға ұнамды істердің бәрі – құлшылық. Мұсылманға кедергі келтірген жолдағы затты алып тастау да – садақа. Көршімен тату тұру, имандылыққа шақыру, кешірімді болу, халықты бірлік пен ынтымаққа ұйыту, қанағатшыл болу, бүлікке жол бермеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көркем мінезді болу, т.б. бұл – Исламның асыл құндылықтары. Біз, дін мен зиялы қауым өкілдері, баршамыз ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілігімізді сезіне отырып, дініміздің осынау адамгершілік құндылықтарын қоғамға көбірек насихаттауымыз қажет. Иманды қоғам құру үшін баршамыз осындай ізгі, қайырлы қадамдарға бастамашыл болуымыз тиіс.

Алла Тағала қасиетті мұхаррам айында жасаған қайырлы амалдарымызды, ізгі істерімізді, тұтқан оразалырымызды қабыл еткей! Жыл басы – мұхаррам мүбәрак болсын!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Четверг, 15 Октябрь 2015 11:13

Қостанай имамдар мешітте бас қосты

Жақында облыстық Марал ишан мешітінде қалыптасқан дәстүр бойынша кезекті басқосу болып өтті.Оған өңірдегі аудандар мен қалалардың бас имамдары қатысты.

Осынау тағылымы мол жиналысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл және облыстық мешіттің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек төрағалық етті.

Басқосуда имамдардың алдында тұрған келелі міндеттер әңгіме арқауына айналды. Асылхан қажы өзіне тән шешендікпен әріптестеріне уақытты оздырмай шұғыл қолға алынуға тиіс мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Мұнда барлық аудандар мен қалалардан арнайы жіберілген апталық есептерге баға беріліп, игі істер аталып өтілді. Сондай-ақ, облыстағы мешіттердің имамдары имандылыққа үндейтін республикалық „Ислам және өркениет„ газеті мен "Иман" журналына және жергілікті мерзімдік басылымдарға жазылу науқаны кезінде ұйымшылдық танытуға шақырды.

Сонымен қатар өңірдегі бүкіл мешіттердің ғимараттарының қыр астында тұрған қысқа дайындық барысы да сөз болды. Мұнда ешкімге немқұрайдылық пен жайбасарлыққа жол беруге болмайтындығы ескертілді.

Баршаға мәлім, облыстық мешіт жанында "Зекет" қорының өкілдігі жұмыс істейді. Мұнда абыз ақсақал Жақсылық қажы Ғайсин жетекшілік етеді. Ол кісінің ұйытқы болуымен қорға түскен ақшалар қайырымдылық мақсатқа жұмсалып жатыр. Сол себептен де бұл маңызды мәселеде де дін қайраткерлері де іскерлік әрі белсенділік танытулары қажеттігі айтылды.

Облыстың бас имамы барлық мешіттерге сайттың жұмысын барынша жандандыру керектігіне де тоқталып, дін қайраткерлері де бұл өзекті жайда да ширақтық, біліктілік көрсетулері керектігі жөнінде өз ойын ортаға салды.

Басқосудан кейін Бахрейннен әкелінген қасиетті Құран таратылды. Аудандар мен қалалардан келген имамдар бұл кезекті отырыстан үлкен әсер алды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 12 Октябрь 2015 16:16

Жолдастық кездесу

Жақында Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын түрмесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар мен мешіт қызметкерлерінің арасында футболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Бұл басқосу кезінде жаза басып, сотталған кісілерді үлкен ойда қалдырғаны даусыз.

Осынау жолдастық кездесуде жарыс жеңімпаздары анықталмай, достық жеңіске жетті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником