Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошан жергілікті Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның 6-7 сынып оқушыларымен кездесті.
Онда ол ұл мен қыздарға «Рамазан - мейірімділік айы»тақырыбында тағылымдық жағы мол насихат айтып, 15 оқушыға «Рамазан қоржыны» сыйлықтарын үлестірді.
Басқосудың соңында білім ордасының директоры Кемер Дамирұлы бас имам мен мешіт ұжымын оразамен құттықтап, шынайы алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті жұма күні Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Айбек Қабиев жергілікті политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.
Онда «Жастар ортасы деструктивті діни насихат үшін қолайлы нысан» деген тақырыпта әңгіме өрбіді. Жүздесу өте әсерлі өтіп, қатысушыларға үлкен ой салды.
Аталмыш мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да мұндай тәрбиелік маңызы зор басқосуларды өткізе беретіндігіне сенімдіміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен жұмада Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде имандылық ордасының жанынан асхана салу үшін оның алғашқы қазығы қағылды.
Бұл маңызды жиынға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Жәнібек Ғаббасұлы, кәсіпкерлер, жергілікті мешіттің бас имамы Нұрхан Асанұлы және мешіт жамағат ықатысты.
Жақын күндері осынау халық үшін аса маңызды асхана құрылысының жұмыстары толық басталмақ. Бұл қасиетті Рамазан айындағы қолға алынған игілікті іс болғалы отыр.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті Рамазан айында Денисов аудандық «Жұма» мешітінің мұрындық болуымен «Рамазан қоржыны» деген қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Осынау жиында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 10 отбасыға қолдау көрсетіліп, азық-түліктер үйлеріне жеткізіп берілді.
Онда мешіт имамы Руслан Маратұлы демеушілік еткен жомарт жандарға шексіз алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы № 4 Кейкі батыр атындағы орта мектепте Рамазан тәрбие айы тақырыбы бойынша кездесу өткізді. Онда уағыз айтып, оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді.
Осы танымдық-тағылымдық шараны ұйымдастырушы, тарих пәнінің мұғалімі МақсұтҒалымжанов имамға алғысын білдіріп, Рамазан айындағы атқарып жатқан барлық сауапты істерінде табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өңірде «Баталы құл арымас» демекші, жүрегі жомарт азаматтар қасиетті Рамазан айында имандылық ордаларына қолдан келген көмектерін аяп жатқан жоқ. Бұл өте құптарлық іс екені баршаға аян.
Жақында демеушілер Федоров ауданындағы «Жиентай қажы» мешітіне шаңсорғыш пен су жылытатын бойлер аристонды тарту етті. Әрине, мешіт қызметкерлері жанашыр бауырларымызға өздерінің шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.
Қайырымдылық танытқан кісілерге Алланың нұры жауа берсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қарабалық ауданындағы көпке танымал мекеменің бірі - «Зерновая индустрия» агрохоллдингі. Осы ұжым қасиетті Рамазан айының құрметіне күн көрісі төмен 17 отбасыға 20 000 теңгенің «Рамазан сыйы» сертификатын табыс етті.
Сертификат алған жанұя жергілікті «Гранд» сауда үйінен керекті азық-түлік алуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар 7 отбасына 1 қойдың еті таратылды. Сол күні кешке мешітіміздің асханасында дастарқан жайылып, ауызашар берілді.
Бұл мекеме үнемі қайырымдылық шараларына белсене атсалысады. Оған қарайтын «Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қасапханасына «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының сертификаты тапсырылды.
Осынау кәсіпорын мал союмен айналысады. Ол аталған «Халал» стандартымен жұмыс істеп жатқан аудандағы екінші кәсіпорын болып табылады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қарабалық ауданындағы Мұхамеджан Сералин атындағы №3 қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен деструктивті теріс ағымдардың алдын-алу мақсатында кездесу болып өтті.
Жергілікті «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Темірбекұлы оқушыларға теріс ағымдардың зардаптары, терроризм мен экстремизм жайында жан-жақты хабардар етті.
Сондай-ақ, ата - ананы сыйлау, ұстаздарға құрмет көрсету және өзекті мәселе суицид хақында сөз қозғады. Жүздесу соңында шәкірттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған тиянақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қаситеті Рамазан айының шапағаты мен шарапаты мол. Оразада жасалатын жақсылық пен ізгіліктің де орны қашанда ерекше екендігін біздің мұсылман бауырларымыз жақсы түсінеді.
Мәселен, таяуда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен «Берекелі Рамазан» деп аталатын қайырымдылық шарасы өткізілді.
Онда күнкөрісі төмен он бес отбасына азық- түлік таратылды. Олар мешіт қызметкерлеріне шынайын алғысын білдірді
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Берекелі Рамазан айында Қостанай облысы Майлин ауданына қарасты Елизаветинка ауылының тұрғыны, бес балалы ана Жанар Жүнісқызына «Зекет» қорының «Ел үлесі–пәтерге» атты жобасы бойынша 534-ші баспана берілді.
Осы баспананы табыстауға арналған салтанатқа облыстық «Марал ишан» мешіті жанындағы Зекет қорының өкілі Бақытжан Икрамұлы, Рудный қаласының бас имамы Бектұрсын Уәлиев және Майлин ауданының имамы Ислам Хамзин, аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов, ауыл әкімі Талғат Төлепбергенұлы және ауыл ақсақалдары қатысты.
Басқосуда аудан басшысы Қайсар Батырханұлы ардақты ананың қуанышына ортақтасып, кілем сыйлады. Ал, аудан имамы күнделікті тұрмысқа қажетті газплита мен екі төсеніш-кілемді табыс етті.
Жиында Нұрғали ақсақал ақ батасын берді. Көп балалы ана Жанар Жүнісқызы өзіне қуаныш сыйлаған азаматтар мен мешіт қызметкерлеріне алғысын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі