Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Жақында қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде көпке үлгі боларлық қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Онда арнайы сойылған соғымның еті көмекке мұқтаж қала тұрғындарына таратылды.

Мешіттің Бас имамы Шоқан Ғазизұлы келгендерге жылы лебізін білдіріп, демеушілерге шынайы алғысын жеткізді. 

Бір айта кетерлігі, мешіт қызметкерлері азаматтық танытып таратылған етті әрбір отбасына жеткізіп те берді.

Мұңдай ұмытылмас қайырымдылық шаралар барлық мешіттерде жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болары хақ.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 31 Декабрь 2019 09:35

Қайырымдылық көмек көрсетілді

Жақында өңіріміздің Жангелдин ауданының орталығында тұратын Саят Нысағалидың қайғылы жағдай баршамыздың қабырғамызды қайыстырды.

Оның отбасында тілсіз жау – өрттің кесірінен сол кезде анасы, жұбайы және екі баласы қайтыс болған болатын.

Ол бала шағасын өрттен құтқарамын деп жүргенде денесін өрт шалып күйіп қалған болатын. Алайда ол да жұма күні жаны бақилық болды.

Бұл жағдайды естіген қалың жұртшылық бейжай қарай алмады. Облысымыздағы барлық аудан және қала мешіттерінің ұжымдары «Көп түкірсе, көл болар» демекші, қайырымдылық мақсатында 1 миллионнан астам қаржат жинап, әр намазда тілекші болды.

Осы жиналған қаражатты Жангелдин ауданының бас имамы Рүстем Әмірханов өрттен зардап шеккен шаңырақтың туған-туыстарына арнайы барып тапсырды. Сөйтіп, дін қызметкерлері де күтпеген жерден болған апатқа немкетті қарай алмайтындығы мен жоғары адамгершілік қасиеттерін көрсетті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пятница, 27 Декабрь 2019 13:36

Бақытты отбасының қоныс тойы

Өтіп бара жатқан жыл өңіріндегі дін қызметкерлері үшінде есте қаларлықтай болды. Оның ішінде баспаналы болып қуанышқа кенелгендер де баршылық.

Солардың бірі – жаста болса терең білім және іскерлігі арқасында әріптестері  арасында құрметке бөленген Дархан Исламбекұлы. Ол Жайлаубай ата атындағы Қостанай қалалық мешітінде найб имам болып қызымет атқарады.

Елдін ыстық ықыласына  ие болған дін қайраткері жуырда үлкен қуанышқа кенелді. Шаhарымыздағы Юбилейный шағын ауданынан үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлады.

-Отбасым бұл қуанышты көптен күткен еді. Осылайша 2019 жыл біздің есімізде мәңгілік қалды,-дейді Дархан Исламбекұлы бізбен болған әңгімесінде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пятница, 27 Декабрь 2019 13:24

Қостанай: Рухани кеш

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде көпшілікке ой салар шара болып өтті. Бұл басқосу ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен 2019 жылы 23-ші қазандағы ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған айрықша тұжырымдамаға байланысты «Жеті рухани қазық» атты рухани кеш еді.

Жиынға зиялы қауым өкілдері мен зейнеткерлер, Қостанай мемлекеттік университеті, сондай – ақ, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Кеш басында қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан Әмірханов барша жұртшылыққа шынайы алғысын білдірді.

Онда сөз зергері, ақын, жазушы, драматург, филология ғылымдардың кандидаты Ақылбек Шаяхмет көпшілікке өз тілегін арнап, өлең оқыды. Жерлестеріміз оны ұйып тыңдады.

Айтулы шарада бірқатар тақырыпта Қостанай қалалық «Жайлаубай атай мешітінің наиб имамдары: Мейрамбек Жетесов, Бақберсін Ізбасаров уағыз-насихат айтып, жиналғандарды дән риза етті.

Жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев терең білім көрсеткен жамағатқа «Тәпсір тұнығы» деп аталатын құнды еңбегін сыйға тартты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 17 Декабрь 2019 12:04

«Әз пайғамбар хақ жолы» рухани кеші

Арқалық қаласы бойынша биылғы Мәуліт мерекесі қараша айында бастау алған болатын. Шаһардағы және ауылдық мешіттерде шәкірттер мәуліт қасидаларын оқып, салауаттарын айтты.

Жуырда қазақ жасөспірімдер театрында «Әз пайғамбар хақ жолы» рухани кеші болып өтті. Жиын мешіттің шәкірттерінің салауат әнімен басталды.

Қала әкімі Қайрат Тынымбайұлы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

Одан кейін сөз алған мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Ардақты пайғамбарымыз, сондай-ақ салауат айтудың маңызы туралы және жастар арасындағы тәлім-тәрбие, ұлттық рухани құндылықтар жайында баяндады.

Басқосуда «Ананың қадірі» атты сахналық қойылым көрсетілді. Театр әртістері өз рөлдерін шеберлікпен орындағандықтары соншалықты, көрермендер көздеріне жас алды. Өйткені отбасындағы ынтымақ-бірлік, ерлі-зайыптылар, ене мен келін сыйластығы, анаға деген құрмет хақында сөз болды.

Сонымен қатар күйлер мен жыр-термелер орындалды. Бас имам бірқатар дін қызметкерлеріне алғыс хаттарды табыс етті. Олардың қатарында Жаңақала ауылында ұзақ жыл қызмет еткен Жақсылық Рақманқұлұлы ақсақал, Фурманов елді мекенінде 17 жылдан бері имамдық етіп келе жатқан Нұрхан Асанұлы және қалалық мешіттің ұстаздары Арлан Бауыржанұлы мен Бахытбек Сәндібекұлы бар.

Кеште «Жастар ресурстық орталығының» директоры Аманкелді Ахметжанов «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» жайлы әңгімеледі.

Жиынға үлкенді-кішілі қауым көп келді. Басқосудың соңында Арқалық қалалық «МухтасибӘлмұхаммед» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Мәуліт мерекесін өткізуге белсене атсалысқан демеуші азаматтар мен кеш жүргізушісі, көпке танымал ақын Айбек Қалиевке шынайы алғысын жеткізді.

Мәуліт мерекесінің құрметіне «Сайора» мейрамханасында «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 12 Декабрь 2019 17:53

Рудный: Ел болашағы

Жақында «Иманды жастар - Ел болашағы» бағдарламасы аясында Рудный қаласы қарасты «Кәмшат ана» мешітінде өңірдегі мешіт шәкірттері арасында «Білім сайысы» атты жарыстың екінші кезеңі өткізілді.

Бұл сайысқа жоғарыда аталған шаһардың «Нұр», Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», Қостанай қалалық «Жайлаубай ата», Қашар кенті «Кәмшат ана», Лисаков қаласы «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіттерінің шәкірттері қатысты.

Жарыста «Фикһ», «Ақида», «Мәзһабтар тарихы», «Сира» пәндерінен сұрақтар қойылды. Сайысқа қатысушылар терең білімі және белсенділіктерімен көзге түсті.

Сайыс соңында бірінші орын алған Рудный қалалық «Нұр», екінші орынды иеленген Қашар кентіндегі «Кәмшат ана», үшінші орынды жеңіп алған Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешіттерінің шәкірттеріне қаржылай сыйлықтар мен марапат қағаздары табыс етілді.

«Иманды жастар – Ел болашағы» деп аталатын бағдарлама аясында ұйымдастырылған аталмыш білім сайысы талапты шәкірттердің рухани жағынан дамуына игі әсерін тигізетіндігі даусыз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 12 Декабрь 2019 17:51

Түйемойнақ: Жат ағымдардан сақ болу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серіқбай қажы Ораздың тапсырмасы бойынша жат ағымдардың алдын алу мақсатында Денис ауданының бас имамы Руслан Жиенбаев Гришинка ауылының және осы аудандағы №2 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам қазіргі дәстүрлі емес діни ұйымдар мен діни сауаттылық жайында қатысушыларға мол мәлімет берді.

Ол өз сөзінде: «Жат ағымдардан сақ болу үшін біз ақ пен қараны ажыра білуіміз керек,сауатты тек діни мамандардан алуымыз қажет.Сонда ғана біз жат ағымдарға тосқауыл қоямыз. Ислам дінінде терроризм, экстремизм жат ұғым» деді.

Бас имам жүздесу соңында оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының барлық мешіттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып табылады (бұдан әрі - ҚМДБ). Міне, осы аталған мешіттердің 2019 жылғы атқарылған жұмыстары қорытыланды.

Енді осы жүзеге асырылған істерге тоқталып өтелік.

Мәселен, өтіп бара жатқан жылы қызметіміздің бір бағыты болып табылатын Шариғат және пәтуа бойынша жұртшылық 423 сұрақ түсті. Оларға жазбаша, ауызша және телефон арқылы толыққанды жауап берілді.

Ал «Уағыз-насихат» мәселесінде 13 040 шара ұйымдастырылып, 253 333 адам қамтылды.

Жастар жылы аясында арнайы жоспар бойынша 187 іс-шара өткізіліп, оған 7 561 адам қамтылды. Әйел-қыздар секторын аясында қайырымдылық мақсатында 156 шара ұйымдастырылды, оған 1 728 адам қатысты.

Діни қызметтегі имамдарымыз түзету мекемелерімен де жұмыс істейді. Осы орайда 516 кездесу өткізіліп, 2 257 адам ақпаратпен қамтылды.

Атқарылған нақты жұмыстардың нәтижесінде теріс ағым жетегінде жүрген 18 адам дәстүрлі Ислам дініне бет бұрды.

ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарында Қостанай облысынан оқып жатқан шәкірттер саны 49. Үстіміздегі жылы облысымыздан діни оқу орындарына 14 талапкер қабылданды.

Өкілдік тарапынан тікелей қолдау көрсету арқасында Нұр-Мүбарак университетінде 2 шәкірттің оқу ақысы төленуде.

ҚМДБ тарапынан болған тапсырмаға сәйкес облыстық мешіттен 20 шәкіртке және қалалық мешіттен 15 шәкіртке арналған 2 қайырымдылық мекемесі жұмыс істеуде.

Облысымызда қайырымдылық мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес. Жалпы 471 шара өткізіліп, онда 11 683 адамға 28 960 691 теңгенің азық-түліктей және қаржылай көмегі жасалды.

Өткен Құрбан айтта 1 920 адамға 12 720 келі ет үлестірілді. Ал Рамазан айында 54 110-ға жуық адамға ауызашар берілді.

Сонымен қатар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 1000 балаға оқуға қажетті құрал жабдығы, киімі үлестірілді.

Жалпы алғанда, облыс бойынша 68 713 адамға 116 214 691 теңгенің қайырымдылық көмегі жасалды.

«Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында баспанаға мұқтаж 5 отбасына демеушілердің қолдауымен үй берілді.

Халал өнімдерін стандарттау бойынша өңірімізде «Халал» сертификатын 6 кәсіпорын алды, 9 қасапшыға рұқсат куәлігі тапсырылды.

Облыс көлемінде 30 мешіт, 26 намазхана халыққа қызмет көрсетуде.

Республикамызда және облыс көлемінде болып жатқан жаңалық, хабарлама, іс-шаралар туралы akmechet.kz сайтында жариялап отырамыз.

Жалпы, сайтымызды күніне орта есеппен 458, ал жылына 222 487 адам қарайды.

Әлеуметтік желілерде Instagram парақшамыз және Youtube каналымыз бар. Онда діни тақырыптардағы уағыздарымыз, жаңалықтарымыз жарияланып тұрады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником