Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 28 Май 2018 10:17

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Бүгін «Асыл арна» телеарнасына Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Аманұлы Қалетаев мырза ресми сапармен келді. Арнаның ұжымымен арнайы танысқан министр техникалық әлеуетке де ерекше назар аударып, негізгі телеөнімдер жасалатын студияларды аралап шықты. «Асыл арнаның» осы күнге дейін жасалған жұмыстарына жоғары баға берген министр арнаның Бас редакторы Болатбек Қожан жүргізетін «Емен-жарқын» бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді.

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Жұмыс жүйесіне қаныққан министр арна қызметкерлеріне өз ықыласын білдіріп, Елбасы жолдауында белгіленген мемлекеттік саясаттың, соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Асыл арнада» насихатталу деңгейін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, әлем жұртшылығын алаңдатқан діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында дайындалған ағартушылық бағдарламалар, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және «Асыл арна» телеарнасы арасындағы үш жақты меморандум негізінде атқарылып жатқан шаралар жөнінде де жылы пікір білдірді. Сондай-ақ, Парламент палаталарында талқыланып жатқан Дін туралы заңға қатысты да айтып өтті. Ресми кездесу барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мырза да ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек басқаратын «Асыл арна» телеарнасына деген әкімшіліктің көзқарасын жеткізіп, өзінің ізгі пейілін танытты.

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Сөз соңында, Дархан Аманұлы қазақ руханияты мен мемлекет идеологиясындағы «Асыл арна» телеарнасының орны бөлек екенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта министрлік пен телеарна арасындағы байланыс нығая түсетіндігін айтып, болашақ жоба-жоспарларға табыс, арна еңбегіне жеміс тіледі.

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Пятница, 25 Май 2018 14:15

Футболдан жарыс өткізілді

Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Қош келдің, Рамазан!» атты аудан жасөспірімдерінің басын қосқан шағын футболдан сайыс болып өтті.

Футболдан жарыс өткізілді

Осынау жарысқа арналған салтанатты аталмыш мешіттің бас имамы Серік Рахым құттықтау сөзбен ашып, салауатты өмір салты қоғамымызда ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.

Футболдан жарыс өткізілді

Жалпы, Ислам дінінде де спорттың адам баласына әсерінің мол екендігі айтылады. Сол себептен де қазіргі таңда өңіріміздегі барлық мешіттерде жылда спорттың бірнеше түрінен сайыстар өткізу дәстүрге айналды.

Футболдан жарыс өткізілді

Сол себептен де бас имам футболдан ұйымдастырылған сайысқа қатысушыларға тек сәттілік тіледі.

Футболдан жарыс өткізілді

Ойын өте қызықты да тартысты өтті. Онда жүлделі бірінші орынды №1 Қарабалық орта мектебінің, екінші орынды №3 Қарабалық орта мектебінің, үшінші орынды «Наука» орта мектебінің командалары жеңіп алды.

Футболдан жарыс өткізілді

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен арнайы кубоктар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында Арқалық қалалық мешіт қызметкерлері және қалаға қарасты ауылдық мешіт-намазхана имам-молдалары қасиетті Рамазан айына байланысты бас қосты.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Жиында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Б.Уәлиев ашып, қасиетті дінімізді өз өңірімізде кеңінен насихаттау, имамдар мен барша дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жайлы кеңінен тоқталды.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Сондай-ақ басталған Рамазан айында атқарылатын нақты қызмет жоспарларымен таныстырып, жиналғандардың пікірлерін тыңдады.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Күн тәртібіндегі Рамазан айындағы жүзеге асырылатын игілікті істер тағы да пысықталып, тарауық намазының үзбей оқылуы, үстіміздегі жылы Ораза кезіндегі ҚМДБ тарапынан бекітілген пітір-садақа мөлшері мен кесте жайлы да жан-жақты айтылды.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Осы аталғандармен қатар басқосуда мешіт жамағаттары арасына жүргізілетін уағыз-насихат, діни сауат ашу курстары жұмыстарын жүйелеп бір ретке келтіру, жамағатты молынан қамту, жат ағымның алдын алу, мешіт қызметкерлері және жамағат арасында тығыз байланыс орнату да әңгіме арқауына айналды.

Рамазан-киелі де аса маңызды ай болып саналады. Сондықтан діни қызметкерлерден мешітке келушілерді ілтипатпен қарсы алу, тарауық намаздарынан кейінгі тегін автобустарды ұйымдастыру, жалпы тазалық мәселелері сияқты жайлар да кеңінен қозғалды.

Дәл осындай мазмұндағы жиын Аманкелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінде де өтті. Онда мешіттің бас имамы Жандарбек Әмірхамзин Ораза кезіндегі жүзеге асырылатын шараларға тоқталды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Жыл сайын Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің дін қызметкерлері бейіт басында тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбіліктер ұйымдастыратыны көпке белгілі.

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Биыл да осы игі мақсаттағы іс одан әрі жалғасын тауып, қала және қалаға қарасты ауылдардағы зираттарда осындай өзгелерге өнеге болар тазалық жұмыстары ойдағыдай атқарылды.

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Бұл жолы аталмыш сауапты іске мешіт жамағаттарымен бірге қала әкімшілігі, ішкі саясат бөлімі және студент жастар да атсалысты.

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Тілге тиек етілген сауапты да игі жұмыстың басы-қасында болған «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев көпшілікті дүниеден өткен азаматтарға құрмет көрсетумен қатар, қоршаған ортаны да таза ұстау қажеттігі жөнінде ұлағатты сөзін айтты.

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Осы игі шара Қарабалық ауданы бас имамы Серік Темірбекұлы басқарып отырған «Ғашура ана» мешітінің жамағаты тарапынан да қолдау тапты.

Зираттардың тазалығы – басты назарда

О дүниелік болған ата-баба, ағайын-туыстары жерленген зиратың маңайын тазалап, ата-бабалар рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Зираттардың тазалығы – басты назарда

Зираттардың тазалығы – басты назарда

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспсөз қызметі

Пятница, 18 Май 2018 13:13

Рамазан 2018

Қостанайда облыс әкімі ауызашар берді

Қостанай облыстық мешіті қасиетті Рамазан айы кезінде Ораза ұстаған қауымға шынайы көңілмен дастархан жаюды дәстүрге айналдырды. Биыл да ол жалғасын тауып, өңірде бірінші болып облыс басшысы Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов көпшілікке ауыз ашар берді.

Қостанайда облыс әкімі ауызашар берді

Бұл игілікті басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет руханият жанашыры, дін мен тілімізді аса қастерлейтін әкімнің атынан берекелі дастархан жайылып отырғандығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ барша қауымға Рамазан айында мықты денсаулық, отбасында бақыт пен ырыс-береке тіледі.

Қостанайда облыс әкімі ауызашар берді

Ерекше атап өтер жай, үстіміздегі жылы Ораза ұстаушылардың арасында жастардың қатары көп екендігі бірден байқалды. Сондықтан мешіт жанында арнайы алды ала дайындалған орындар лық толды.

Қостанайда облыс әкімі ауызашар берді

Жиналған мұсылман бауырларымыз облыс әкіміне өздерінің шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді. Ал есімі өңірімізге белгілі абыз ақсақал ақ батасын беріп, Архимед Бегежанұлына және Бахытбек қажы Нұрғабылұлы бастаған мешіт қызметкерлеріне ең ізгі тілектерін жеткізді.

Қостанайда облыс әкімі ауызашар берді

Қостанайда облыс әкімі ауызашар берді

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспсөз қызметі

Среда, 16 Май 2018 12:09

Рамазан айы 29 күн болады

Міне, қасиетті Рамазан айына да саусақпен санарлықтай ғана күндер қалды. Сондықтан мұсылман бауырларымыздың назарына төмендегі пайдасын тигізер жайларды салғымыз келеді.

Осы 17 мамырда Рамазан айының алғашқы күні. Күнделікті сәресі ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады. Маусымның 11-нен 12-не қараған түн (26-27 Рамазан) қасиетті – Қадір түні.

Жалпы, ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде құрмамен немесе сумен және т.б.тағаммен ашқан дұрыс. Бұл жайлы бұрын да жазылып, айтылды.

Сондай-ақ Тарауих намазы 16-мамырдан бастап, жасиқ намазынан кейін оқылады, одан кейін үтір уәжіб намазы жамағатпен оқылады.Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, айт күніне дейін беруге болады. Бірақ бірінші он күндігінде берген сауапты. Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша пітір садақасының құны – 300 теңге.

Көпшілікке мәлім, жылда Оразадан кейін Ораза айт мейрамы басталады. Биыл ол 15 маусымға келіп тұр. Айт намазы облыс орталығында сол күні таңертең 7:30-да оқылады.

Ораза ұстаған азаматтардың есінде болар, жәйттер Оразаға ниет: «Алла Тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».

Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре гөр!»

Биыл Ораза ұстауға тілек білдірген мұсылман бауырларымызға Рамазан айы құтты болсын. Ол сіздердің шаңырақтарыңызға тек қуаныш пен бақыт алып келсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.

1

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қостанай облыстық мешітінің ұйымдастыруымен „Қазақстан-Қостанай„ телеарнасының баспасөз клубында алдағы Рамазан айына байланысты брифинг болып өтті.

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты

Онда алғашқы сөз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Сансызбай Шоқановқа берілді. Мәртебелі дін қайраткері Оразаның жай-жапсарына кеңінен тоқталды.

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты

Ол Рамазан рухани айы екендігін тілге тиек етіп, оның денсаулыққа, адамгершілікке тікелей тигізетін ықпалы мен пайдалы жақтарын баяндап, Ораза ұстаған жанды ұстамдылыққа, ізгілікке тәрбиелейтін тұстарында баса айтты.

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты

Сонымен қатар адам бойындағы жаман қылықтар мен әдеттерден аулақ болуға шақыратындығын еске салды. Ораза бойы жетім-жесір, кембағал жандарға қолдан келгенше қайырымдылық пен мейірімділік таныту сауапты іс болатындығын да жасырмады.

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты

Сансызбай Құрбанұлынан кейін облыстық мешіттің наиб имамы Сейіт Нұрқанов Рамазан айының ерекшеліктері, талаптары және ұстанымдарын мәжіліске қатысушыларға орыс тілінде жеткізді.

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты

Осы басқосуды облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Тәжімбет қорытындылай келіп, өткен жылы өңірде бір ай бойы іскер және қалталы азаматтардың қолдауымен облыстағы 37 мешіттің аумағында ауызашар ұйымдастырылғанын, биыл да осы игі дәстүр жалғасын табатындығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ баспасөз мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа жиналысында биылғы Ораза кезінде берілетін пітір садақаның көлемі әр адамға шаққанда 300 теңгені құрайтындығы да айтылды.

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Барша ғаламды жоқтан бар қылушы, бізге ризық-несібемізді беруші, нығметтерінің ең ұлысы Ислам, иман нығметтерін нәсіп қылушы және бізді мұсылмандардан етіп жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қияметке дейін ізгілікте ерген әрбір момын мұсылманға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемдері болғай.

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – рамазан айы. Биылғы жылы рамазан айы мамырдың 17-нен бастау алады. Жыл сайын асыға күткен қасиетті рамазан айына жеткенімізге Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Барша мұсылман бауырларды рамазан айының келуімен құттықтаймын. Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылу қажет. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді»-деген (Имам Бухари). Ұлы ғұлама ғалым Хафиз ибн Раджаб: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің сүйікті сахабаларын рамазан айының келуімен құттықтайтын»-деген. Бұдан байқайтынымыз адамдардың бір-бірін рамазан айының келуімен құттықтау, шариғатымызда құпталған амал екендігіне негіз болмақ. Салман Фариси атты сахаба (р.ғ.) былай дейді: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) шағбан айының соңғы күндерінде айтқан құтбасында бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау – басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл  ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл  ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылуына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан, соның алатындай сауабына ие болады»,- деді. Иә, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмау үшін мүмін барын салады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Егер адам баласы рамазан айының не екенін лайықты түрде түсіне білсе, бір жылдың бастан-аяқ рамазан болуын қалар еді»,-деген.

Бұл ай жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани күйде іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу қажет. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау нағыз немқұрайлылықты білдіреді. Алла Тағала адам баласының сенімін арттырып, еркіндікті сезінуге, өзіне-өзі бақылау жасауына және нәпсісін тыю үшін осы рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Себебі, тиісті міндеттерді дұрыс орындау арқылы ауыз бекіткен кісі, өзін-өзі тәртіпке шақырып, харам істерден тыйылады. Нәтижесінде, ондай адам жиіркенішті әрекеттерден арылып, жақсылыққа бет бұрады.

Исламның бес парызының бірі – рамазан айында ораза тұту. Сондықтан да дінімізде оған ерекше мән беріледі. Себебі, ол сенімнің бір бөлігін құрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ораза – шыдамның жартысы, ал шыдам - сенімнің жартысы»-деген. Оразаны басқа ешқандай құлшылықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, Алла Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Адамның барлық жақсы, хайырлы істерін Алла он есе, тіпті одан да жоғары бағалайды. Бірақ ораза не үшін тұтылған болса, сол үшін сауабын, сыйын молынан беремін»-деп айтқаны белгілі. Сондықтан ораза қарсаңында алғаш ауыз бекіткісі келетін бауырларымызға тағы да Алла Тағаланың осы бір үкімін естеріне сала кеткім келеді.

Алла Тағала оразаны бұрын өткен Пайғамбарлардың (ғ.с.) қауымдарына парыз еткеніндей, пайғамбарымыз Мұхаммадтың (с.ғ.с.) да үмбетіне, яғни біздерге де рамазан айында бір ай ораза ұстауды парыз етті. Бұған байланысты Құран Кәрімде былай делінген: «Ей, иман келтіргендер! өздеріңнен бұрыңғыларға ораза ұстау міндет етілгендей, сендерге де ораза тұту парыз етіледі. Мүмкін тақуалыққа қол жеткізерсіңдер» (Бақара сүресі, 183 аят).

Енді осы айдың туғанын көре тұра оразаға кіріспеген жан күнәһар болып есептеледі. Өйткені ол Алла Тағаланың әмірін орындамай, оған жүрдім-бардым, салғырт қараған. Ал мұндай жүгенсіздік Жаратушы Хақ Тағаланың ашу-ызасын тудырып, қаһарына ұшырауға себеп болуы ықтимал. Өйткені аталмыш аятта иман келтірген әрбір жаннан егер сол айға аман-сау жетсе, ораза тұту талап етілді. Ал Алланың әмірін екі етуге болмайды. Дініне салғырт-салақ болып, соның себебінен ғибадаттан, Раббымыздың рахымына жеткізетін үлкен нығметтерден мақұрым қалып жүрген мұсылмандарды Жаратқан Ие тура жолға бастасын.

Ораза алғаш рет қай уақытта парыз болды

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) және мұсылмандардың Меккеден Мединеге көшуін «хижра» деп атайды. Осы жылдан бастап мұсылмандардың – хижра жыл санауы бастау алады. Сол хижраның 2 жылы Шағбан айының соңғы күнінде Алла Тағала мұсылмандарға рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Сол уақыттан бастап, барша мұсылман қауымы жыл сайын рамазанда бір ай бойы ораза тұтып келеді.

Ораза тұтатын айды толық түсіндіріп, баяндау үшін, Алла Тағаладан мына аят нәзіл болды: «/Сендерге/ санаулы күндерде /ораза тұту міндеттелді/. Ал сендерден кім ауырып қалса не жолаушы болса, онда /ұсталмай қалған оразаның қазасын/ басқа күндерде өтесін. Ораза тұтуға қиналатындар /қарт кісілер, жазылмайтын ауруға шалдыққандар/ фидия ретінде бір міскінді тамақтандырсын. Ал кім /өз еркімен/ қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін хайырлы. Егер білсеңдер ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы. Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол және ақиқат пен жалғанды ажыратудың анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген. Сендерден кім бұл айда болса, ораза ұстасын. Ал кім ауырып қалса немесе жолаушы болса онда /ұсталмай қалған оразаның қазасын/ басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік қалайды, Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Әрі санын толтырыңдар және Алланы ұлықтаңдар – сендерді тура жолға салғаны үшін және шүкір етулерің үшін». ( Бақара сүресі, 184 аят)

Оразаны парыз ететін шарттар:

Рамазан айындағы оразаның үкімі - парыз айн (адамның жеке өзіне міндет болған парыз).

1. Мұсылман болу. Ораза ұстау – мұсылман болған әрбір ер мен әйел кісіге парыз.

2. Балиғатқа толу. Балиғат жасына толмаған сәбиге оразаның парыздығы міндеттелмейді.

3. Ақыл-естілік. Есі оралмайынша, жындыға, жарымеске, мас адамға, комадағы кісіге ораза парыз емес.

Оразаны атқаруға қабілетті қылатын шарттар:

1. Денсаулық. Науқас кісіге ауырған күндері, ораза кезінде жүкті немес емізіп жүрген нәрестелері бар әйелдер және жолаушыға сапар күндері ораза ұстамаулары рұқсат етіліп, кейін жағдайлары жеңілдегенде сол күндердің қазасын өтеулері – парыз. Жалпы ауру-сырқаты жазылмайтындар, денсаулығы ауыз бекітуді көтермейтін, жасы келген қарттар – ораза ұстамаса да болады, бірақ олардың дәулеті жеткілікті болса, тұтпаған оразасына фидия береді. Фидияның мөлшері Құран Кәрімде былай деп баян етілген: «Шамасы келмейтіндер /қарт кісілер, жазылмайтын ауруға шалдыққандар/ ораза ұстамаса, бір кедейдің бір күн тоятындай тамағын беріп тұруына болады. Ал оны белгілеген мөлшерден артық беретіндері болса, өзі үшін жақсы» (Бақара сүресі, 184 аят).

Өйткені, өмірлік жазылмайтын ауруға душар болған кісілер және ауыз бекітуге шамасы жоқ қарттар оразаның қазасын өтемейді. Егер дәулеті болмаса, фидия да төлемейді. Ханафи мазһабының негізін салушы Имам Ағзам Әбу Ханифа былай деген: «Оразаның абзалы – кісінің өзіне зиян тимеуі».

2. Тұрғылықты болу.

3. Әйел кісінің хайыз бен нифастан тазаруы. Бұл күндері атқарылмаған намаз бен оразаның айырмашылығы – намаздың қазасы өтелмейді, ал оразаны өтеулері – парыз.

Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар

1. Ниет.

2. Оразаның бұзылмауы.

Біле тұра жеп-ішпеу. Ұмытып жеп-ішкен кісінің оразасы бұзылмайды.

Біле тұра жұбайына жақындаспау. Кім бұны ұмытып істеп қойса, оразасы бұзылмайды.

Өзін-өзі құстырмау. Құсық өзі келсе, ораза бұзылмайды. Алайда кім өздігінен келген құсықты біле тұра жұтса, мысалы, адамдардан ұялғанынан жұтса және құсық ауыз толтырарлық көлемде болса, онда оразасы бұзылып, кейін сол күннің қазасын өтейді.

3. Негізсіз болмауы.

Кәпір кісінің ораза ұстауы негізсіз.

Етеккір не нифас күйдегі әйелдің ораза тұтуы негізсіз.

Оразаның мұстахабтары (әдептері)

Мұстахаб дегеніміз істесе сауап таптыратын, істемесе күнәсі жоқ амалдар. Олар мыналар:

1. Сәресі. Таң қараңғысында ниет етіп, дәретін алып, сәресіге тұру. Оның уақыты: түн жарымы ауғаннан таңсәріге дейін. Пайғамбарымыз бұл жайында:

«Сәресіге тұрыңдар! Шынында, сәресі ішуде көп береке бар»-дегн, яғни ниет етіп, сәресіге тұру мол сауапқа кенелтеді.

2. Ауыз ашуға асығу. Ораза тұтқан кісіге күн батқаннан кейін немесе ақшам намазының азаны айтылғаннан кейін бірден ауыз ашу сауапты іс. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Ораза тұтқан кісі мүмкіндігі болса, аузын құрмамен, болмаса таза сумен ашсын». Демек, құрма табылған жағдайда құрмамен ауыз ашқан сауаптырақ болады.

3. Күнделікті ауыз ашқан кезде және ораза айы бойы тілек-дұғалар жасау. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әлбетте, ораза тұтқан кісінің ауыз ашқандағы дұғасы (тілегі) қайтарылмайды, яғни тоқтаусыз қабыл етіледі»-деген.

Оразаны бұзатын істер

1. Күндіз ораза ұстап жұргенін біле тұра себепсіз тамақ ішіп, жеу.

2. Күндіз еркек пен әйелдің жақындасуы. Егер кімде-кім, ораза екенін біле тұра күндіз себепсіз әдейі ішіп-жеп немесе жыныстық қатынас жасайтын болса, оған айып ретінде кәфарат төлеу немесе ораза қазасын екі есе өтеу міндеттеледі. Кафаратты өтеу үшін бір құлды азат ету немесе алпыс міскінді тойдыру не екі ай бойы ораза тұту қажет.

Ал кімде-кім, ораза уақытында ораза екендігін ұмытып, білместікпен күндіз тамақ ішіп-жеп қойса, оған қазасын өтемейді және кәфаратын төлемейді. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім, ораза екендігін ұмытып, ішіп-жеп қойса, Алла Тағаланың ол кісіні тамақтандырғаны». Ішіп-жеп қойған соң ораза екені есіне түскен кісі, оразасын одан әрі жалғастыруы қажет.

Егер кімде-кім, жүрегі айнып, лоқсып құсса немесе байқаусыздан аузына бір нәрсе кіріп кетсе (мысалы: дәреттің суы, шыбын-шіркей) т.б. бірақ тек үзірмен оразасын тоқтатпастан жалғастыра береді.

Рамазан айының артықшылығы

1. Рамазан – сынақ айы. Адам баласы бұл айда өз нәпсісін тыйып, жаман нәрседен, яғни ғайбат сөйлеуден, ауыр күнә жасаудан, жала жабудан аулақ болып, жақсы нәрселерге, яғни өзін сабырлыққа, шыдамдылыққа, тақуалыққа тәрбиелеуі керек. Ораза адам баласы мен Ұлы жаратушының арасындағы сыр. Кісінің ораз тұтып жүргені бір Аллаға ғана аян. Сондықтан Исламда иманның, сенімнің жоғары тұратындығы осыған дәлел. Әлдебіреу ораза тұтқан адамның көңіліне тиіп, балағаттаса, ауыр сөз айтып, қол жұмсағысы келсе, әлгі аузы берік кісі: «Мен оразамын»,-деп үш мәрте айтуы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бір кісі келіп: «Ей Алланың Елшісі (с.ғ.с.)! Маған айтыңызшы, қай амалды істесем, жұмаққа кіремін?»-деп сұрапты. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Оразаң сені алып кіреді»-деп жауап береді. Әлгі кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, тағы да әлгі сұрақты қойған уақытта жоғарыдағы жауабын қайталапты.

2. Рамазан – кешірім айы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кімде-кім ауыз бекітсе, Алла Тағала оның істеген күнәларын кешіреді»-деген. Сондықтан да Алла Тағала бұл айдың бір түнін қасиетті де қадірлі етті. Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған түні Алла Тағаладан алғаш рет Құран аяттары түсті. Сол себепті бұл түн «Қадір түні» деп аталады. Ол түннің игілігі мың айдан да артық. Ол түнде Алланың әмірімен бүкіл періштелер және Жәбірейіл періштенің өзі де жерге түседі. Ораза тұтып, Жаратушы Жаббар Иесін еске алғандардың барлығының тілектерін Алла Тағала қабыл етіп, сол түні таң атқанша Алланың пенделеріне сыйлаған сәлемі, бибітшілігі, тыныштығы жалғасады. Бұл жайт Құран Кәрімнің Қадір сүресінде кеңінен баяндалған.

3. Рамазан – тақуалық айы. Оразада адам тән қалауларын тәрбиелеп, нәфсінің құлы болып кетуден өзін азат етеді. Ауызды астан ғана емес, жаман сөздерден, ғайбаттан тыйса, көзді харамға қараудан, құлақты харам нәрселерді естуден тыяды. Көп ұйқы мен көп тамақтану иманның әлсіреуіне алып келеді. Тамақты қажетті мөлшерінен асырып жеу – адамның зейінін бұзады, ар-Рахманға бойұсынуда денені ауырлатып, адамдағы шайтанның жолдарын азықтандырады. Сондықтан, ораза ұстаған адамның әрі денесі, әрі рухы тынығады. Ең бастысы адамның қас дұшпаны болған нәфсіні тазартып, Раббысына жақындай түседі.  Себебі, адам үшін ең ұлы күрес – ол нәфсімен болатын күрес екенін Алла елшісі де (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ескертіп кеткен еді. Нәфсіге тойтарыс беріп, көркем мінезділікке, тақуалыққа қадам басу – мүміннің жеңісі болмақ. Сондықтан да, біз қадірін түсінгенше зулап өте шығатын Рамазан айындағы зор нығметтерден құр қалмайық, ағайын! Алла Тағала Рамазанның әрбір сәтінен өз үлесімізді алып, жұмақ қақпаларынан жүзіміз жарқын болып кіруді нәсіп еткей!

Олай болса, қадірменді мұхтарам жамағат! Алла Тағала алдымызда келе жатқан мүбарак Рамазан айын және ұлық Қадір түнін баршамызға құтты қылып, Осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!

Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН ОРАЗАСЫ МЕН НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Миләди 2018 жыл – хиджри 1439 жыл

(Қостанай қаласы үшін)

1

ЕСКЕРТУ:

Биыл, яғни 2018 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы 29 күн.

17-мамыр қасиетті Рамазан айының 1-ші жұлдызы.

1. Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.

2. Маусымның 11-нен 12-не қараған түн (26-27 Рамазан) қасиетті – Қадір түні.

3. Ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде құрмамен немесе сумен және т.б.тағаммен ашу керек.

4. Тарауих намазы 16-мамырдан бастап, құптан намазынан кейін оқылады, одан кейін үтір уәжіб намазы жамағатпен оқылады.

5. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, айт күніне дейін беруге болады. Бірақ бірінші он күндігінде берген сауапты. Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша пітір садақасының құны – 300 теңге.

6. 15-маусым жұма күні – Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Қостанай облысы бойынша барлық мешіттерде сағат 07:30-да оқылады.

7. Оразаға ниет: «Алла Тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».

8. Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдынғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре гөр!»

Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», – деген.

Демек, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты. Аталмыш мекеме 16 мамырда астрономиялық құралдар көмегімен жаңа айды көруге болатынын мәлімдеді.

Осыған орай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: «17 мамыр – рамазан айының бірінші күні», – деген шешім қабылдады.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником