Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 18 Февраль 2019 12:37

Университетте махаббат күні

Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы қаламыздағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ветеринария және мал шарауашылығы технологиясы факультетінде студент жастармен кездесу өткізді.

Осы кездесуде қазіргі таңда жастар арасында «махаббат күні немесе валентин» аталып жүрген мерекенің халқымыздың салт-дәстүріне жат екенін айтты. Сонымен бірге бұл дініміз Исламда да құпталмайтынын айтып өтті.

Студент жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарын тыңдап, тұшымды жауап берді.

Жастар жүздесудің соңында мұндай тағылымы мол жиындар алдағы уақытта да жалғасып тұрса деген ұсыныс пікірлерін білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 18 Февраль 2019 12:32

ДІН ЭКСТРЕМИЗМІ

Науырзым ауданының «Жамбыл» орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оны жүргізген аталмыш білім ордасының тарих пәнінің мұғалімі Жанат Едірісова 9 сынып оқушыларымен бірге дайындаған діни экстремизм бағыты туралы мағлұмат айтты.

Ашық сабаққа арнайы шақырылған аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі әдіскер Серікбай Ақжол діни теріс ағымның жолына түсіп, адасқан азаматтың аянышты тағдырын баяндайтын бейнебаянды көрсетті.

Содан кейін сөз алған аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы адасушылыққа жетелейтін теріс ағымдар туралы, олардың шығу тарихын, мақсат мүдделері туралы баяндады. Ислам діні туралы мағлұматты тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни басылымдардан, мешіт имамдарынан алу керектігін түсіндірді.

Жалпы, адаспау үшін дін жөніндегі сауаттарын ашып, оқып ізденулері керектігін естеріне салды. Ашық сабақ соңында ұстаз бен шәкірттер келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, мұндай кездесулер мен басқосулардың берері мол екендігін айтты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызме
Понедельник, 18 Февраль 2019 12:14

«Тәлімгер тағылымы»

Қостанай облыстық мешітінде адамзаттың асылы Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың өмірі жайында «Тәлімгер тағылымы» атты байқау болып өтті. Бұл байқауға жалпы 74-тен аса адам қатысты

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – тест сұрақтарын белгілеу бойынша өткізілді. Онда Пайғамбарымыз ﷺ және оның саңлақ сахабалары жайында 100 сұрақ болды.

Осы бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 13 қатысушы барлық 100 сұраққа және 19 адам 99 сұраққа дұрыс жауап бергені анықталды.

Екінші кезең викторина түрінде ұйымдастырылды. Әділқазылар алқасы қатысушыларға Пайғамбардың ﷺ өмірбаянына байланысты қосымша сұрақтар қойды.

Байқауда бірқатар кісілер ерекше көзге түсті. Мәселен, – І орынға Гүлжихан Есенжолова, ІІ орынға Зухра Ұлыбай, ІІІ орынға Нияз Құдайбергенов ие болды.

Рудный және Қостанай аудандық мешіттерінің әйелдер жамағаты тиянақты дайындықтармен келгендерін танытты. Сонымен қатар Қостанай облыстық және қалалық мешіттердің шәкірттері де Алла елшісініңﷺ өнегелі өміріне жан-жақты қаныққандарын көрсетті.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 15 Февраль 2019 14:13

«Иманды жастар – ел болашағы»

Жақында Жангелдин аудандық "Оспанқожа әулие" мешітінің ұйымдастыруымен Нұрхан Ахметбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Жастар жылы» аясында «Иманды жастар – ел болашағы» атты рухани кеш өткізілді.

Осынау кештің арнайы бағдарламасы жасалып, жастар тәрбиесінің маңыздылығы насихатталды.

Онда «Ғасырлар пернесі» ансамблінің өнерпаздары асқақтата ән шырқап, күмбірлете күй шертті. Сондай-ақ сахна шеберлері мән-мағынасы зор қойылымнан үзінді ұсынды.

Жиналған жұртшылық алдында мешіттің сәулетін арттыруға ат салысқан жандарға ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы шынайы алғысын білдірді.

Сонымен қатар демеушілік көрсеткен азаматтарға Алғыс хаттарды тапсырып, уағыз айтты.

Ал аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев жастарға рух беретін тілектерін жеткізді. Кештің соңында көпшілік қауымға «Дәмді» дәмханасында дастархан жайылып, онда ақсақалдар бата берді.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 14 Февраль 2019 13:05

Қостанай – мейрімді қала

Көпшілікке мәлім, ақпан айының екінші аптасында жалпы Солтүстік өңірде күн аязды болды. Ол адамдардың жүріп-тұруын қиындатты. Сол кездері Елордамыздағы барлық мешіттерде «Астана – мейрімді қала» жобасы аясында біраз ізгілікті шаралар жүзеге асырылды.

Осы жобаны үлгі тұтқан Қостанай облыстық және қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қостанай – мейрімді қала»-«Тегін такси» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Сөйтіп сауабы мол ерекше бастаманың шеңберінде жерлестеріміздің суықтан қалмауы үшін тоңып тұрған жолаушыларды үйлеріне жеткізіп салу мақсатында қайырымдылық таксилері қызмет көрсетті.

Сондай-ақ тамақтандыру жайы да қаралды. Жаны жомарт жандардың бұл ізгілікті істеріне тәнті болған қостанайлықтар қос мешіттің имамдары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 14 Февраль 2019 12:51

Сертификат табысталды

Қостанай облысы орталығындағы қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде екі айлық сауат ашу курсында діни білім алған шәкірттерге сертификат табысталды.

Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылған жұмыс.

Осы екі айлық оқу кезінде шәкірттерге «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Тәджуид» пәндерінен білім берілді.

Жұма намазының алдында облыстық мешіттің наиб имамы Тимур Туребаев дәріс алған түлектерге ізгі тілегін білдіріп, сертификаттарды табыстады. Сол мешіттің Бас имамы Шоқан қажы аруақтарға бағыштап Құран оқыды.

Ал қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа арнайы жасалған құрт көжеден дәм татып тарқасты.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 14 Февраль 2019 12:43

Діни жат ағымның залалы

Жақында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «2019 жыл Жастар жылы. Діни жат ағымның залалы» деген тақырыпта кездесу ұйымдастарылды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты - еліміздің болашағы жастарды діни жат ағымнан сақтандыру. Осындай маңызы зор басқосуға ҚР Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры М.Қызылов мырзаның қолдауымен арнайы жетекшілер мен бірге 40 студент, яғни болашақ заңгерлер қатысты.

Осы жиынға ұйытқы болған «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Дархан Қосылбаев қатысушыларға бейнеролик көрсету арқылы өзінің сөзін бастады. Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Әбішев «Дін саласындағы мемлекеттің саясаты» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Діни мәселелерді зерттеу орталығының кеңес беру-оңалту жұмыстары бөлімінің басшысы Әсет Нұғманов «Деструктивті діни ағым болмысы мен қауіпі» тақырыбында айтып өтті.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 12 Февраль 2019 12:38

Науырзым ауданының игі шаралары

Науырзым ауданының Шилі және Шолақсай ауылдарында Ұлы Мұхаммед (ﷺ) пайғамбарымыздың туған күні құрметіне арналған мерекелік шаралар болып өтті.

Онда Шилі ауылының молдасы Жұмағали Төпішұлының бастамасымен, ауыл әкімі, мектеп ұстаздары және оқушылар белсенді ат салысты.

.

Ал «Шолақсай» ауылында кештің ұйтқысы ауыл молдасы Ерғалиұлы Сержан жас та болса осы ауылдың рухани жетекшісі, дін жолын уағыздап жүрген азамат. Сержан молданың бұл бастамасын ауыл жастары, мектептің ұстаз-шәкірттері қолдап, мерекенің жақсы өтуіне үлестерін қосты.

Аталмыш жиындарда аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы көпішіліктің алдында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өмірбаяны және оның көркем мінезі туралы уағыз айтса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары басқосудың ажарын аша түсті.

Рухани кеш соңында Мәулітке келген барша мұсылман жамағатқа дастархан жайылып, ауыл ақсақалдарының ақ баталарын берді.

Ал көптеген игі шараларға демеушілік жасап жүрген ел ағасы Ихтиләпов Өмірзақ тілегін айтып, ақ батасын берді. Онда елді өзі демеушілік жасап, күрделі жөндеуден өткізген ғибадат үйі Намазханаға келуіді, намазхан-жамағат болуға шақырды. Сонымен қатар ауыл молдасы Сержанға өз есебінен еңбек ақы тағайындалғанын хабарлады.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 12 Февраль 2019 10:43

Иманды жас – ел болашағы

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне ерекше кө-ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау.

Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастардың иманды да ибалы болуы. Ғалымдар: «Елдің ертеңін білгің келсе, бүгінгі жастарына қара»-деп айтады екен. Жастар қашан да елдің тірегі, жарқын болашағы.

Асыл дініміз Ислам да әрдайым жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін көрсетіп, оның тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырады.

Себебі дұрыс бағыт алған жастар үмметтің үмітін ақтайды. Ал, керісінше тәрбиесі ақсаған жастар дұрыс пен бұрыстың арасын ажырата алмай, сағы сынады. Міне, осындай жастар тәрбиесіне үлес қосу мақсатында, жастар жылы аясында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті «Иманды жас – ел болашағы» атты рухани кеш өткізді. Кештің арнайы бағдарламасы құрылып, жастар тәрбиесінің маңыздылығы насихатталды.

Жастарды рухтандыратын кешке ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы қатысып, тұшымды уағыз айтса, қала әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров жастарды жігерлендіре тілегін айтты. «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Аманкелді Ахметжанов та осындай мағыналы кешті ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізді.

Ғибратты ән-жыр, терме мен күй орындалды. Бұл кештің ең айтулысы «Мейірімділік – асыл қасиет» атты сахналық қойылым болды. Ол театрға жиналған үлкен-кішілі қауымға үлкен ой салды.

Бұл қойылымда отбасының тәрбиесі, жанұя мүшелерінің иманнан нәр алған көркем мінездері, қаншалықты қиындыққа душар болса да, сабыр ете білулері, сондай-ақ отбасындағы ер азаматты жоғары санап, құрмет тұтуы секілдіаса маңызды жайлар жөнінде айтылды.

Адам бойында болатын игі қасиеттердің бірі ол – Мейірімділік. Мейірімділік – өмірдің мәні. Адамның бір-біріне деген мейірімі арқылы өмір қалыптасады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Алла тағала мейірімді болған құлдарын мейірімге бөлейді. Олай болса, сендер жер бетіндегілерге мейірімді болыңдар, көктегілер сендерге мейірім жаудырсын!»-деген.

Кешті жүргізген ақтаңгер ақын, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты педагогика және филология факультетінің деканы Айбек Қалиев тәрбиеге байланысты мазмұнды әңгімелерімен жиналғандарды терең ойға жетеледі.

Бір жұп айтыс болып, ақындардың да қозғаған тақырыбы бүгінгі жастар тәрбиесі не арналды.

Рухани кешті ұйымдастырушы Арқалық қалалық мешітінің бас имамы кешті қорытындылай келе, бес уақыт намаздан қалмайтын мешіттің тұрақты жамағатының бірі Серік Қуандықұлын ортаға шақырды.

Серік мүмкіндігі шектеулі жан болса да, бес уақыт намазын ешқашан қаза етпейді. Үнемі мешітте жамағатпен бірге оқиды.

Осы бауырымызға Алла деніне саулық берсін деп қасиетті Құран кітабын хадия етті. Мұндағы мақсат басқа қол-аяғы сау бола тұра, мешітке қадам баспай, жалқаулық танытатындарға ғибрат болсын деген ой жатыр еді.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником