Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Среда, 23 Сентябрь 2020 14:35

30 мың ағаш отырғызу

Көпшілікке мәлім, үстіміздегі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толды. Бұл барша мұсылман қауымы  үшін үлкен мерейтой.

Сондықтан да болар, аталмыш басқарма 30 жылдыққа орай 30 мың түп көшет отырғызу жөнінде бастама көтерген еді. Бұл игі іс-шара еліміздегі барша мешіттердің тарапынан қолдау тапты.

Бүгін Қостанай облысының аудан мен қалаларындағы күллі мешіттердің имамдары мен жамағаттары таңертеңнен бастап имандылық ордаларының аулаларында жасыл көшеттер отырғызды.

-«Біздің ата-бабаларымыз «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын»,- деп босқа айтпаған. Себебі, отырғызылған көшеттер уақыт өте айналамызды көркейтіп, көгалдандырумен қатар жасыл желекке бөлейді емес пе.

Ал, экология жақсарған сайын адамдардың денсаулығы да нығаяды. Сондықтан мұны жете түсінген қостанайлық дін қызметкерлері мен жұртшылық  биылғы тал егу шарасына да белсене қатысып, ұйымшылдықтың нағыз үлгісін көрсетті.

Үстіміздегі жылы отырғызылған жас көшеттер ертең жапырағы жайқалған үлкен бәйтерекке айналады. Жаздың ыстық күндерінде жанға сая болары хақ. Бір жағы оның өмірімізді жалғастыратын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. тағылымды тәрбие болатындығы даусыз. Сөйтіп, олар жан-жағымыздағы көркем де көңіл-күйімізге ерекше әсер беретін табиғатты көздің қарашығындай сақтауға ықпалын тигізеді», - дейді Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пятница, 18 Сентябрь 2020 15:21

30 отбасына көмек көрсетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйғаруымен еліміз бойынша барлық өңірлерде «Көшпелі  керуен» атты қайырымдылық науқаны басталды.

Қостанай облыстық мешіті де осы игі шараны қолдап, қала бойынша 30 мұқтаж көп балалы аналарды, жағдайы төмен отбасыларды арнайы шақырды.

Оларға азық-түлік жөнінен көмек көрсетті. Бұл өзгелерге қай жағынан болсын өнеге болары даусыз. Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын таба береді деген үміттеміз.

Жоғарыда аталған мешіт ұжымы осындай қайырымы мол істерді насихаттауға да айрықша көңіл бөледі. Соның бір жарқын айғағы ретінде наиб имам Әлішер Ертайұлы қаладағы «Қазақстан-Қостанай» және «Алау» телеарналарына арнайы сұхбат беріп, қайырымдылық жайлы кеңінен әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 11 Сентябрь 2020 09:45

Жиында өзекті жайлар қозғалды

Таяуда Рудный қалалық «Нұр» мешітінде бас имам Бектұрсын Торғайбайұлының тікелей басшылығымен мешіт қызметкерлерінің жиыны болып өтті.

Онда күнделікті жұмыс тәртібі, қызметкерлердің мінез-құлқы, яғни келуші жамағатты дұрыс қарсы алып, кішіпейідік таныту, киім кию, сөйлеу әдебі, діни рәсімдердің өткізілуі жан-жақты айтылып, насихатталды.

Сондай-ақ қазіргі таңда әлемді жайлаған індетке байланысты мешітте санитарлық тазалықты барынша сақтау және оған айрықша көңіл бөлу жөнінде баяндалды.

Жиын барысында діни қызметкерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Мұндай кездесулер мен басқосулардың берер пайдасы қашан да зор екендігі белгілі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 11 Сентябрь 2020 09:43

Рудный: Тағылымы мол дәрістер

Жақында Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторының ұстазы Аяулым Ермекқызының ұйымдастыруымен мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру-үйрету дәрістері өткізілді.

Ол «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті.

Сондай-ақ қуыршақ манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіт әуретіне қарамау, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.

Дәріс соңында ұстаз Аяулым Смағұлова халыққа қызмет көрсету мақсатында кебіншілер тобын құрды. Тағылымы мол басқосудан кейін Дария қажы мен Зәуре апалар жастарға ақыл-кеңестерін беріп, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы мазмұнды әңгіме қозғады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 07 Сентябрь 2020 11:02

Қазақтың Бибіпатимасы Жамал апа

Ұрпағының ғана емес, ұлт тұтастығын тіктеуге жан-тәнімен күш-қуатын жұмсап, көңілінің шуағын бар-жоққа бірдей төккен асыл ана есімі көпке ортақ Жамал апа атанған Бибіжамал Мәлікқызының бұл өмірден өткеніне де көп уақыт өткен жоқ.

Жамал апаның көзі тірісінде жасаған қайырымдылық істері де көптің көңілінде. Оның республика көлемінде атқарған игі істеріне көпшілік куә болып, шарапатын сезінгендер жеткілікті.

Міне енді апамыз бақилық болса да артында қалған ұрпағы оның қайрымдылық істерін жалғастыруда. Бұл күнде Қостанай облысы бойынша 300 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 03 Сентябрь 2020 10:57

Қостанай: 75 ИВЛ аппараты

Еліміздегі қауіпті індетпен күресу әліде жалғасуда. Міне Қостанай облысының кәсіпкерлері және облысымыздың дін қайраткерлері белсенділік көрсетіп, өздерінің азаматтық борыштарына адалдық танытып келеді.

Өңірімізге танымал «Олжа Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен қала, аудан бас имамдар қауымы ұйытқы болып, 30 тыныс алатын оттегі аппаратын сатып алды.

Сөйтіп, олар өзге қандастарымызға жанашырлық танытып, «Бірлік бар жерде тірлік бар» екендігін іс жүзінде дәлелдеп, күллі жұртшылыққа өнеге көрсетті.

-Осындай қиын кезде халықтың жанынан табылу, оларға қолдан келгенше көмек көрсету саналы кісіге басты міндет болып табылады. Қазір облыс бойынша барлығы 75 оттегі аппараты сатып алынды. Осыған дейін 45 данасы берілген болатын. Енді міне тағы да 30 аппарат өңірдегі қала аудандарға жеткізілетін болады, -деді облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы екендігі белгілі. Соған орай «Қайырымдылық керуені» атты үлкен қайырымдылық шарасы жарияланған еді.

Міне, осы игі мақсаттағы шара аясында белгілі дін қайраткері, Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің тікелей басшылығымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Жалпы, көмекке мұқтаж 510 оқушыларға қажетті барлық құрал-жабдықтар (сөмке,смартфон,қағаз,қалам) сатып алынып, облыстық «Марал ишан» мешітіне әкелінді.

Оларды сатып алуға 3537000 теңге жұмсалды. Бұл мектепке баратын ұл мен қыздарды шексіз қуанышқа бөлейтін шараның жоғары деңгейде өтуіне республикалық «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Мейрам Жүсіпбеков, облыстық мешіттің қайырымдылық жөніндегі наиб имамы Бақытжан қажы Икрам және имамдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Бүгін яғни қасиетті Жұма күні облыстық мешіт алдындағы алаңда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы құрал-жабдықтар тиелген «Қайырымдылық керуеніне» сәт сапар тілеп, акцияның дер кезінде ұйымдастырылуына септіктерін тигізген имамдарға, демеушілік жасаған барша бауырларымызға шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ, келген журналистер қауымына акцияның мәні мен мақсатын түсіндірді. Еліміздегі әрбір бала жаңа оқу жылы басталғанда жүздері шаттықтан бал-бұл жанып, ерекше бақытты күйді бастан кешулері тиіс екендігін тебірене жеткізді.

«Қайырымдылық керуені» аймақтағы барлық аудандар мен қалаларда болып, құрал-жабдықтарды оқушыларға жеткізетін болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 13 Август 2020 15:16

30 игі шара: Әулекөлдегі көпір

Қостанай облысының Әулекөл ауданы орталығында айтулы шара. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жылдық мерейтойы шарасы аясында көпір қолданысқа берілді.

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мұндай игі шаралар мүфтияттың бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында орындалып жатқанын атап өтті.

Айта кету керек үстіміздегі жылы «30 игі шара» аясында елге тиімді және ыңғайлы құдық не жер асты суы колонкасы, бұлақ көзін ашу, баспанасы жоқ дін қызметкерлеріне үй беру, зират-қорымдарды қоршау секілді істер атқарылуда.

«Міне осындай игі іске атсалысып жатқан демеушілерге Алла тағала разы болсын. Осы Әулиекөлдегідей игі шаралар жалғасын таба берсін»-деп Бас имам Тәжімет Бахытбек көпірді халыққа және Әулиекөл селосы әкіміне салтанатты түрде табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 13 Август 2020 20:04

Науырзым: Бұлақ көрсең көзін аш

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен атқарылып жатқан шаралар аясында Қостанай облысының Науырзым ауданында бұлақ көзі ашылды.

Бұлақ Қараменді елді мекені жолына бұрыннан көзі ашылмай жатқан. Міне осы игі іске сол елдің азаматы Шолақсай ауылының басшысы Өмірзақ Ихтиляпов демеушілік етті. Осылайша бұлақ көзі ашылып өткен кеткен жолаушыларға ыңғайлы етіп жн жағы абаттандырылды.

Айта кету керек осы игі істе ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы, найб имам Әлішер Ертайұлы, Науырзым ауданының әкімі Талғат Тойшыбекұл келді. Сонымен бірге аудандық «Түркебай» мешітінің алқа мүшелері де куәгер болды.

Сансызбай Құрбанұлы бұлақ көзін ашу, көпір немесе жол салу тағы басқа халыққа жасалған істердің сауабы еш тоқтамайтындығы туралы айтты. 

Ал аудан әкімі Талғат Тойшыбекұл осындай игі шаралар елімізде көбейе берсе, біздің тарапымздан қолдау білдіреміз деп өтті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 10 Август 2020 13:42

Науырзым: Қамқорлыққа бөленді

Жақында еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің ұйымдастыруымен көршілес Ресейден алынған дәрі-дәрмектер жергілікті ауруханаға тапсырылды.

Сонымен қатар ауруханада ем алып жатқан кісілерге 50 литр қымыз жеткізілді. Осы қайырымдылық көмекке жаны жайсаң азамат Жанат Жеңсікбайұлы мұрындық болды.

Жанат бауырымызға ризашылығымызды білдіре отырып, оған Алланың нұры жауа берсін деген ең ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником