Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Ұзынкөл ауданына ресми сапармен келіп, аудандық мәдениет үйінде халық пен кездесті.
Ол осы кездесуде «Ислам – Ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында «Адамзатты бақытқа жетелейтін асыл дініміз – Ислам дініміздің маңызды деп қарайтын мәселелердың бірі адам баласының әрқашан қуаныш пен бөлек шаттықта болуы. Ал оның кілті ретінде ауыз біршілікті, ынтымақ пен бірлікті көрсетеді. Ынтымақ пен бірлік бар жерде бауырластық, бейбітшілік, молшылық, береке мен мейрімділік болатынын.
Ал қасиетті Құран аятарымен хадис шарифтерде бізді бөлініп ыдырамауға, тату болуға шақыратынын, Ислам діні кез келген дін өкіліне құрметпен қарайды . Мұсылманның міндеті өз ара ұрыс – керіс жасап өзгелерді діннен үркіту емес, керісінше бірлік – ынтымақты дамыту арқылы дінін кемшіліксіз түрде жеткізе білуді Ынтымақ пен бірлік аясында болатыны туралы уағыз насихат айтты.
Оан соң қойылған сұрақтарына жауап берді. Аудан хақы атынан ақсақалдар облыстың Бас имамына алтын уақытын бөліп, Ұзынкөл ауданына келіп уағыз насихат айтқанына ризашылығын білдірді.
Бахытбек қажы ресми сапарын арқарай жалғастырып Обаған ауылына да барды. Обаған ауылындағы жаңадап салынып жатқан мешіт құрылысын көріп, ауыл ақсақалдармен және салып жатқан азаматтармен кездесті. Мешіт құрлысына қолдау көрсетіп жатқан барша азаматтарға Бас имам ризашылығын білдіріп батасын берді .
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі