Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Денисов ауданының бас имамы Руслан Маратұлы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесінің қарсаңында аудандық «Наше время» газетінің редакциясында болып, құттықтады.

Газеттің бас редакторына мешіт атынан алғыс хат тапсырылды. Бас имам өзінің сөзінде редакция қызметкерлеріне жергілікті мешіттің тыныс-тіршілігін баспасөз бетінде жариялап келе жатқандықтары үшін ризашылығын білдірді.

Ал өз кезегінде редакция басшысы А.Глоба алдағы уақытта да мешіт ұжымымен тығыз байланыста болып, бірге жұмыс істей беретіндіктерін айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 19 Июнь 2020 11:23

Тасаттықі

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешіті мен қалалық «Балалар көркемсурет мектебінің» ұйымдастыруымен “Көрікті қала” атты сурет салудан сайыс болып өтті.

Сайыс барысында балалар бірнеше топқа бөлініп, қаланың көрікті ғимараттарын қағаз бетіне түсіріп, қабілеттерін көрсетті. Бұл сайысқа 25 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Олар, негізінен, 12-14 жас аралығын құрады.Сурет салу кезінде барлық қатысушыларға тәттілер мен балмұздақтар таратылды.

Жиналғандар алдында мешіттің имамы Бектұрсын Уәлиев сайыстың мақсатын түсіндіре келіп: «Біздің негізгі көздегеніміз – дарынды балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін жетілдіру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы табиғи мүмкіндіктерін дамыту, жауапкершіліктерін нығайту,түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен ынтымақтастықты барынша арттыру» деді.

Сонымен қатар, бүгінгі бала-ертеңгі ұлт болашағы. Сондықтан келешегіміздің жарқын да баянды болуы, ұл мен қыздарымыздың қазіргі кезден бастап тәрбиелі, әдепті болып қалыптасуларына әбден байланысты екендігіне де жан-жақты тоқталды.

Әділ қазылар алқасы, яғни қылқалам өнерінің білікті мамандары балғындардың шығармашылығына лайықты бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.

Сайыс қорытындысында В. Лукьяненко I-ші, А.Боранбаева II-ші, М.Саулькина III-ші орындарды иеленді. Жеңімпаздарды Бас имам арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өңірдегі Рудный, Лисаков қалалары мен Майлин, Денисов, Жітіқара аудандарында кезекті іс-сапарда болды.

Ол аталмыш аудандар мен қалалар мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, карантин уақытындағы жұмыс барысы және қалыптасқан тәртіпке айрықша көңіл бөлді.

Сапар барысында жергілікті имамдар өздерінің атқарып жатқан істерін көрсетті. Сонымен қатар, алдағы уақыттарда жүзеге асырылатын жұмыстарына тоқталды. Маңызды жобалар жайында баяндады.

Облыстағы Майлин, Денисов аудандары мен Лисаков қаласындағы мешіттерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажеттігі айтылды. Ал Жітіқара ауданындағы «30 игілікті іс» жобасы бойынша қазылатын құдық орны және оған дайындық, сондай-ақ қала шетіндегі жаңа қорымның зираттың жұмыстарына да ерекше назар аударылды.

Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы жергілікті «Ержан Тәтішев» мешіті қызметкерлерініңел игілігі жолында тындырып жатқан істерін жоғары бағалап, оларға 30 мың теңге көлемінде қаржылай марапат жасады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Среда, 17 Июнь 2020 14:57

Тасаттық

Халқымыздың әдет ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Ол, әсіресе, жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Мұны барша халық біледі әрі жан-жақты түсінеді.

Таяуда өңірдің құрбандық шалынып, оған барлық мешіттердегі діни қызметкерлер имам-молдалар да атсалысты.

Ал құрбандық еті көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Содан кейін шариғат талаптарына сай Алла тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Нәтижесін елді мекендердегі халық сол мезетте ақ сезінді.

Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, үстіміздегі жылы егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын. Диқандардың еңбектері жанып, ырыс-берекелері арта берсін»- деп Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы да өзінің дұғасына қосты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Торғай өңірінде сапарда болып, біраз жайларға қанықты. Сол аймақтағы мешіттердегі атқарылып жатқан игі істерді көзбен көріп, жергілікті имамдармен жүздесті.

Алдымен ат басын Арқалық қаласына бұрып, осындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш шаһар мешітінің болашақта құрылысы басталатын асханасына ерекше көңіл бөлді. Бұл мешіт жанынан салынып, қолданысқа берілген мәйітхана хақында да білді.

Осы сапар барысында Амангелді ауданында да болды. Аудандық «Сатыбалды Ишан» мешітінің жұмысымен де танысып, жүзеге асырылып жатқан істерге назар аударды.

Кездесу кезінде мешіт жанындағы құрылысы жүріп жатқан мәйітхана жайында сөз болды. Ол аудан имамы Жандарбек Амирхамзиннің бастамасы және аудан әкімінің тікелей қолдауымен әрі аудан тұрғындары, кәсіпкерлердің демеушілігімен атқарылып жатқаны белгілі.

Бахытбек қажы Нұрғабылұлы аудан әкімі Әмірхан Асановпен болған сұхбатта мешітке қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Бас имам Жангелдин ауданында болғанда жергілікті «Оспан қожа әулие» мешітінің тыныс-тіршілігіне де айрықша назар аударды. Ауданда ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай «30 нысан» атты шараға байланысты Берік Бейсенғалиевтың демеушілігімен мешіт жанынан салынған асхананы көрді.

Сондай-ақ облыстың Бас имамы Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген киелі шаңыраққа арнайы барып, зиярат етті. Алаштың ұлы перзентінің әруағына құран бағыштады. Жергілікті ағайындармен кездесті.

Онан соң Торғай өңіріне сапарын Ақшығанақ ауылындағы «Шақшақ Жәнібек» мешітінде қорытындылады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пятница, 05 Июнь 2020 11:12

Түйемойнақ: Онлайн кездесу

Денисов ауданының бас имамы Руслан Маратұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді. 

Бұл келелі жүздесудің алға қойған негізгі мақсаты - тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, деструктивті діни ағымдардан жұртшылықты сақтандыру. 

Басқосуда бас имам дәстүрлі ислам құндылықтары жайында жиналғандарға жан-жақты және тағылымы мол мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің жарқын болашағы болып табылатын бүгінгі жасөспірімдерді, яғни жазғы демалысқа шыққан оқушыларды жат пиғылды діни теріс ағымдардан сақтандыру хақындакөкейде жүрген ойларын ортаға салды. 

Осынау кездесу өте әсерлі де мазмұнды өтті. Онда ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауаптарын алды. Жалпы, мұндай жүздесулердің қалың жұртшылыққа тигізер ықпал зор екендігін өмір дәлелдеп келеді. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 29 Май 2020 10:50

Қостанай: 2 500 миллион

Өткен қасиетті Рамазан айы кезінде Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті және оған дейін төтенше жағдай басталғаннан бері 300-ге жуық отбасына қайрымдылық жасады.

Аталмыш мешіт тарапынан ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында мешіт жамағатынан құралған «Еріктілер» тобы алғашқы 3 күнде 35 шаңыраққа жететін қаражат жинап, жалғыз басты аналар, көп балалы жанұяларға, үйінде мүгедектер кісі бар және жалғыз басты зейнеткерлерге жеткізді.

Екінші рет өткізгенде де 35 отбасына қайырымдылық жасалды. Мұнда әр рамазанда ауызашар беретін кісілер демеушілік жасады.

Үшінші акция ерекше ұйымшылдық өтті. Бұл кезде 50-ге жуық еріктілер қатысып, 70 отбасына қол ұшын берді.

Сондай-ақ, "Біз біргеміз - 4", "Біз біргеміз - 5", "Біз біргеміз - 6" қайырымдылық акциялары кезінде 120 отбасына азық-түлік үлестірілді.

Ал "Біз біргеміз - 7" рет өткізгенде өзге ұлт өкілдерінен құралған кәсіпкері белсенділік танытып, 35 отбасының қанышына себепші болды.

Жалпы, жоғарыда ұйымдастырылған 7 акция аясында 2,5 млн теңгеге жуық қаражатқа 260 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілгенін атап өту керек. Өйткені халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей. Осы шараларда демеушілік еткен азаматтарға Алла разы болсын деп Бас имам Шоқан қажы ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником