Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 27 Август 2018 10:49

Қашарда Құрбан айт мейрамы аталып өтті

Қашарда Құрбан айт мейрамы аталып өтті

Жақында мұсылмандардың ұлы мейрамы Қасиетті Құрбан айт мейрамы Рудный қаласы Қашар кенті «Кәмшат ана» мешітінде жоғары дәрежеде аталып өтті.

Қашарда Құрбан айт мейрамы аталып өтті

Мешітке жиналған жамағат айт намазы оқылған соң Алла разылығы үшін құрбандық шалды. Осындай мейрам күні барша жамағат көтеріңкі көңіл күйде бір-бірін құттықтап жақсы тілектер білдірісті.

Қашарда Құрбан айт мейрамы аталып өтті

Шалынған құрбан еттері жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Сондай-ақ мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында спорттық ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді. Соңында барша жиналған жамағат мейрам құрметіне жайылған дастарханнан дәм татты.

Қашарда Құрбан айт мейрамы аталып өтті

Қашарда Құрбан айт мейрамы аталып өтті

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Облыстық мешітте жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздегі «Мектепке жол» акциясы аясында «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық шарасы болып өтті.

Қостанайда «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық акциясы

Оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет ашты. Ол өз сөзінде биылғы Құрбан айт мейрамының қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараның аса маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Қостанайда «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық акциясы

Үстіміздегі жылы жаңа оқу жылы алдында облыс бойынша мешіттерде 400 ден аса оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киім-кешек берілді.

Қостанайда «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық акциясы

Биылғы осынау қайырымдылық шарасының ойдағыдай жүзеге асуына елімізге белгілі «Уақып» қоры, облыстық мешіттің демеушілері, кәсіпкерлер өздерінің лайықты үлесін қосты.

Қостанайда «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық акциясы

Аталмыш жүздесуде бас имам өздерінің демеушілігімен көзге түскен бірқатар азаматтардың аты-жөндерін атап, оларға шынайы лебіздерін білдірді.

Қостанайда «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық акциясы

Ерекше қуанышқа бөленген ұл балалардың бірі - Нұрасыл Исламбек бізге былай деді:

-Мен биыл Қостанай шаһарындағы №9 орта мектептің 5 сыныбына барамын. Бүгін бізді мешітте жинап, өздерінің қамқорлығы мен шынайы ықыластарын танытқан өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлына және басқа да демеушілерге шексіз ризамыз.

Қостанайда «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық акциясы

Бір үйде он баламыз. Маған сөмке тапсырылды. Құрбан айт мерекесі қарсаңында өзімізге құрмет көрсеткен барша азаматтарға Алланың нұры жауа берсін.

ҚМДБ-ның Қостанай облысының өкілдігінің баспасөз қызметі

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти

МЕЙІРІМНІҢ МЕРЕКЕСІ – ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛҒАЙ!

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірменді қауым!

Баршаңызды исі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Әр отбасына амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт – күллі мұсылман үмбетінің екі ұлық мерекесінің бірі. Біздің халқымыз бұл мейрамды сан ғасырдан бері ерекше қадірлеп, айрықша атап өткен. Айтулы мейрамда ағайын-жұрт бір-біріне «құрбан айт құтты болсын, айт қабыл болсын» айтып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған.

Көрші мен туысқанға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз.

Аллаға шүкір, салтынан жаңылмаған жұртымыз тәуелсіздік жылдарында айтты тойлау дәстүрін қайта жаңғыртып, оны халықтық деңгейде атап өтуге мүмкіндік алды. Елбасының игі бастамасымен елімізде құрбан айттың құрметіне демалыс жарияланып, бұл мейрам барша ұлт пен ұлысты бірлік пен ізгілікке үндейтін халықтық мерекеге айналды.

Әсілінде «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді. Өйткені, қасиетті Құранда Хақ Тағала: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атап өткен.

Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал мүмкіндігі жоқ адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Бұл қасиетті күнде мүмкіндігі жоқ, тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беріп, оларға қуаныш сыйлау – сауапты іс.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой, ешкі шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні кеш батқанға дейін шалуға болады. Құрбандық еті ағайын-туысқа, көршіге, тұрмысы төмен отбасыларына таратылады.

Айт күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, айт намазына қатысу – мұсылмандық міндет. Айт намазына әдемі, таза киіммен барған абзал.

Құрметті отандастар!

Құрбан айт – кешірім мен мейірімнің, қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі. Айттың құрметіне ізгілік пен кеңшіліктің жолын ұстанып, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасап, қамкөңіл жандарға сыйлық берудің сауабы мол. Осы ретте барша отандастарымды ел игілігі үшін жасалатын қайырымдылық акциялары мен сауапты іс-шараларға атсалысуға шақырамын.

Алла Тағала шалған құрбандықтарыңыз бен игі амалдарыңызды қабыл еткей. Қасиетті Мекке қаласында халқымыздың бірлігі мен берекесін сұрап, дұға жасап жатқан отандастарымыздың тілегі мен қажылығы қабыл болғай! Әмин!

Құрбан айт құтты болсын!

2018 жылдың 21 тамызы - Құрбан айттың бірінші күні

Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты төмендегідей:

1. Астана қаласы - 07:00
2. Алматы қаласы - 07:00
3. Алматы обл. - 07:00
4. Ақтөбе - 07:00
5. Ақмола - 07:00
6. Атырау - 07:30
7. Ақтау - 07:15
8. БҚО – 07:15
9. Жамбыл - 07:00
10.Қарағанды - 06:30
11.Қостанай - 08:00
12. Қызылорда - 07:30
13. Шымкент - 07:00
14. Талдықорған - 07:00
15. Павлодар - 07:00
16. ШҚО - 07:00
17. СҚО - 07:00
18. Семей – 07:00
19. Жезқазған – 07:00
20. Түркістан облысы - 07:00

Құрбан (араб тілінде) – «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

Құрбан шалудың пайдалары мен хикметтері

а) Алла Тағаланың әмірлерін орындау әрдайым ризашылығына жақындатып, ақыретте сыйсыяпатына кенелтеді. Құрбан шалу да Алла Тағаланың арнайы әмірі болғандықтан бұл әмірді ықыласпен орындаушы Раббысының ризашылығына қауышып, ана дүниеде жүзі жарқын болып, мол сауабына шомары сөзсіз. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар».[1] Пайғамбарымыз басқа хадистерінде Алла ризашылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы үшін сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген: «Сахабалар Расулімізге :

– Уа, Алланың елшісі, құрбандық деген не? – деп сұрақ қойды.

– Құрбандық – сендердің Ибраһим бабаларыңның сүннеті, – деді.

– Одан бізге қандай сауап бар?

– Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.

– Қойдың жүнінен ше?

– Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады».[2]

Шындығында, Алла Тағала біздің шалған құрбандарымыздың ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Біздің шалған құрбандарымыздың еті немесе қаны Алла Тағаланың құзырына жетпейді. Бірақ біздің оның әмірін ләббайк деп орындауымыздағы ықыласымыз бен ниетіміздің Алла Тағалаға жетіп, ризашылығына себеп болары сөзсіз. Бұл шындықты Құран Кәрім былай деп баяндайды:

«Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Алла Тағалаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді».[3]

ә) Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбарымыздан жалғасып келе жатқан сүннет. Иә, Ибраһим пайғамбарымыз Алла Тағалаға берген сөзінде тұрып, бауыр еті баласы Исмайылды Ұлы Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш етіп, қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу сол бір ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.

б) Адам баласы Құрбан айтта құрбан шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.

в) Руханияттан алшақ болған мына материалдық дүниенің қыспағында қалып, тарыққан ішкі дүниеміз бен көкірек сарайымыз құрбан айттағы шалынған малдардың өзендей аққан қандарын әр-әр жерден көрген уақытта психологиялық тұрғыдан әсерленіп, бойындағы ауырлықтан жеңілдеп, көкірегіндегі қайғы-қасіретін ұмытып, адами табиғатында болатын ыза, кек, дұшпандық сияқты сезімдерден арылып, өне бойы жеңілдеп, сергіп қалады.

г) Жаратылысында өзімшілдік, сараңдық сияқты кейбір жаман сипаттардың дәнегі бар жалпы адам баласы құрбан айтта тек қана Алла Тағаланың ризашылығы үшін кедей бауырларына жәрдем беру арқылы аталмыш болымсыз сипаттардың дәнегінің түбін балтамен шауып, оның орнына бойындағы бауырмалдық, жомарт, кішіпейіл сияқты кәмілдіктің белгісі саналатын сипаттар дәнегінің өніп-өсіп, жетілуі үшін су себеді.

д) Дүние жүзінде жылына миллиондаған мал сойылуда. Бірақ бұл сойылған малдың еттерінен көптеген кедей-кепшік мақрұм қалуда. Міне, құрбан айтта осы кедей, жағдайы нашар адамдардың жүзіне күлкі кіріп, шаттық байрағы желбірейді. Бір адамның көңіліне шаттық беріп, жүзіне күлкі кіргізу қандай бақыт... Алла Тағала ақыретте бәріміздің жүзімізді жарқын қылып, көңілімізді шаттандырсын! Әмин!

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі

Ханафи мәзһабында Құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.

Уәжіптігінің дәлелдері:

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал»[4] – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді. Пайғамбарымыз :

«Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған.

Әрине, бұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек. Пайғамбарымыздың : «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған құрбан шалу – Ибраһимнің жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.

Құрбан шалу кімдерге уәжіп?

Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек.

1) Мұсылман болу

2) Құрбан айт уақытында жолаушы болмау

3) Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес.

Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.

Құрбан шалудың уақыты

Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты Құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А'зибтің риуаяты бойынша:

«Алла елшісі:

«Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын – ісіміз намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес».

Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», – деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.

Құрбандыққа шалуға болатын малдар

Тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал. Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.

Бірігіп құрбан шалу

Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде шала алады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.

Құрбандыққа жарамайтын малдар

Пайғамбарымыз құрбандыққа жарамайтын мал турасында: «Соқырлығы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық малдар құрбандыққа жарамайды»,[5] – деген. Ханафи мәзһабының ғалымдары хадисте айтылған құрбандыққа жарамайтын малдардағы кемшіліктерге қиас (салыстыру) жолымен басқа да кемшіліктерді қосқан. Ол кемшіліктер мыналар:

Бір көзі соқыр

Сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде әлсізҚұлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген

Тістерінің көбі түсіп қалған

Емшектерінің басы жұлынып қалған

Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған

Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды ниет еткен кедей адамның сатып алған құрбанында бір кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті құрбан шалуы уәжіп болмаған кедей адам, бойында кемшілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуына болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы – нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.

Құрбан шалуда өкілдік

Құрбандық малын мүмкіншілігі болса, мойнына уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы мол. Бірақ басқа біреуге өкілдік беруіне де болады. Құрбан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немес хат сияқты жолдармен өзінің орнына басқа адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал» деп айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып шалады. Әлидің Пайғамбарымыздың орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят бар.

Құрбан малы қалай шалынады?

Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау – мәкрүһ. Ал, қинамай сою – сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді:

«Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын».[6]

Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:

«Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ».

Одан кейін:

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһилхамд» – деп, тәкбір айтып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деп бауыздалады.

Тек қана құрбанның иесінің ғана «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» – деуі керек. Әдейі ұмытпастан «Бисмиллаһ» деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, Алланың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам. Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек. Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру–мәкрүһ.

Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына қалдыра алады. Алла Тағала Құран Кәрімде құрбанның еті турасында былай дейді:

«Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер»[8]

Пайғамбарымыздың шалған құрбанының етін қалай таратқандығы турасында Ибну Аббас былай деп риуаят етті:

«Пайғамбарымыз шалған құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын».

Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату – мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды. Хз. Әлидің былай дегені риуаят етілді: «Алла Елшісі түйелер құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін таратуымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз», – деді.[9]

Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге болады.

Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма?

Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, құрбандық міндеті мойнынан түспейді.

Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола ма?

Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен Құрбан айт күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетімен шалған құрбанының етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.

Понедельник, 13 Август 2018 13:46

ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТ 21 ТАМЫЗДА БАСТАЛАДЫ

news image 14682

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлайды.

Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал.

Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады...» делінген.

Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Вторник, 28 Май 2019 11:58

Икрам Бақытжан

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы

 

Икрам Бақытжан, 1965 жылы 02-қыркүйекте Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев совхозында дүниеге келді.

1972-1982 жж. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев совхозының орта мектебін оқып бітірді.

1983-1985 жж. Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1992-1994 жж. Өзбекстан республикасы, Қоқан қаласында хужрада оқыды.

1994 жылдың 03- қазанынан бастап, Қостанай облыстық мешітте найб имам қызметін атқарады.

1999-2014 жж. Мыржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша сырттай оқып тәмәмдады.

2008 жылы ҚМДБ-ның жолдауымен Пакистан республикасының халықаралық «Дағуа» академиясында 2 ай білімін жетілдірді.

2013 жылы Алматы қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру инстиутында 3-ай білімін жетілдірді.

2014-2016 жж. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін «Дінтану» мамандығы бойынша сырттай оқып тәмәмдады.

2004, 2016 жылдары қажылық парызын өтеді.

Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосты. Бұл жиында облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өткен Рамазан айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жасалатын істерді талқылады.

Облыс әкімінің құрмет грамотасы

Кездесуде Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Абдиев Сапар қатысып, Діни қызметкерінің этикасын сақтау туралы баяндама жасады.

Облыс әкімінің құрмет грамотасы

Сонымен бірге Қостанай облысы бойынша «Зекет қоры» өкілі Құрбанов Мұстафа қажы таныстырылып, алдағы атқарылар жұмысы талқыланды.

Облыс әкімінің құрмет грамотасы

Сондай-ақ осы басқосуда қоғамдағы келісі мен төзімділікті нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар дін қызметкерлері Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Олар облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы, Рудный қаласының бас имамы Азамат Серікбайұлы, Арқалық қаласының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, Жітіқара ауданының бас имамы Мейіржан Қапарұлы.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Июнь 2018 13:57

Алғыс хаттармен марапатталды

Быйылғы жылғы Рамазан айы Қостанай облысының 15 мешітінде ерекше өтті. Олай деуге себеп осы мешіттерде Тарауық намаздарын қасиетті «Құран кәрімді» жаттаған қарилар өткізіп халықтың ықыласына бөленді.

Алғыс хаттармен марапатталды

Соынң ішінде Жітіқара ауданының «Ержан Тәтішев» мешітінде ұлты араб ия кәдімгі араб Мұхаммад Абдулазиз өткізді. Ол осы Рамазан айында мешітке келіп, араб тілін және Құранды жақсы оқығысы келген шәкірттерге сабақ берді. Ораза айт мерекесінде Мұхаммад Абдулазиз ұстаздан дәріс алған жамағатқа мешіттің бас имамы М. Бердіғожиннің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Алғыс хаттармен марапатталды

Жалпы, бұл марапатқа Ораза бойы ұстаздың дәрістерін тыңдаған кісілердің арасында ер азаматтар аз болған жоқ.

Алғыс хаттармен марапатталды

Сондықтан да бас имам оларды құттықтай отырып, отбасыларына береке-бақыт, ынтымақ-бірлік, мол несібе тіледі.

Ислам дініне ден қойып, қасиетті Оразаның өз деңгейінде өткізілуіне атсалысқан барша ағайынмен мешіттің бас имамы Мейіржан Қапарұлына тек ғана ізгілік тілейміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысының өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Июнь 2018 13:53

Мешітке жеңіл көлік сыйлады

Мешітке жеңіл көлік сыйлады

Қостанай облысының Таран ауданындағы «Әйет» мешітінде жергілікті халық үшін есте қаларлық үлкен оқиға болды. Осынау өңірдегі «Фаворит Голд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Илья Гребенок қасиетті Рамазан айында үлкен азаматтық көрсетті.

Мешітке жеңіл көлік сыйлады

Ол халыққа адал қызмет көрсетіп келе жатқан аудандық мешітке «Lada Granta» жеңіл көлігін тарту етті. Көліктің кілтін белгілі дін қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзинге салтанатты түрде табыс етті.

Мешітке жеңіл көлік сыйлады

Осындай игілікті іске мұрындық болған аудан әкімі, дін жанашыры Қуандық Еспергеновке Алланың нұры жауа берсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.

Мешітке жеңіл көлік сыйлады

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Июнь 2018 13:48

Жітіқарадағы қайырымдылық шарасы

Жітіқарадағы қайырымдылық шарасы

Жақында Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде Ораза айттың құрметіне мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ күн көрісі төмен отбасыларға қайырымдылық мақсатында азық-түліктер тегін таратылды.

Жітіқарадағы қайырымдылық шарасы

Іс-шара басында сөз сөйлеген бас имам М. Бердіғожин осындай игілікті істі ұйымдастыруға атсалысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Аталған шара барысында 24 мүгедек бала, 65 мүмкіндігі шектеулі жан және 13 күн көрісі төмен отбасыға көмек көрсетілді.

Жітіқарадағы қайырымдылық шарасы

Аталған мешітте мұндай қайырымдылық мақсатындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Жітіқарадағы қайырымдылық шарасы

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником