Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 11 Февраль 2019 11:50

Қайырымдылық - ізгі қасиет

Қайырымдылық әр мешіттің күнделікті айналысатын жұмысының бірі. Сондықтан да Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің қызметкерлері қайырымдылық шарасына айрықша көңіл бөледі.

Мәселен, жуырда осы киелі орынның қызметкерлері демеушілердің арқасында 3 отбасыға ет, балалар үйіне азық түлік, Астана медресесінің шәкіртіне ақшалай көмек берді.

Міне, осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасынтаба бермек. Өздеріне көмек көрсеткен жандарға алғыс білдіргендер аз емес.

Жітіқара аудандық „Ержан Тәтішев„ мешіті осындай нақты істерімен өзге аудандар мен қалалардағы әріптестеріне де үлгі-өнеге көрсетуде.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 08 Февраль 2019 15:24

Тағылымы мол бейсенбілік шара

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде аптаның әр бейсенбі күні мешіт жамағатымен құптан намазынан кейін жүйелі түрде жиын өткізу дәстүрге айналды.

Бұл жиынның алдына қойған мақсаты мешіт жамағатының арасындағы қарым-қатынасты, бауырмалдықты, ынтымақпен бірлікті арттыруға, сондай-ақ теріс ағымның алдын алу үшін жамағаттың діни сауаттылығын көтеруге бағытталған.

Жалпы, бұл шараның келушілер мен қатысушыларға берері мол екендігін уақыт көрсетіп отыр. Оның барысында хадис жаттау және хадистің арабша, қазақша және орысша мәтіндері жамағаттың қолдарына беріледі.

Басқа да тағылымы мол жайлар басты назарда ұсталады. Шара соңында Құраннан бірнеше аят жамағатпен қайталап оқылып, көпшіліктің тәжуйд біліміне деген сұранысы қамтамасыз етіледі.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 08 Февраль 2019 14:04

Мектеп оқушылары мешітте болды

Рудный қаласы Қашар кенті «Кәмшат ана» мешітіне қасиетті жұма күні мектеп оқушылары келіп, біраз жайды көңілдеріне түйді.

Олар мұнда қайырымдылық мақсатында жұмыстар атқарып, алғысқа бөленді.

Мәселен, шәкірттер аталған мешіттің айналасын тазартып, киелі орынның іші-сыртына айрықша көңіл бөлді. Жиналған қарларды күреп, игілікті іс тындырды.

Содан кейін Рудный қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Ерлан Өмірбекұлы өскелең ұрпақ өкілдеріне насихат айтып, оларға алдағы уақытта да оқуда табыс тіледі.

«Жас келсе іске» демекші, өңірдегі барша оқушылар жастайынан бойларына қайырымдылық секілді асыл қасиеттерді сіңіріп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп жатса нұр үстіне нұр емес пе.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында қасиетті жұма күні «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітіне «Малый Чураков» ауылының тұрғыны Елена Жевалюкова келіп, өзінің Ислам дінін қабылдағысы келетінін ниетін білдірді.

Себебі, оның отағасы марқұм мұсылман еді.Оның ұлдары қазаққа үйленіп, қыздары біздің жергілікті ұлтқа тұрмысқа шыққан. Құдалары да қазақтар.

Өмір көрген өзге ұлт өкілі қазақтың барлық салт-дәстүрлерін берік ұстанады. Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Ерік Ыбырай оған Ислам жайлы жан-жақты түсінік берді.


Ислам дінін қабылдаған Елена Жевалюкова мешітке жиналған жамағат пен куәлардың алдында Калима Шаһадатты айтты. Бас иамам оған батасын беріп, «Дін мен дәстүр» кітабының орысша нұсқасын сыйға тартты.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Среда, 06 Февраль 2019 02:00

Мен жастарға сенемін

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Елбасымыздың 2019 жылды жастар жылы деп жариялауына байланысты «Мен жастарға сенемін» атты мәдени, рухани кеш болып өтті.

Шараның мақсаты - жастардың патриоттық рухын оятып, олардың бойында отаншылдық сезімін қалыптастыру. Аталған игі іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Күлзада Мырзағалиева қатысты.

Ұлағатты ұстаз басқосуда «Жастар жылы» тақырыбында дәріс оқыды.Кеш барысында арнайы көрсетілді.Мешіттің наиб имамы Дүйсен Дайыр «Ұлттық рух-жастар кепілі» деген тақырыпта өз ойын ортаға салды.

Бұл аса маңызды кездесуде Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушыларыөз студенттерімен бірге келді.Онда қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деп аталатынкөпке белгілі өлеңі оқылып, қонақтар арнайы дайындалған дастарханнан дәм татты.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 04 Февраль 2019 14:20

Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың – демекші, жастар жылы аясында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мен қалалық спорт бөлімі бірлесе отырып, жуырда «Шынықсаң шымыр боласың» атты 8-9 шы сынып оқушылары арасында шаңғыдан жарыс өткізді.

Қаладағы «қосымша білім беру» мекемесінің алдында жарыстың арнайы ашылуы өткізіліп, мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев сайыстың мақсатын түсіндірді.

Балалардың денсаулығын, белсенділігі мен батылдықтарын байқау арқылы нығайту, сөйтіп спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі ойларын айтып өтті.

Жарыстың ашылуына қала әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілі, жастар ресурстар орталығының басшысы А.Ахметжанов, спорт бөлімінің басшысы А.Маликов қатысты.

Аталмыш сайысқа әр мектептен талапкерлер үлкен дайындықпен келгендігін көрсетті. Жарыстың қорытынды бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 01 Февраль 2019 01:49

«Ислам бала көзімен»

Қарабалық ауданының «Ғашура ана» мешіті аудандық Мұхамеджан Сералин атындағы № 3 қазақ орта мектебі оқушылары арасында сурет салудан сайыс ұйымдастырды.

Аталмыш сайысқа 1 мен 7 сынып аралығындағы 20-дан аса оқушы қатысып, өздерінің бағын сынаған болатын. Онда дайындығы мықтылар мен талант деңгейі жоғарылар ерекше көзге түсті.

Сонымен, жарыс қорытындысы шығарылды. Арнайы құрылған мешіт алқасының анықталып, марапатталды.

I орынды 2 сынып оқушысы Дилназ Абилова, II орынды 5 сынып оқушысы Қайсар Аубакиров, III орынды 7 сынып оқушысы Амина Серікболатова жеңіп алды.

Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Серік Темірбекұлы жүлдегерлерге шығармашылық табыс тілеп, сыйлықтар табыс етті.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Елбасымыздың ұсынуымен 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда «Рудный құрылыс және көлік колледжінде» ата-аналар жиналысы болып, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы шақырылды.

Аталмыш ата-аналармен басқосудың басты мақсаты - қазіргі кезеңдегі еліміздің болашағы болып табылатын жастардың қоғамдағы орны мен тәлім-тәрбиесіне үлкен мән беру, діни сауаттылықтарына айрықша көңіл бөлу.

Жастар – кез келген қоғамның келешегі және қозғаушы күші. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білімі мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына әбден байланысты. Жастар — біздің жарқын болашағымыз. Оларға жіті көңіл бөлу, тәрбиелеу — дін қызметкерлері мен басшылардың негізгі міндеттеріне жатады.

Осыған орай, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы жастардың діни сауаттылығына тоқталып, олардың алдағы уақытта басқа ағымдардың жетегінде кетпеуіне, ата-аналардың үлкен жауапкершілік танытулары қажет екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ ол сөз барысында қазақтың затына да, дәстүріне де сай келмейтін діни ағымдардан аулақ жүру қажеттігін еске салды. Басқа да өзекті мәселелерді баяндады.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 29 Январь 2019 11:07

Жітіқарадағы рухани кеш

Ұлы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) туған күніне арналған рухани танымдық кеш Жітіқара қаласындағы Мәдениет үйінде болып, оған күннің салқындығына қарамастан халық көп жиналды.

Осынау игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және қала, аудан мешітерінің бас имамдары қатысты.

Игі іс-шара пайғамбарымыздың дүниеге келуін насихаттайтын «Мәуліт сүйінші» атты бейнероликті көрсетуден басталды. Облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы құран оқып, дұға жасады.

Одан кейін облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, пайғамбарымыздың өмірбаяны туралы уағыз-насихат айтты. «Ержан Тәтішев» мешітіне белсенді көмек көрсетіп жатқан кісілерді өкіл имам марапаттады.

Сондай-ақ аталмыш басқосуда жиналған қауым Жітіқара қаласына арнайы келген ақындардың айтысын тамашалады. Онда өңір мақтанышы Айбек Қалиев пен Мамай Ізтелеуов тұшымды жырларымен баршаны тәнті етті.

Аудан әкімі атынан оның орынбасары Сәлім Нұрланұлы жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтап, қазақтың салты бойынша айтыскерлердің иығына шапан жапты.

Арқалық қаласынан келген жас әнші Дінмұхамед Торғайбай діни илаһи орындаса, аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері «Қарттар үйі» атты тағылымы мол қойылым көрсетті.

Сонымен қатар, діни термелер де орындалды. Жітіқара ауданының бас имамы Мейіржан Қапарұлы айтулы мейрамды ұйымдастыруға атсалысқан барша қауымға шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ іс-шара соңында жамағатқа дастарқан жайылды.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 28 Январь 2019 17:42

Рудный: «Садақа – береке кілті»

Қасиетті Жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде тағы бір берекелі іс-шара ұйымдастырылды. Айтап айтар болсақ Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлірі қаламыздың бір қатар жомарт жандарынмен бірлесе отырып жұма намызына келген жамағатқа ас таратты, сондай-ақ мешіттің ақсақалдарына дастархан жайып үлкендердің батасын алды.

«Садақа – береке кілті» дегендей, адал тапқан нәпақасынан қайырымдылық жолына жұмсап, халыққа ас беріп, жұмыстарына береке тілеген кәсіпкерлер, алдағы уақытта да мешіт қызметкерлермен тығыз байланыста болып осындай қайырымдылық іс-шараларына өз септіктерін тигізетінін сөз етті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады». Сондықтанда осындай Алла жолына жасалған қайырымдылық пенденің рыздығын асырып, жұмысының берекесін арттырады.

Бүгінгі болған шараға барша жамағат өз разылықтарын білдіріп, жоғары буын ақсақалдарымыз өздерінің батасын беріп, елімізге береке мен бірлік тіледі.

ҚМДБ-ның Қостанайц облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником