Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

1210201602

Міне, үстіміздегі жылғы 1 қазаннан бастап Ислам күнтізбезі бойынша мұхаррам айы басталды. Мұхаррам айының оныншы күні – Ашура күні. Тарихта ашура күнімен байланысты пайғамбарлардың көптеген тағылымды жайлары бар. Бұл күндері адам баласы бір-біріне жылы шырай танытып, жақсылық жасаса сауапқа ие болады.

Мұндай шақта мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсеткен кісіге, Алла Тағала оның сауабын еселеп береді.

Қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - деп көрсетілгендей, бұл күндері күн көрісі төмен кісілерге қайырымдылық таныту өте орынды.

Осы мақсатта Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті демеушілердің қолдауымен мүгедектер, көп балалы аналар мен көмекке мұқтаж 20 отбасыға азық-түліктер салынған пакет ұсынып, олардың ризашылығына бөленді.

Аталмыш мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам Ашура күнінің қасиеті мен Ислам діні туралы киелі орынға келушілерге жан-жақты айтып берді. Оларға алдағы уақытта отбасына ырыс-береке тіледі.

Қақморлықты айқын сезінген бауырларымыз бұл шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шексіз риза.

1210201603

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Пятница, 07 Октябрь 2016 18:14

АШУРА КҮНІНІҢ АБЗАЛДЫҒЫ

782762 1475582521

Алла Тағала уақытты жаратты. Оны ғасырларға, жылдарға, айлар мен күндерге бөлді. Негізінде бір уақыттың екінші бір уақыттан айырмашылығы жоқ. Алайда, Жаратушымыздың құдыреті көрініс тапқан, Раббымыздың сүйікті құлдарының басынан өткен ерекше күндер мен айлар, басқа күндер мен айлардан ерекше дараланып тұрады.

Мұсылманша жыл санаудың алғашқы айы, мұхаррам айының 10-жұлдызы (биыл – 11 қазанға сәйкес келеді) – «Ашура күні» дінімізде сол қасиетті күндердің бірі болып саналады.

«Ашура» деген сөздің түбіріне келер болсақ, кейбір ғалымдар оны арапша сөз десе, кейбіреуі, «ибрани» тілінен келген кірме сөз деп тұжырымдайды.

Мұхаррам айының 10-на «ашура» деп айтылуының себебін ғалымдар былай түсіндіреді: Лұғат және хадис ғалымдарының айтуынша бұл күн мұхаррам айының 10-шы жұлдызы болғандықтан осылай аталды. Себебі «ашура» сөзі, он немесе оныншы деген мағынаны білдіреді, дейді.

Бұл күннің «ашура» деп аталуының тағы бір себебі, бұл күнде Алла Тағала он пайғамбарға он жақсылық берді.

Тағы бір топ ғалым «ашура» деп аталуының себебін былай түсіндіреді. Бұл күн, Алла Тағаланың Мұхаммед үмметіне сыйлаған он кереметінің оныншысы болып табылады. Олар:

1. Режеп айы. Режеп айының басқа айлардан айырмашылығы, осы үмметтің басқа үметтерден айырмашылығы сияқты.
2. Шағбан айы. Шағбан айының басқа айлардан абзалдығы, Пайғамбарымыздың (ﷺ) басқа пайғамбарлардан абзалдығы іспеттес.
3. Рамазан айы. Рамазан айының басқа айлардан айырмашылығы, Алла Тағаланың басқа құлдарынан айырмашылығы сияқты.
4. Қадыр түні. Қадыр түні – мың айдан хайырлы.
5. Ораза айты – Ораза ұстағандардың сауабы берілетін күн.
6. Зилхиджә айының алғашқы он күні – Алла Тағаланы зікір ететін күндер.
7. Арафа күні – Арафа күнінде ұсталатын ораза екі жылдық күнәларға кәффарат.
8. Құрбан айт күні – Аллаға жақындататын, рухани дәрежелердің көтерілетін күні.
9. Жұма күні – күндердің мырзасы.
10. Ашура күні – ашура күнгі ораза бір жылдық күнәларға кәффарат.

 

Фақиһ Әбу Ләйс әс-Самарқандидің (р.а.) айтуы бойынша тарихта Ашура күні орын алған елеулі оқиғалар мыналар:

- Адам (ғ.с.) пайғамбардың жаратылуы, жұмаққа кіруі және жұмақтан шығарылғаннан соң тәубесінің қабыл болуы.

- Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келуі. «Халилуллаһ» мәртебесіне көтеріліп, Нәмруттың отынан құтылуы.

- Ыдырыс (ғ.с.) пайғамбардың аспанға көтерілуі, Әюб (ғ.с.) пайғамбардың ауруына шипа табуы.

- Юнус (ғ.с.) пайғамбардың балықтың қарнынан шығып, Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбарға салтанат пен мал-мүлік берілуі.

- Иса (ғ.с) пайғамбардың дүниеге келуі. Өзіне қастандық ойлаған яһудилердің қолынан құтылып, аспанға көтерілуі.

- Мұса (ғ.с.) пайғамбар мен  үмметі, Перғауынның зұлымдығынан құтылып, Перғауынның суға батуы.

- Нұх (ғ.с.) пайғамбардың кемесі Жуди тауына тоқтап, жерге аяқ басуы.

- Хз. Хусейіннің (р.а.) шәһид етілуі.

- Қиямет күні де, осы ашура күні болады.

 

Осы оқиғалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік.

 

Адам ата мен Хауа ана, тиым салынған жемістен жегеннен соң, жер бетіне түсірілді. Бұдан кейін Адам (ғ.с.) тәубе етеді. Оның тәубесі Құран Кәрімде былай айтылады: «Сонда Адам (ғ.с.) Раббынан сөздер үйренді де, жалбарынып тәубе етті. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді»

Міне, Адам пайғамбардың тәубесінің қабыл болған күн, осы Ашура күні болатын.

Сөйтіп Адам ата мен Хауа анамыз дүниедегі ең қадірлі мекен, Қағба Муаззаманың жанындағы Муздалифа деген жерде кездеседі. Адам атамыз Сафа төбесіне, Хауа анамыз Мәруа төбесіне шықты. Сафа төбесі Адам пайғамбардың бір аты «Сафиуллаһ» деген атпен, «Сафа» болып тарихта қалса, Мәруа төбесі «әйел» деген мағынаны білдіретін «Мәруа» деген атпен тарихта қалды. Міне қазіргі уақытқа дейін қажылар біресе анасына, біресе әкесіне жүгірген сәби іспеттес, екі төбенің арасында жүгіруде. Қажылар Мәруа төбесіне бет алғанда құдды Хауа анамыздың құшағына құлаған сәбидей болып, Сафа төбесіне қарай жүргенде Адам атамыздың құшағына енгендей сезімде болады. Адам атамыз: «Ей менің ұрпақтарым, келіңдер! «Уа Аллаһ! Бәйтуллаһты тауаф еткен ұрпақтарымды кешір», деп мен де дұға еткенмін», деп тұрғандай күй кешеді.

Ашура күні Мұса пайғамбар қауымымен бірге перғауын және оның әскерлерінен құтылды. Бұл жайында Құран Кәрімде «Сендер үшін теңізді жарып, (сендерді) құтқардық. Ал перғауындықтарды суға батырдық та, сендер оларды көріп тұрдыңдар.»
 
деп айтылған. Осы жағдайдан кейін Мұса пайғамбар мен үмметі, ашура күні Алла Тағалаға шүкірлік ниетімен ораза ұстады.

 

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَدِمَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ المَدِينَةَ فَرَأَى اليَهُودَ تَصُومُ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟»، قَالُوا: هَذَا يَوْمٌ صَالِحٌ هَذَا يَوْمٌ نَجَّى اللَّهُ بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنْ عَدُوِّهِمْ، فَصَامَهُ مُوسَى، قَالَ: «فَأَنَا أَحَقُّ بِمُوسَى مِنْكُمْ»، فَصَامَهُ، وَأَمَرَ بِصِيَامِهِ

Пайғамбарымыз () Мәдина Мүнаууараға келген кезде, ашура күні яхудилердің ораза ұстап жүргендерін көреді. Мұның қандай ораза екенін сұраған кезде олар: «Бүгін хайырлы күн. Бұл күн Аллаһ Тағаланың исрайыл ұрпақтарын дұшпандарынан құтқарып, Хз. Мұсаның шүкір етіп, ораза ұстаған күні», деп жауап береді. Сонда  Пайғамбарымыз (): «Сендерге қарағанда Мұсаға мен жақынырақпын», деп Ашура күні ораза ұстады, және сахабаларына да ұстауларын әмір етті.

Нұх пайғамбар 950 жылға жуық қауымын тура жолға насихаттады. Бірақ көбі иман етпеді. Сол кезде Алла Тағала Нұх пайғамбарға бір кеме жасауын, иман еткендерді кемеге алып, қалғандарын кемеге алмауын әмір етеді. Жәбрейіл періштенің әкелген жоспар-үлгісі бойынша Нұх пайғамбар кеме жасай бастады. Кеменің ұзындығы шамамен 300 метр болса, ені шамамен 50 метр болды. Биікітігі 30 метр болып, үш қабаттан тұрды. Иман еткендер әмірге бойұсынып, еш ойланбастан кемеге кіріп жатты. Ал иман етпеген дінсіздер болса, бұл жағдайға таңырқай қарап тұрды. Тіпті кейбіреулері Нұх (ғ.с.) есінен адасты деп мазақ қылып жатты. Нұх пайғамбар болса: «Ей адамдар! Күнә жасап, азғындықтың шегіне жеттіңдер. Хайуаннан бетер болдыңдар. Енді тәубе етіп, кемеге мініңдер. Алла өте кешірімді. Әйтпесе топан судың астында қаласыңдар!» – деп ескертсе де, мазақ етушілер алған беттерінен қайтпады. Cөйтіп уәде етілген уақыт та келіп жетті. Алла Тағала аспанға нөсерлетіп, жаңбыр құюын, ал жерге ішндегі суларын шығаруын әмір етті. Жер бетін топан су басып, имансыздар суға батты. Иман келтірген 80-ге жуық мұсылман 6 ай бойы су бетімен жүзді. Алла Тағала аспанға жаңбырды тоқтатуын, жерге суды өзіне сіңіруін әмір еткенннен кейін Ашура күні кеменің табаны Жуди тауына тірелді. Нұх пайғамбардың қауымы үлкен бәледен аман-сау құтылғандары үшін Аллаға шүкір етіп, сол күні ораза ұстады.

Ашура оразасы бұрынғы өткен пайғамбарлардың діндерінде де бар еді. Айша (р.а.) анамыздан жеткен бір хадис шәрифте былай деп айтылады:

 

عَنْ عَائِشَةَ، رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ يَوْمُ عَاشُورَاءَ يَوْمًا تَصُومُهُ قُرَيْشٌ، فِي الجَاهِلِيَّةِ وَكَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَصُومُهُ، فَلَمَّا قَدِمَ المَدِينَةَ صَامَهُ، وَأَمَرَ بِصِيَامِهِ، فَلَمَّا نَزَلَ رَمَضَانُ كَانَ مَنْ شَاءَ صَامَهُ، وَمَنْ شَاءَ لاَ يَصُومُهُ»

«Жаһилият дәуірінде Құрайыш халқы Ашура күнінде ораза ұстайтын еді. Пайғамбарымыз да (өзіне пайғамбарлық келмей тұрып) осы оразаны ұстаған. Алла Расулі Мәдинаға келген кезде, өз де ұстап, сахабаларына да ұстауларын әмір етті. Кейін Рамазан айының оразасы парыз етілгеннен кейін, бұл оразаны қалаған адамдар ғана ұстады.

حِينَ صَامَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَأَمَرَ بِصِيَامِهِ قَالُوا: يَا رَسُولَ اللهِ إِنَّهُ يَوْمٌ تُعَظِّمُهُ الْيَهُودُ وَالنَّصَارَى فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «فَإِذَا كَانَ الْعَامُ الْمُقْبِلُ إِنْ شَاءَ اللهُ صُمْنَا الْيَوْمَ التَّاسِعَ» قَالَ: فَلَمْ يَأْتِ الْعَامُ الْمُقْبِلُ، حَتَّى تُوُفِّيَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ

 

Пайғамбарымыз ашура оразасын өзі де ұстап сахабаларына да әмір еткен кезде, сахабалар: «Уа Алланың Расулі! Бұл күн яхудилер мен насранилер ұлықтаған күн ғой», деді. Пайғамбарымыз (): «Келесі жылы тоғызыншы күнмен бірге ұстаймыз», деді. Бірақ, келесі жылы Алланың Расулы Мұхаррам айына жетпей дүние салды.

 

سُئِلَ عَنْ صَوْمِ يَوْمِ عَاشُورَاءَ فَقَالَ: «يُكَفِّرُ السَّنَةَ الْمَاضِيَةَ»

Сахабалар Ашура күніндегі ораза жайында сұрағанда Пайғамбарымыз ():  «Өткен жылғы күнәларды өшіреді», деп жауап береді.

 

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ وَسَّعَ عَلَى أَهْلِهِ فِي يَوْمِ عَاشُورَاءَ أَوْسَعَ اللَّهُ عَلَيْهِ سَنَتَهُ كُلَّهَا»

 

Ашура күні жасалатын тағы бір жақсы амал, бұл күні, үйге мол рызық алып, бала-шағаны қуанту. Пайғамбарымыз (): «Кімде кім Ашура күні отбасының нәпақасын кең ұстаса, Аллаһ Тағала ол жанұяның бір жылдық несібесін мол қылады», деп бұйырады. Ашура күні кедей адамдар қуантылып, ең кемі он адамға сәлем беріледі.

Раузул Файқ кітабының 219-шы бетінде былай деп айтылған: «Ашура түні Алла Тағала жер бетіндегі барлық суларға зәм-зәм суын қосады. Кімде кім Ашура күні ғұсыл алатын болса, келер жылға дейін, ұсақ-түйек аурулардан аман-есен болады.»

Әбу Қатада (р.а.) тан риуаят етілген хадис шәрифте Пайғамбарымыз (): «Ашура күнгi ұсталған ораза бiр жыл бойы ұсталынған оразаның сауабымен тең»,– деп бұйырады.

Тарихы Адам (ғ.с.) пайғамбардың заманынан бастау алатын осынау ұлық күнді, алдымен өзіміз іштей сезініп, содан соң айналамызға дәріптейік. Ашура күні пайғамбарлардың басынан өткен қызықты оқиғаларды балаларымызға айтып, бойларына ислами тәрбиені сіңіре берейік, ағайын.

 

 

Смағұлов Мәди Тоқпанұлы

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы,

«Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің бас имамы

0710201603

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар форумында қабылданған «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында және ағымдағы кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Қостанай облысының имамдарына арналған үш күндік семинар болып өтті.

Семинарға Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының маманы Сапар Әбдиев қатысып, көкейінде жүрген ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, Ислам дінінің өкілі болып табылатын имам, шариғат талаптарына сай қызмет атқарса, халықтың арасындағы олардың беделі арта түсетіндігін айтты.

0710201602

Сонымен қатар осы басқосуда Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы қазіргі таңдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жастар ісі және әйелдер секторы жұмыс істеп жатқандығына және осы бағытта өңірдегі дін қызметкерлері де белсенділік танытулары қажеттігіне тоқталды.

Баршаға мәлім, өңіріміздегі дін қызметкерлері салауатты өмір салтына ерекше назар аударып жатқаны да белгілі. Сондықтан облыстың аудандары мен қалаларынан келген имамдар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, ол тиісті деңгейді өткізілді.

0710201604

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Среда, 05 Октябрь 2016 10:57

Шуақты мереке «Қарттар күні»

0510201602

Қарттар күні қарсаңындағы қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі тарапынан Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет бастаған діни қызметкерлер Рудный қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі №1 интернат үйінде болды.

Интернат директоры Татьяна Щербакова жылы жүзбен қарсы алып, ардагерлердің мерекесіне арналған мәдени іс-шарасы бастап кетті.

0510201603

Шара барысында интернат үйіндегі ақсақалдар мен аналарымыз жастарының ұлғайғанына қарамастан өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде Валентин Ефанов аталған мерекеге байланысты шығарған өлеңін үлкен ықыласпен оқып берді.

Осынау жүздесуге қостанайлық мешіт қызметкерлері құр қол бармады. Интернат үйіндегі 310 адамға біреше қорап тәттілер мен заманауи үлгідегі түрлі-түсті теледидарды сыйлады.

0510201604

Дін қызметкерлерінің қайырымдылық ниетіне қарттар мен кейуаналар, ұжым басшысы шынайы алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар осы мереке алдында Ұзынкөл ауданының бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегінің ұйымдастыруымен бір топ қария Қостанай облыстық Аймағамбет қажы Спанұлы мешітіне саяхат жасады.

0510201606

Мұнда Бахытбек Нұрғабылұлы ауданнан келген қадірменді қарттарды мешітпен жан-жақты таныстырды. Өкіл имамның ыстық ықыласы мен адами қадір-қасиетіне дән риза болған ақсақалдар шын жүректен шыққан алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.

0510201605

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Октябрь 2016 16:06

Төртінші сауат ашу курсын бітірушілер

0310201601Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде, Қостанай облыстық мешітінің ұйымдастыруымен, Қостанай қалалық мешітінде екі айлық сауат ашу курсының шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталды.

0310210604

Бұл жолы да курс шәкірттері «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Араб тілі» мен «Тәджуид» пәндерінен білім алды.

Мұнда тек білім алып қоймай, көңілді бой сергітер спорттық ойындар, өз араларында әрқандай жарыстар да ұйымдастырып тұрды. Сонымен қатар мешітте өткізілген қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, көмектерін көрсетті.

Ілім жолындағы алғашқы ізденістерін бастаған талабаларға облыстық мешіттің найб имамы Икрам Бахытжан қажы ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

0310201602

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 27 Сентябрь 2016 13:37

Ислам бейбітшілік діні

2709201603

Федоров ауданы «Жиентай қажы» мешітінің бас имамы Абзал Сұлтанғалиұлы аудан орталығындағы №01 «Дмитиров» атындағы орта мектебінің оқушыларымен кездес өткізді.

Бас имам кездесуде оқушыларға Ислам дінінің бейбітшілік діні екендігін, Пайғамбарымыз Мұхаммед () жазықсыз адам өлтіру былай тұрсын, жан-жануарға қысым көрсепеу керектігі туралы насихат айтып, оқушылар тарапынан өздерін ойландырған сұрақтарына жауап берді.

2709201602

 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Пятница, 23 Сентябрь 2016 17:55

РАНТ мүшесі Қостанайда

230920160301

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Бердімұратов Жолдас Қоспақұлы Қостанайға келді.

Алғашқы кездесу Қостанай облысы әкімдігінің Дін істер басқармасында ақпараттық түсіндіру тобымен және мемлекеттік қызметкерлермен болып өтті. Онан соң ақшам намазында Қостанай қалалық мешітінде және облыстық жаңа мешітте жамағатқа жұма уағызын айты.

Сонымен қатар РАНТ мүшесі қаламыздағы 161/2 Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан намазхандармен жеке кездесулер жасап, қазіргі таңдағы теріс діни ағымдардың зияны, сәләфизм мен экстремизм тудыратын қауіптер және ақидадағы сенімге қатысты тақырыптарды қозғады.

230920160304

230920160302

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 23 Сентябрь 2016 10:26

Тәуелсіздік тағдырың.

 2309201602

Тәуелсіздік тағдырың, беретін ұлтқа еркіндік,
Өз дініңді дәріптеп, сездірмес сызды өктемғып.
Жүйіткіген жойқын жаман ой, тұмшалаған ағзаңды,
Бәрі кетіп жаңарар, нұр шашып бойға сергектік.
Салт пен сана, дәстүрлі ой, жүйелі мақсат, ғибрат
Бұраулы дүние құпиясын, ашпаған бізге табиғат.
Бар кілті оның бір ғана, жақын болу Аллаға
Сонда ғана бұйырар, Қызыр сыйлар нағыз бақ.
Төрт құбыланы төңкеріп, түгендеп, түстеп төгілу
Тұтас тағдыр тамырын, таспадай теріп тер төгу.
Биік белес, ерен іс ойласаң қалай келер деп
Ол- түпсіз ой, түгел сөз жан дүниені сезіну.
Көп замандас қазіргі, жақсылық істен шошынған
Жамандыққа жақындап, бөтен дінге шоқынған.
Қасқа жолдан адасып, қия шауып безіп жүр
Белдемеден бір басып, киелі шариғат ұсынған.
Даналықтың дидары, әр кез түссін назарға
Дін дода да топ жарып, қолдап жүр бізді бір Алла.
«Білімдінің бағы артық »- деген біздің Бабалар
Паш етейік әз-дінді, барша дүние ғаламға.
Ораза айт пен Құрбан айт, үмбет үшін мереке
Елімде болсын біршілік, халықта болсын береке.
Тауфиық берсін жастарға, ауқымды шара қолға алып
Бір Аллам өзі жар болсын, өзгеден көрмей келеке.

Тілеуғабыл тегі Жаңбыршы Тұқатұлы Науырзым ауданы,Қараменді кенті 2016 ж.

Пятница, 23 Сентябрь 2016 11:37

Құрбан шалу айт күні бұл бір сауап

 2309201601

Нақ мұсылман адамдар тыным таппас
Ихсан жасап жарысып осы танда
Құрбан шалу айт күні бұл бір сауап
Хақ Тәңірге жүрегін ұсынғанға

Құрбан айт мерекесі мұсылманның
Бұл күні дәреттеніп, ғұсылданғын
Ертерек қадам басып мешіт жаққа
Жөн болар Аллаға бой ұсынғанын

Құранда да аят бар құрбан жайлы
Сол аятты бауырлар білесің бе
«Раббын үшін намаз оқып құрбан шал»
Деп айтылған әл-Кәусар сүресінде

Құрбан шалу бұл сүннет пайғамбардан
Риуаят болған хадисті ойға алам
Пайғамбардың Сәлаба сахабасы
Құрбан шалмай мал аяп тайған жолдан

Құрбан шал мүлкін болса жетерліктей
Хақ алдында ізгі іс етерліктей
Құрбан шалсаң мал-мүлкін адал болар
Арам болып барлығы бекер кетпей
Құрбан айт көрінісі ынтымақтын
Ұйытқысы береке бедел-бақтың
Тілек тілеп құттықтап құшақ жайып
Бұл күні бір-біріне бәрі жақын

Басымызға бақ беріп Жаппар Алла
Сауап жазсын мешітке барғандарға
Қияметте бөлесін рахымына
Шын ниетпен құрбандық шалғандарға

Жүрегіне һидаят тауфиқ берсін
Ізгі істен мақрұм қалғандарға
Алла берген бұл айтта сауап жасап
Шүкіршілік етейік біздер барға

Сансыз мадақ Жаратқан Хақ Аллаға
Мың салауат Мұхаммед (ﷺ) Пайғамбарға
Береке ырыс абырой бақ дарысын
«Алла»,- деп екі қолын жайғандарға.

Жәукен Борамбай Алдабергенұлы Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің шәкірті

Четверг, 22 Сентябрь 2016 11:44

Қостанай қажылары елге оралуда

Үстіміздегі жылы үлкен Қажылыққа Қостанай облысы бойынша 10 адам аттанған болатын. Бұл жөнінде бұдан бұрын да жазған болатынбыз.

Міне, енді 18-19 күн бойы қасиетті жерде қажылық парызын өтеген жерлестеріміз Алматы мен Астана қалалары арқылы Қостанайға оралып, жақын-жуықтарымен қауышты.

Соның бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам. Оны күллі өңір жұртшылығы жақсы біледі.

Бақытжан қажының айтуына қарағанда, қасиетті сапар сәтті өтті. Өзге бауырларымыз секілді қажылықтың барлық шарттарын орындап, жан дүниесі рухани жағынан түледі. Көп жайды көңілдеріне түйді.

Есімі көпке белгілі азаматты туған-туыстары мен әріптестері жылы жүзбен қарсы алды. Ол енді алдағы уақытта жұртшылықпен жүздесіп, өзінің алған әсерлерімен бөліседі.

Қостанай қажылары елге оралуда

Қостанай қажылары елге оралуда

Қостанай қажылары елге оралуда

Қостанай қажылары елге оралуда

Қостанай қажылары елге оралуда

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником